Сабақ: Бұқаралық ақпарат құралдары. Мектеп: Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» кмм күні


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз



бет6/7
Дата29.03.2024
өлшемі1.37 Mb.
#496951
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
9-сынып Бұқаралық ақпарат құралдары. ҚМЖ

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Тақырып бойынша берілген оқу мақсаттары және сабақ мақсаттары нақты қойылған, ұсынылған тапсырмаларды оқушларға орындату арқылы қол жетімді деген пікірдемін. Оқушылар сабақ басында ой қозғау арқылы сабақ тақырыбына шығады. Оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін мәтін ұсынылмақ. Оқушылар мәтіндермен топпен танысу барысында зейінді дұрыс шоғырландыруға, қажетті сұрақтарды талқылау арқылы өзара қарым-қатынас барысында сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге үйренетін болады. Мәтінді топта талдау жұмысы барлық топ мүшелерінің белсене атсалысуын жүзеге асыруда қолайлы болмақ деп жоспарға қойылған. Оқушылардың белгілі бір нәтижеге жетуі үшін жұмыс алгоритмдері ұйымдастырылады. Жұппен жұмыс кезінде оқушылар бір-бірімен кеңесе алады. Дифференциация тапсырмаларға кестелер құрылған тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Сабақ құрылымы сақталынады және ұсынылған тапсырмаларга бөлінген уақыт мөлшері нақты және оларды орындау мүмкіндігі қолжетімді.

Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:Топтық жұмыс
2:Бағалау
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1: Белгіленген уақыт бойынша жұмыс жасау
2: Белсенді әдістерді көбірек қолдану
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Дифференциациялық тапсырмалар дайындау.





Бұқаралық ақпарат құралдары

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдары Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», — деген екен. 1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты – әлеуметті қоғамда, әлемде болып жатқан түрлі жаналықтарды үздіксіз жүйелі түрде таратып отыру, ел ішінде, елден тыс жерлерде болып жатқан әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, саяси мәселелер туралы қоғамдық пікір туғызу.


Бұқаралық ақпарат құралдары әртүрлі бағытта ақпарат таратса да, олардың арасында қандай мәселеге басымдық білдіруіне қарай басылымның тұрақты жанры қалыптасады. Мысалы, «Ана тілі» газетінің тілдің әлеуметтік жайына қатысты мәселелер, осы салада еңбек етіп жатқан зерттеу, білім беру мекемелерінің мәселелері көбірек талданады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» деп аталатын республикалық журналда көбінесе тіл мен әдебиеттің теориясы және оны жалпы білім беретін мектепте, жоғарғы оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне қатысты ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік мақалалар, мұғалімдер мен оқытушылардың білім саласына байланысты ой-пікірлері жарияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет