Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру


"КӘСІПТІК БІЛІМ" МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ



бет4/7
Дата07.02.2024
өлшемі406.5 Kb.
#491292
1   2   3   4   5   6   7
-dip -avtomabilderdin-jelektrotehnikalyq-zhane-jelektrondyq-zhabdyqtary-kursy-mazmuny-zhane-adistemesi-jasavi-2008-40

2. "КӘСІПТІК БІЛІМ" МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ


2.1. Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру.

Бірінші тарауда көрсетілгендей жоғары оқу орынының кәсіби дайындықтарын жақсартудың бірден-бір жолы мектеп бағдарламасының талаптарына сай оқыту процесі жүргізілуі тиіс делінген еді. Ол біріншіден, болашақ "кәсіптік білім" мұғалімдерін тиянақты кәсіби дайындықтармен қамтамасыз етсе, екіншіден педагогикалық жоғары оқу орындарын бітірушілердің мектептегі оқу процесіне тікелей араласуына мүмкін туғызады.


Көптеген психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша студенттердің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби бағдарлары олардың оку жоспарларындағы пәндерді оқып үйрену мезгілінде алынған кәсіби білімдерді, іскерліктерді, дағдылары жоне педагогикалық іс-әрекетке қызығушылық, онымен шұғылданушылық, келешек кәсібіне тиімді көзқарас тұрғысынан оқылған материалдар арқылы қалыптасады.
Сондықтан мектеп "кәсіптік білім" мұғалімі меңгеруге тиісті іскерліктер мен дағдылардың көлемін анықгауда "электротехникалық және электрондық жабдықтарды" оқыту процесінде мектеп оқушыларына қалыптастыратын іскерліктер мен дағдыларды айқындаудан бастау қажет.
Бағдарламада оқушылар: электротехника негіздерін; автоматика және электроника негіздерін; материалтану; монтаж, жинақгау, жөндеу технологиясы; электрлік схемалар мен сызбалар /графиктерді меңгеру/; электр инструменттерін пайдалану т.б. меңгеруі тиіс.
Сонымен қатар электроника негіздерін меңгере отырып автомобильдік электрондық жабдықтардың структуралық блоктың схемаларын, олардың қандай электрондық қондырғылардан тұратынын, атқаратын қызметі мен ақауларын анықтау іскерліктері мен дағдылары қалыптасуы тиіс. Оның үстіне студенттер жоғары оқу орнында оқу мезгілінде мектепте жұмыс істей алуларына көмектесетін, аталған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістерін үйренулері қажет. Сондықтан, "кәсіптік білім" мамандығы бойынша мұғалім дайындау барысында оқылатын курс мазмұнына қызықтыруға қажетті әдістерге көңіл аударуымыз қажет.
Сондықтан да оқыту процесі мектеп бағдарламасы және жоғарғы оқу орнының бағдарламасы болсын, оқытылатын кәсіп негізінде сол өндірістің негізгі салаларында орын алатын жұмысшының өндірістік-техникалық жұмыс шарттары есепке алынуы керек. Мұндай жағдай тек студентттердің өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылған практикалық жұмыстар ретінде орын алуы тиіс.
Орындалатын практикалық жұмыстарға қойылатын және бір талап, ондағы әрбір меңгерілетін іс-әрекет студент немесе оқушы тарапынан саналы түрде меңгерілуі тиіс. Ол үшін әрбір іс-орекет барысында студент "неге", "не үшін", "не себепті", "қандай мақсатта" деген сұрақтар барысында өзінің әрбір іс-әрекеттік тексере алатын болуы тиіс.
"Автомобильдердің электроникалық және электрондық жабдықтары" пәні бойынша бағдарламада /қосымша N1/ негізінен практикалық жұмыстар есепке алынбаған. Дегенмен, бағдарлама мазмұнына назар аударатын болсақ "Автомобильді" оқытудың жалпы курсында оқытылатын кейбір мәселелерді қайталайтыны көрініп тұр.
Бірақ оған қосымша электр жабдықтарында болатын ақауларды анықтау мәселеріне көңіл аударылған.. Оқулықтарда мұндай сұрақтар кездеседі де, бірақ ақаулардың себеп салдарына назар аударылады. Бұл студенттердің іскерлік немесе дағдыларын төсеуге септігін тигізе алмайды.
Бағдарлама бойынша талдау жасағанымызда I тақырып бойынша:

  1. Аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары, оларды тексеру;

  2. Генераторларда болатын ақаулар. Оларды жою тәсілдері.

  3. Кернеу реттегіштері релелерінде кездесетін ақаулар.

  4. Электр желісінің ақаулары.

2-тақырып бойынша: 1. Қозғалтқыштарды жүргізу жүйесінің негізгі ақаулары.
3-тақырып бойынша: 1. Оталдыру жүйелерінің жүмыс сипаттамалары.
4-тақырып бойынша: 1. Бақылау-өлшеу приборларының негізгі ақаулары.
5-тақырып бойынша:
1. Жарық беру және жарықпен сигналдау жүйесінің негізгі
ақаулары.
6-7 тақырыптар автомобильдердегі қосымша электрондық приборларға арналған.
Бағдарламаны талдау барысында және оны оқып меңгеруде студенттер назарын жоғарыда көрсетілген бағдарламалық "белгілеріне" байланысты практикалық жұмыстар мазмұнын түзуге және жоғарыда көрсетілген іскерлік пен дағдының саналы меңгерілуі принциптерін ескере отырып түздік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет