Сабақ №6 Тақырыбы : «Патогенді микобактериялар. Туберкулез және алапес қоздырғышы.» №6. Дәріс сұрақтары



бет8/11
Дата20.06.2023
өлшемі37.37 Kb.
#475243
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аудиторное занятие № 6,15.02 (8)

Резистенттілігі. Бруцеллалар қайнатқанда, дезинфекциялық ерітінділер әсерінен тез жойылады, дегенмен төменге температураға тұрақты (тоңазытылған етте 5 айға дейін, сүт тағамдарында 1,5 айға дейін сақталады.)
Эпидемиологиясы. Бруцеллез – зоонозды инфекция; жұқтыру көзі ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек еліктер, жылқылар, иттер, мысықтар және тағы басқа жануарлар. Қазақстанда бруцеллездің негізгі жұқтыру көзі- Вrucella melitensis бөлетін қойлар, дегенмен сиырлар да жұқтырады (Вrucella abortus). Науқас адамдар инфекцияның көзі болмайды. Бруцеллезбен зақымдану сүт тағамдарын, ет қолданғанда болады. Ауру жануарлармен қатынаста болған малшылар, сауыншылар ауырады. Бруцеллез барлық мемлекеттерде таралған. Жеке ауру түрінде және ауру күрт көбею түрінде негізгі мал-шаруашылық аймақтарында кездеседі.
Патогенезі. Бруцеллалар адам ағзасына тері және шырышты қабат арқылы өтеді, аймақты лимфа түйіндеріне түседі, қанға таралады.Қан айналамымен барлық ішкі мүшелерге тарайды және ретикулярлық эндотелиялды жүйеге енеді (бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі). Осы мүшелерде ұсақ сақталып, қайтадан қанға түсуі мүмкін. Бруцеллалар жойылған уақытта эндотоксин бөлінеді, ол ағзаның жалпы интоксикациясын тудырады. Аурудың патогенезінде бруцеллалармен ағзаның сенсибилизациясы маңызды.
Клиникалық белгілері. Инкубациялық кезеңі 1-3 аптаға дейін созылады. Дамыған аурудың белгілері әр түрлі. Бруцеллез кезінде ұзақ дене қызбасы, қалтырау, тершенділік, буындардың ауырсынуы байқалады. Кей жағдайларда радикулиттер және миозиттер пайда болады. Патологиялық процестерге тағы жүрек-қан тамыры, зәр шығару, жыныс және басқа жүйелер бұзылыстары қосылады. Ауру созылмалы түрде өтеді.
Иммунитеті. Аурудан соң тұрақсыз, ұзаққа созылмайтын 6-9 айға дейін сақталатын иммунитет қалыптасады. Бруцеллезбен ауырған адамдарда осы инфекция қайтадан пайда болуы мүмкін.
Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге алынатын материалдар – қан, зәр, сүйек кемігі. Негізгі диагностика әдісі- бактериологиялық, қоздырғыштың туыстыстығын ғана емес, инфекция көзін табу үшін түрінде анықтайды.
Сонымен қатар, серологиялық әдіс қолданылады (Райт, Хеддельсон агглютинация реакциялары, тікелей емес геммаглютинация реакциясы, комплементті байланыстыру реакциясы және тағы басқалар), тері аллергиялық сынамалар (бруцеллинмен Бюрне сынамасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет