Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру


Мамандық бойынша студентерді оқытудың интегративтік функциялары



бет3/7
Дата07.02.2024
өлшемі406.5 Kb.
#491292
1   2   3   4   5   6   7
-dip -avtomabilderdin-jelektrotehnikalyq-zhane-jelektrondyq-zhabdyqtary-kursy-mazmuny-zhane-adistemesi-jasavi-2008-40

1.2. Мамандық бойынша студентерді оқытудың интегративтік функциялары.

Жоғарыда студенттердің оқытушылық кәсіпке, оның ішінде таңдап алынған мамандыққа ынтасы мен қызығушылығының негізгі ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізе келіп, бұл мәселенің күрделілігі негізінен оқыту мазмұнын, оқыту процесін үнемі динамикалық обьект ретінде қабылдауымызды талап ететін және сапасының ғылыми жүйеленгенде ғана оқытушылық кәсібі қоғамда жоғары деңгейде көрінетіне көз жеткіздік.


Дегенмен, " Кәсіптiк бiлiм " мамандықтарының таңдап алынған бағыттары бойынша білім берудің ерекшеліктері оқыту процесінде дифференциалдап оқытуға алып келеді.
Әрине, оқытудың мұндай тәсілі өте қолайлы деуге болар еді, егер де, оқу жоспары, оқыту мазмұны, оларға бөлінген /стандарт бойынша/ сағат көлемі көтере алғанда.
Мысалы: алдын ала қасиеттері берілген металл алу мақсатында оған әртүрлі компоненттерді балқыту процесінде араластыру арқылы алуына болады. Яғни, алынған зат - "қорытпа" тек қана өзінің "шектік" сипаттағы белгісінен басқа жаңа қасиеттерге ие болған болар еді. Мінеки, осы мысалдағыдай педагогика саласындағы "металлургиядада" жағдай осылай болып жатуы тиіс. Осы бағытта әртүрлі ғылыми педагогикалық, психологиялық зерттеулер, ұсыныстар жасалынды. Оның үстіне соңғы кездерде студенттер үшін информация каналдары өте көптеп саналады /радио, баспа, теледидар т.б./.
Осындай ақпараттар ағыны студенттер үшін ғылым "қоспасына" айналуы үшін арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бұл жерде оқыту мазмұнының ғылыми негізі пәнаралық байланыста болуы тиіс екенінде дау жоқ. Дегенмен, әрбір мамандықтың арнайы бағыттары курстарын меңгеруде дифференциялдық оқыту алғы шепке шыққан болар еді. Бұл кезде пәнаралық байланыс тағы басқа проблемалар үшін әр түрлі ғылыми-педагогикалық бағыттар ұсталынуы қажет.
Оқу процесінде мұндай бағыт ұстану студенттер әрбір пәндерді-ғылыми танымдық кешен ретінде оқып үйренуі тиіс.
Ал, бұл сайып келгенде әрбір жеке пәндердің өзін меңгеруге белгілі бір білім жүйесін қалыптастыруға білімнің интеграциялануын /жинақ болуын/ талап етеді.
Интеграция- латын тілінде бүтін, жаңғырту, тыңнан жасау, бүтіндікті толықтыру деген мағынада айтылады.
Осы тұрғыдан қарағанда шын мәнінде "әртүрлі пәндер" бойынша студенттерде ұдайы олардан келетін ақпараттардың жинақталуы, өңделуі білімнің интеграциялануына алып келеді. Бірақ, жоғары оқу орындарындағы жеке пәндердің мақсаты мен мазмұны жағынан дифференцияланған, біз ұсынып отырған оқытудың интеграциялық функциясына қайшы келетіні белгілі. Бірақ, олардың өзара табиғат заңдары негізінде бірігуі білімнің ғылыми тұтастығын береді.
Сондықтанда жоғары оқу орындарында оқу процесінің интеграциялық қызметі оқытушыларға сенімді және ыңғайлы. Осындай ақпараттар ағыны студенттер үшін ғылым "қоспасына" айналуы үшін арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бұл жерде оқыту мазмұнының ғылыми негізі пәнаралық байланыста болуы тиіс екенінде дау жоқ. Дегенмен, әрбір мамандықтың арнайы бағыттары курстарын меңгеруде дифференциялдық оқыту алғы шепке шыққан болар еді. Бұл кезде пәнаралық байланыс тағы басқа проблемалар үшін әр түрлі ғылыми-педагогикалық бағыттар ұсталынуы қажет.
Бір бағыттылыққа негізделген құралдарды беру және білімнің интеграциялануын басқару құралдарын анықтау болып табылады.
Кез-келген оқыту процесі информациялық өзара қарама-қатынас негізінде құрылады. Оны графикалық түрде төмендегіше беруге болады.

Сурет 1. Ақпаратты қабылдау схемасы

Жоғарыдағы ақпараттың тасымалдау графигіне төмендегідей мысал келтіруге болады. Телеграф жүйесі арқылы текст жіберу: хабар -әріп не басқа түрге айналдыру -электрлік сигналға айналдыру-сигналдары радио байланыс, не электрлік жүйе арқылы адресатқа жеткізу - кодпен алынған хабарды түсінікті тілге айналдыру-адресатқа жеткізу.


Осы схема бойынша білімді ТАРАТУ аяқталады.
"Кірістегі хабар" мен "Шығыстағы хабардың" сәйкес келе беру ықтималдығы жоғары деуге болмайды. Себебі, мұнда қосымша "шуыл" әсер етері анық. Сол себепті ақпараттың қисайуы бәрімізге белгілі.
Мұндай жағдайдың "оқытушы-студент" ақпараттың жүйе ретінде педагогикада болатынына күмән жоқ. Сол себепті біздерде үлгермеушілік әлі де көп.
Оқыту процесіндегі интеграциялық құбылыс стихиялық түрде немесе басқарулы формада өтеді.
Стихиялық формасы көбінесе студенттердің технологиялық есеп шығару т.т. кезеңдерінде өтеді.
Басқарулы интеграциялық оқыту барысында дидактикалық құрал ретінде пәнаралық байланыстар қызмет етеді.
Курс мазмұнына байланысты оларды біз келесі принципте түздік.

Сурет 2. Оқу материалдарындағы ұғымдардың ішкі байланысы
Мұнда тексте негізгі делінген сұрақтарды бөліп алып /кернеу, ток өткізгіштік, электромагниттік өріс т.с.с. олардың хабарлану реті анықталғаннан кейін сол нөмірі арқылы суреттегідей етіп ортасына жазамыз. Оның сыртына қарастырылып жатқан сұраққа барлық болып табылатын оқу-элементтерінің нөмірін көрсетеміз.
Ал пән аралық негізде осындай схеманы төмендегіше жазуға болады.

Сурет 3. Пән аралық байланыстар

Жоғарыдағы оқытудың интеграциялық функциясы сайып келгенде оқу материалдарының структура-логикалық құрылымын түзуге септігін тигізеді. Бірақ оку материалдарында жетелеуші идея болатын оқу элементтері анықталуы тиіс. Бұл үшін аталған курс физика, электротехника, радиоэлектротехника пәндеріне негізделген болғандықтан және барлық оқыту обьектілері құрал-саймандар, электрлік, электрондық схемалараы пайдаланылуы себепті оку элементтерінің өзара мағыналық қатынастарын анықгау қажет болды. Ол үшін тексттер арасындағы оқу элементтерінің логикалық байланысы түзідді. Олар логикалық структура графтар және матрицалық формаға негізделеді. Мысалы





Сурет 4. Тұйық контурлар графы

Сурет 5. Тұйық контурларды үзу матрицасы
Ойлауды математикалық логика түрінде басқару, дөңгелектердің цифрларды оқу элементтер деп қабылдасақ, ал олардың бағыты қажеттілікті түсіндіреді. Мұндағы оқу элементтердің қайсысында байланыс сызықтары көп болса, сол элемент маңызды деп саналады. Графтардағы тұйық
контурлар жолдардың тұйықталуы деп қабылданды. Сондықтан оны ашу қажет. Бұл педагогикада материалдардың қайталануы делінеді. Сол себепті оған матрицалық талдау жасалынды.

Сурет 6. Ашық матрица

Керексіз алынып тасталынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет