Емдеуі. Негізгі емі – антибиотикпен емдеу. Сирек емдеу үшін өлі вакцинаны қолданады.
Сақтандыруы. Бруцеллездің негізгі сақтандыруы-санитарлық –гигеналық шаралар маңызды роль алады (соның ішінде сүттің пастеризациясы).
5.Сібір жарасының бациллалары Сібір жарасы Bacillus anthraсіs тудыратын зоонозды жұқпалы ауру, ауыр интоксикациямен, тері және лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталады. Сібір жарасы қоздырғышын 1876 ж. Р. Кох ашты.
Таксономиясы, морфологиясы, дақылдық қасиеті. Қоздырғыш Firmicutes бөліміне жатады. Ірі, грам оң қозғалмайтын таяқша бактериясы, спорасы орталықта орналасады; адам мен жануарлар ағзасында, сондай- ақ арнайы қоректік орталарды капсула түзеді. Сібір бациллалары негізгі қоректік орталарда жақсы өседі; ЕПА- да R- пішінді колониялардың шеттерін микроскоптың кіші үлкейтуімен қарағанда, медузаның басымен салыстырады.
Антигендік құрылымы және патогенді факторлары. Қоздырғыш басқа бактериялармен салыстырғанда ерекше капсуласы протеинді табиғатты және соматикалық полисахаридті туыстық антигенін құрайды; бірнеше компоненттерден ақуыз кешенін құрайтын экзотоксин өндіреді (өлім, ісік тудыратын). Резистенттілігі. Тірі ағзада қоздырғыш вегетативті түрде болады, сыртқы ортада тұрақты спора түзеді. Вегетативті формасы тұрақсыз: 15 минут ішінде 60С, қайнатқанда 1 минуттан кейін жойылады. Споралары ерекше жоғары резистентті: жоғары температурада 2- 3 сағат ішінде 140 С температура оларды жояды; автоклавта 121 С температурада олар 15-20 мин. кейін жойылады. Споралар 100 ж. дейін топырақта сақталады
Эпидемиялогиясы. Сібір жарасы барлық жерде таралған. ҚР- да 1500 –ден астам қауіпті бекеттер (ошақтар) барлық облыстарда орналасқан. Адамдар арасында аурудың деңгейі жануарлар арсындағы эпидемиялық таралуына байланысты. Инфекцияның көзі- ауру жануарлар. Топырақта қоздырғыштың ұзақ сақталуы жануарлар арасында сібір жарасының эндемиялық ауруының тууына себеп болады. Инфекцияның таралу жолдары әртүрлі: қатынасты- тұрмыстық (жануарларды қарағанда, терісін алғанда, ауру жануарлардың жүнінен өнім жасағанда), аэрогенді- микробы бар шаңды жұтқанда, ауру жануарлардың шала өңделген етін қолданғанда және трансмиссиялық- шыбын- шіркейлер шаққанда. Патогенезі. Қоздырғыштар үшін ену қақпасы тері, сирек тыныс жолдарының шырышты қабаттары, асқорыту жолдары болып табылады. Негізгі патогенді факторы –экзотоксин, оның компоненттері ісікті, тіндік некрозды және басқа да зақымдануды тудырады.