Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру


"Автомобильдердің элехтротехникалық және электрондық жабдықтары" курсын оқыту практикумы



бет5/7
Дата07.02.2024
өлшемі406.5 Kb.
#491292
1   2   3   4   5   6   7
-dip -avtomabilderdin-jelektrotehnikalyq-zhane-jelektrondyq-zhabdyqtary-kursy-mazmuny-zhane-adistemesi-jasavi-2008-40

2.2. "Автомобильдердің элехтротехникалық және электрондық жабдықтары" курсын оқыту практикумы.

Оқыту әдістемелері жүйесінің дидактикалық аспектілеріне назар аударсақ, оқыту әдістемесін классифихациялауда /жіктеуде/ педагог-ғалымдар әлі күнге кейбір мәселелер жөнінде ортақ пікірге келмеген деуге болады.


Мысалы: Еңбекке оқыту әдістемесі болсын әдістемелерді
жіктеуде окушылардың білімді қайдан және қалай алуына
байланысты жіктелуі. Осыған байланысты білім алу белгілеріне тиісті топтарға бөледі.
Осындай піхірлердің ішінде бізді қызықтыратыны прахтикалық сабақтар /құбылыстарды байқау, жаттығулар, есептер шығару, еңбек тапсырмаларын орындау/.
Өзіндік жұмыстар бақылау, лабораториялық өндірістік-тәжірибелер, есептер шығару, еңбек тапсырмаларын талқылау, оқулықпен жұмыс істеу т.б.
Осы тұрғыда дидактиктер мен әдіскерлер оқыту әдістемелерін жинақылау мақсатында бір пікірге келе отырып оқыту әдістерін 3-топқа біріктіргені байқалады. Сөздік, көрнекілік және практикалық.
Дегенмен, сөз және образ таныс құралдары болып қалатындықтан, сөз не образ практикасыз іске асырылмайды. Сондықтан практика әр кез алдыңғылардың бір элементі іспетті қызмет атқарады. Сол себепті де, жоғарыда аталған оқыту әдістері оқушының танымдық қабілетінің сипаты бола алмайды. Осы тұрғыдан қарағанда өзіндік жұмыстар оқытудың әдісі емес, ұйымдастыру формасы деуге болады.
Тағы да бір назар аударатын мәселенің бірі: Оқыту
процесінде тематикалық практикумдер болуы тиіс, дегенмен
оны дидактикада практикалық жұмыстардың анықтамасы
ретінде береді. Осындай өзара терминологиялық шатасулар
немесе бір-біріне синонимдік еніп кетулер әлі де болса оқыту
процесінде кейбір мәселердің анықталуын қажет-ақ ететіні
көрініп тұр. Осы себепті де оқулықтарда студенттердің
танымдық қабілетіне негізделген тақырыптың өзіндік оқыту
формалары енбей қалған. Бұған әрине оқулық көлемі
шектеулі болғандығы себеп болған шығар, дегенмен
танымдық қабілеттің тұтастығын есепке алсақ әрбір
оқытылатын пәндер бойынша тақырыптық практикумдар
есепке алынуы керек-ақ. Зерттеу барысындағы мағлұматтарға
сүйене отырып төмендегі "Автомобильдердің
электротехникалық және электрондық жабдықтары" курсы бойынша ұйымдастырылатын практикумдар мазмұнын ұсынамыз.
Орындалатын жұмыс электротехникалық, электрондық жабдықтардың жалпы құрылысын, оларды бөлшектеу, жинақтау, ақауларын анықтау және жою мақсаттарын түгел қамтыған.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Айнымалы ток генераторы.


Жұмыстың мақсаты: Үш фазалы синхронды генераторлардың құрылысы, жұмыс істеу принциптері жөнінде алған теориялық білімдерін қалыптастыру.
Генераторды бөлшектеп, жинақтау Барысында олардың детальдарындағы және электрлік ақауларды анықтау, жою тәсілдерін меңгеру.
Жұмыстың мазмұны: Генераторды бөлшектеу және жинақтау, детальдардың күйін анықтау. Жұмысты жүргізу методикасы.

  1. 1250-П генераторын бөлшектейміз. Егер бұдан басқа генераторлар болса олардың өзара айырмашылығын анықтаңыз.

  2. Щетка ұстағыш болттарын 10 артқы қақпақ 8-ден бүрап
    босатыңыз және щетка ұстағыш 10 мен щетканы 9 алыңыз.

  3. 12 қалпақты және 19 подшипникті алу үшін қапсырма
    шпилкаларды босатыңыз.

  4. Статорды босату үшін ротор валындағы 3 гайканы
    босатыңыз.

  5. Артқы қакпақты 8 орамдардың клеммаларын ажырату
    мақсатында фазалық ұштарын босатыңыз.

  1. Статорды алу үшін 19 подшипникті босатыңыз.

  2. Генератор шкивін 23

8. Шығару үшін гайканы босатыңыз 21 шпонканы алыңыз.
22 втулканы алыңыз.
9. Подшипникті 2 босату үшін қакпақгағы 1 төрт винтті
босатыңыз.
10. Болшектелген генератор деталдарын 1 кестеде толтырыңыз.
1-кесте

Бөлшектердің аттары

Қызметі

Материалы

Ақаулары /жарамды, жарамсыз/













II. Электрлік ақауларды анықтаңыз.


2-кесте

Ақаулар

Ақаулар анықталуы

Себептері

ішкі үзілу







орамдар аралық







тұйықталу







массаға тұйықталу







щеткалар желінген







щеткалар жарылған







серіппе нашар







диодтар істен шыққан










  1. Анықталған электрлік ақауларды жоқ әдістерін
    жазыңыз.

  2. Генераторды қайта жинақтау кезеңдерін жазып
    шығыңыз.

  3. Жинақталғыш генератордың жұмысын тексеріңіз.

Бақылау сұрақтары.



  1. Қандай тізбекте генераторды олардың детальдарына
    бөлшектейді?

  2. Негізгі пайдалынатын материалдарды атаңыз және себепті
    тек сол материалдар пайдаланылатына көңіл бөліңіз.

  3. Қандай ақауларды анықтаңыз?

  4. Электрлік ақауларды атаңыз, оның салдарын түсіндіріңіз.

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Жұмыстың тақырыбы: Статерлер.
Жұмыстың мақсаты: Статердің құрылысы және жұмыс істеу принциптері бойынша теориялық білімдерді толықтыру және тереңдету.
Жұмыстың мақсаты: СТ 350 статерін бөлшектеп, оның жұмысшы күйін, ақауларын анықтау. Жұмыстың орындалу әдістемесі.

  1. Статердің электрлік тізбектерін қадағалау мақсатында
    қорғағышты 24 оның астарымен 23 шешіп алыңыз.

  2. Статерді бөлшектеуге мүмкіндік беретін щетканы 27
    ажыратыңыз.

  3. Якорді 5 оның қалпақшасынан 9 қаңқасынан 4 ажырату
    мақсатында шпилканы 17 серіппелі 9 ажырату
    шайбасымен 16 ажыратыңыз.

  4. Статер калпақшасын 9 ажырату мақсатында рычагты 10
    ажыратып алыңыз.

  5. Статер орамдарын ажыратып қосқышты бөлшектеу 21
    үшін оның клеммаларындағы жалғанған сымдарды
    ажыратыңыз.

  6. Тарту релесінің жұмысын, құрылысын қарап шығу
    мақсатында оны ажыратыңыз.

I. Статер деталдарының құрылысын, күйін, материалдарын анықтаңыз және оларды кестеге толтырыңыз.

1-кесте


статер бөлшегі

материалы

қызметі

ақаулары













I. Электрлік ақауларды анықтаңыз.


2-кесте

N

Ақаулар

Ақаулар анықталды /+,-/

Себептер

1

Күйіп кету







2

Коллектордың беткі қабатының желінуі







3

Коллектор пластиналарының түйықталуы







4

Орам аралық тұйықталу







5

Коллектор ұштарының ажырауы







6

Коллектордың ластануы







7

Щетка желінуі







8

Серіппе босаған







Анықталған электрлік ақауларды жою әдістерін жазыңыз.



  1. Статерді қайта жинақтау кезеңдерін жазып шығыңыз.

  1. Жинақталған статердің жұмысын тексеріңіз.

Бақылау сұрақтар


1 Тарту релесінде қандай ақаулар болуы тиіс.

  1. Не себепті статерлердің орамдары генератор орамдарына
    қарағанда көлденең үлкен болады?

  2. Тарту релесін қалай жинақтайды?

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҮМЫС
Жұмыстың тақырыбы: Реле реттегіш.
Жұмыстың мақсаты: Реле-реттегішінің жұмыс істеу
принциптері бойынша теориялық білімді қалыптастыру және тереңдету.
Жұмыстың мазмұны: Реле-реттегішті бөлшектеп оның жұмысшы күйін, ақауларын анықтау.
Жұмыстың орындалу әдістемесі.

  1. Орамдар, түйіспелер күйін бақылау үшін реле-реттегіштің
    қақпағын ашыңыз.

  2. Түйіспелер электрлік доға әсерінен беттік қабатының
    кертілуін бақылау үшін оларды ажыратып көріңіз.

  3. Реле корпустарына жеке орналасқан қондырғыларды бөлшектеп алып қараңыз.

1-кесте

Деталь аттары

Маркіленуі

Қызметі

Ақаулары













4. Электрлік ақауларды анықтаңыз.



Ақаулар

Ақаулар анықталды

Себептері

Сымдардың үзілуі қысқа түйықгалуы түйіспелердің бүлінуі түйіспелер аралық саңылауы







5. Кернеу реттегішін тексеру схемасын түзіңіз.



  1. Анықталған электрлік ақауларды жою әдістерін жазыңыз.

  2. Реле-реттегішті қайта жинақгаңыз.

  3. Жинақгалған реле-реттегіш жүмысын тексеріңіз.

Бақылау сұрақтары.

  1. Түйіспелердің майланып қалуы қандай қиыншылықтарға алып келеді ?

  2. Генератордың төменгі айналыс жиілігіндегі ток жүру
    схемасын көрсетіңіз.

  3. Қоздыру орамдары қандай іске қосылады?

  4. Қысқа түйықталу кезіндегі ток жүрісін көрсетіңіз.

  5. Климаттық өзгерістерге сәйкес реле-реттегіштің
    жұмысында өзгерістер жасау талап етіле ме?

Сабақ барысында бағдарлық жүйеге негізделген оқушылардың іс-әрекетінің өз бетінше ұйымдастырылуын қадағалауға мүмкіншілік болды.


Оқушылармен тәжірибе жасау себебіміз, тобында студенттер саны аз, сонымен қатар біз ұсынған әдістемені олармен өткізу мүмкіндігі, уақыттың тарлығына және курстың бірінші рет өтілуіне байланысты болды. Сондықтанда осындай бағытта мемлекеттік практика кезінде "Автомобильдердің жалпы құрылысын", оның ішінде "электрлік жүйелерге жалпы шолу" жүргізуде осындай бағыт ұстанып оны тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік болды. Ол үшін екі сынып алынды. Бірінде жалпы оқулық схемасында, екіншісінде біз ұстанған бағыт жүзеге асырылды.
Өз бетінше жүмыс істей алу дәрежесін анықтау мақсатында қайта сұрау коэффициентін ендірді -Ккс

Кт - тәжірибелік сынып оқушыларының коэффициенті. Кб - бақылау сыныбы оқушыларының коэффициенті.
Практикумдарды орындау барысында оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері барысында мүғалімге қанша рет көмек сұрауға мәжбүр екендігін, оның мөлшерін анықтауын төменде "стартерді" оқып үйренуге арналған практикумы барысында окушылардың қайта сұрау дәрежесін ұсынамыз.
Оқушыларды мұғалімнен көмек сұрау дәрежесі.

I кесте


N

Жұмыстың аты

Ке

Кт

К

1

Генератор

1,17

3,23

2,76

2

Стартер

2,52

6,45

2,55

Кестеден көрініп тұрғандай бақылау сыныбының оқушылары, тәжірибелік сынып оқушыларына қарағанда 2 есе көбірек көмек сүрайды. /2,52 деген 25 оқушының 11-нен басқасы көмек сұрады, ал 6,45 ол 4 оқушы көмек сұрады деген сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет