Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру


Автомобильдің электрлік жабдықтарын оқыту әдістемесінің ерекшеліктері



бет7/7
Дата07.02.2024
өлшемі406.5 Kb.
#491292
1   2   3   4   5   6   7
-dip -avtomabilderdin-jelektrotehnikalyq-zhane-jelektrondyq-zhabdyqtary-kursy-mazmuny-zhane-adistemesi-jasavi-2008-40

3.2. Автомобильдің электрлік жабдықтарын оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары жөніндегі білім негізінен студенттердің физика, математика және басқада жаратылыстану ғылымдары пәндеріне негізделеді.
Сондықтан да, курсты оқыту процесі оқу барысында меңгерілетін білімнің қолданбалы маңызына тірелетін болса, басқа жағынан ғылым негіздерін тереңдетіп толықтырады.
1. Электроқондырғыларындағы өтіп жататын процестер тікелей бақылауға мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да студенттерді оқыту барысында көбінесе құбылысты ойша модельдеуге үйрету қажет болады. Мұнда оқыту да дидактикалық құралдар ретінде оқу-демонстрациялау модельдері қызмет атқарады. Құбылыстардың бір-біріне тәуелділігінің графиктері меңгерілуі тиіс. Мұндай экспериментальды тексеру әр кез студенттерді оқыған ғылыми теорияларының жұмыс істейтінін тексеріп отыруы тиіс.
2. Автомобиль электр қондырғылары облысындағы іс-әрекеттің тағы бір ерекшелігі, электр қондырғыларындағы ақауларды анықтау, оны жою, реттеу және кейбір жағдайларда теңестіру /контурлар арқылы осцилографтарды пайдалану т.т./ Сол себепті электр қондырғыларындағы схемалардың түзілуі және онда өтетін процестердің себеп салдарын білу қажет болады. Ал мұндай жағдайды меңгеру тек қана физикалық құбылыстардың өзара әсерінің сандық жағын білуден тұрады. Мұндай түсінік арнайы теориялық не практикалық жаттығулар нәтижесінде орын алады.
3. Автомобильдердің электротехникалық жабдықтарын оқып үйрену бойынша жүргізілген сабақтар тек автомобиль ғана емес электротехникалық не электрондық өңдіріс саласы бойынша да білім, біліктіліктерді қамти алуы керек.
Сонымен қатар, жалпы өндірісті ұйымдастыру, оның экономикасы, жұмысшылар құрамы, олардың іс-әрекеттері жайлы мағлұмат беру тиіс.
4. Еңбек қауіпсіздігі, электротехникалық өңдіріс саласының және электроника саласының негізгі қауіпсіздіктерін ескере отырып жасалынуы тиіс.
Автомобильдің электрмен жабдықталу жүйесі.
1. Автомобильдің электрмен жабдықгалу жүйесі тарауын оқыту барысында бірінші кезекте аккумулятор батареяларына көңіл бөлінеді. Мұнда көбінесе студенттер назары электролиз құбылысына ғана ауады. Мұнда тотығу-орнығу процесі іске асады, осының нәтижесінде заряд-разряд жүзеге асады. Электролиз процесінің жүруін төмендегі формула арқылы жүретінін түсіндіру керек.

Құрылысы жайлы түсінік оның негізінен маркілеуі арқылы берілген жөн, мысалы: 6-СТ-78-ЭМСЗ 6-батареялар саны СТ-стартерлік
78-сыйымдылығы, яғни 78-Ампер-сағат. ЭМС-корпусы эбониттен және стекловойлектен 3-құрғақ зарядталған.
Мұнда маркілеу студенттердің электроникадан радиолампалардың маркіленуі сәйкес жасалынады.
Аккумулятор батареяларын қарастыруда: электрқозғаушы күші, ішкі кедергі, кернеу, сыйымдылық т.с.с. ұғымдар тереңдетіледі.
2. Генератор қондырғыларын оқып үйренуде негізінен электромагниттік индукция құбылысына негізделуі тиіс.

  1. Біздің ұғымызша аздаған қиыншылық кернеу
    реттегіштерін оқып үйрену барысында туындайды. Өйткені,
    мұнда, жартылай өткізгішті приборлар /диод, транзистор,
    стабилитрон/ жөнінде мәліметтерді қайталау тиіс.
    Генераторлар реле реттегіштерді окулықта берілгендей жеке
    оқылмауы тиіс деп білеміз, сол себепті олардың әрбір
    бөлшектеріне назар аударылуы керек.

  2. Іштен жану двигательдері негізінен от алдыру жүйесінің
    жұмысына негізделеді, яғни сығылу -жану-шығу процестері
    арқылы түсіндіріледі. Ал бұл процесс негізінен иінді валдың
    белгілі желісін жиілік пен айналуына сәйкес жүреді. Бірақ
    мұндай жиілікті стартер атқаратынына назар аудару қажет.
    Сол себепті біріншіден электр машиналары жөнінде, олардың
    принциптері жөнінде мәлімет беру керек, яғни бұл процесс


К үрделіленген машина ретінде жүргізілуі керек, мұндай процесс механикалық ЕМ энергия біржақты өтетін болса, онда мұндай машина
генератор делініп, керісінше қозғалтқыш /стартер/ делінеді.


5. От алдыру жүйесіндегі негізгі мәселені "доғалық разряд" процесінде аудару қажет. "Доғалық" процесс негізінде өте үлкен кернеу арқылы пайда болатыны ескеру қажет. Мұндай процесс кезінде студенттер алдында 12 немесе 24 в. ток көзінен мұншалық кернеу қайдан алынады деген сұрақ пайда болады. Сол себепті олардың бойына мұндай жоғары кернеуді тек трансформатор ғана бере алатыны еске түседі. Ал бірақта электротехникада трансформатор тек айнымалы кернеулерді ғана бір кернеуден екінші кернеуге өзгертуші статикалық аппарат қана делінген және оның жұмыс істеу процесі электромагниттік индукция заңына негізделген делінген. Сондықтан бұл процесс былай түсіндірілуі тиіс. 12 вольттық электр кернеуі аккумулятордан үзгіш бөлгішке /прерыватель/ беріледі және от алдыру катушкасына қосылады. От алдыру катушкасының ішінде бірінші және екінші орамдар орналастырылады. Екінші орам бірнеше мыңдаған жіңішке сымнан оралады, оның ортасына өзекшесі бар бірінші орам орналасады. Тек бірінші орамға беріледі. Валдың айналысы басталуымен үзгіш контактілері қозғалысқа келеді де бірінші орамдағы ток үзіледі. Мысалы: 78 Ампер ток күші үзілген мезетте, өте жылдамдыққа қарай ұмтылады. Осының әсерінен

жылдам өзгеретін магнит ағыны пайда болады жөне ол оған көп орамдарды қиып өтеді. Катушканың К коэффициентіне байланысты онда үлкен кернеу /20-30 кв/ , осының әсерінен "ұшқын" пайда болады. Сондықтан да үзгіштің үзіп не қосып тұрған моменттеріндегі токтың-шамасы өзгеріске үшырап тұрады және бұл электромагниттік құбылыс негізінде айнымалы ток сияқты процестерді береді, яғни мұндай процестің классикалық күйін келесі 1-схема арқылы беруге болады.



Сурет 7. Түйіспелі тарату жүйесі
6. Түйіспелі транзисторлық жүйені оқытуда, ол қондырғылардың классикалық қондырғылардан ерекшеліктері айтылуы тиіс. Мұндай жүйенің енгізілуі жалпы автомобильдердегі электротехникалық және электрондық жабдықтардың прогрессивтік тәсілі екеніне назар аудара отырып, негізінен олардың жүмысына байланысты Холл датчиктерінің жұмыс істеу принциптеріне, фотодиодтарды басқару және коммутациялану принциптерін түсіндіру қажет. Өйткені, жоғары жиілікгің айналысы бар двигательдерде екінші реттік жоғары алу үшін бірінші орамдағы ток шамасының жоғары болуы талап етіледі. Дегенмен, ток шамасы 3,5 А -дің өзінде түйіспелер арасында ұшқын пайда бола бастайды, ол бұл өз кезегінде түйіспелердің қызмет уақытын азайтады және оталдыру жүйесінің жұмысын төмендетеді. Мінеки классикалық жүйенің осы кемшілігі түйіспелі транзисторлық жүйе арқылы жойылады. Өйткені, түйіспелер арқылы өтетін аз ғана ток транзистордың басқаруы арқылы ғана өте алады. Таратқышқа

Сурет 8 Транзисторлы басқару жүйесі
Мұнда негізгі жұмысты коммутатор құрылғысы аткарады. Көптеген автомобильдерде ТК 102 СЭ-107 қосымша жүктемемен жұмыс істейтін коммунатор қолданылады. Мұнда негізгі рольді германийден жасалған ГТ 701А транзистор атқарады. Бүл транзистор эмиттерлі коллекторлы ауысуы от алдыру катушкасына жалғанады. Эмиттерлі-коллекторлы жалғанған схемаларының жалпы базалы /ОБ/, жалпы эмиттерлік /ОЭ/ жалпы коллекторлы /ОК/ схемалармен салыстырғанда радиоэлектрондық схемалардағы күшейту коэффициенттерінің өте жоғары болатыны электроника пәнінен белгілі.
Мұндай схемада транзистордың базасы импульстік трансформатор арқылы үзгіш контактілеріне жалғанады. Сол себепті база жалпы эмиттермен салыстырғанда кіріс коэффициенті жоғары күшейткіш ролінде қызмет атқарады. Транзистор В3 ажыратып-қосқышы арқылы, егерде қосулы күйде тұрғанда үзгіштің контактілеріне байланысты күйге енеді.


Схема-3

9 сурет . Транзистордың жалғану схемасы
Түйіспелі-транзисторлы оталдыру жүйесі. Егерде түйіспелер ажыратулы болса, транзистор жабық күйде болады, өйткені транзистор базасы мен эмиттердің потенциалы бірдей болып қалады, транзистор базасы мен эмиттердің потенциалы бірдей болып қалады, транзистордың кедергісі бірнеше Ом-ға теңеседі. Сол себепті катушканы бірінші орамындағы ток өте әлсіз болады.
Е гер түйіспелер жабылатын болса ток: аккумулятор батареясының /+/-нен амперметрге оталдыру кілтінің түйіспелеріне қосымша резистор арқылы катушканың бірінші орамына комутатордың резисторына үзгіш түйіспелеріне автомобиль корпусы арқылы /-/ клема арқылы жүреді.
Осының нәтижесінде К жүктемеде кернеу түсуі пайда болады. Ол өз кезегінде базаның кернеуін эмиттермен салыстырғанда кемітеді. Соның нәтижесінде транзистор ашылады, транзистор кедергісі өте аз болғандықган тек өзінің максимал мәніне жете алады. Түйіспелер ажырауы себепті, бұл тек жылдам төмендеуге мәжбүр болады. Шамамен ЗА дейін. Бұл кезде бірінші орамда ток жойылады, соның салдарынан магнит ағыны болады. Бұл ЭҚК эмиттер-база схемасында кері бағытта жүреді, яғни база потенциалы эмиттердің потенциалынан жоғары келеді. Транзистор жабылады.
Импульстің трансформатор транзистордың жылдам жабылып тұруына әсерін тигізеді. Сол себепті транзисторды қайта қосылуы іске асып отырады. Транзистор жабылған күйде схеманың бірінші орамында үзіледі, екіншіде 17-ЗОКВ жететін ЭҚК тудырады.
Жалпы иінді біліктің төменгі жиілігінде, катушканың бірінші орамында пайда болған өзінді ЭҚК -ң шамасы 100 болғандықтан эмиттер коллектор тізбегінде тесілу пайда болуы ықтимал.
Сол себепті параллель Д2/Д817В/ стабилитрон жалғанып қойылады. Мұндағы Д1Д2 диодтары стабилитрон арқылы өтетін токты кеңейтуге қызмет атқарады. Мұнда жартылай түзету болғандықтан ток шамасы екі есеге дейін кемиді.
7. Оталдыру жүйелерінің электрлік тізбектеріндегі кернеу көбінесе біз қарастырған

жүйеде иінді біліктің айналасына тәуелді болып келеді.
Шындығында солайда, сондықтан да мұндай кернеуді ретеу әсіресе транзисторлық жүйелер үшін өте қажет ақ өйткені генератор ұштарындағы кернеу өрнегі арқылы белгіленеді.
Мұндағы:
Иг-генератор кернеуі
Ег-генератор электр қорғаушы күші
с-тұрақты коэффицент
п-якордың айналыс жиілігі
ф--генератордың магнит ағыны

Олай болса, генератор кернеуін тұрақтандыру үшін кері және пропорционал күйде магнит ағымын өзгертуге тура келеді. Магнит ағының шамасы қоздыру тогына тәуелді болғаны себепті оны жиі-жиі үзіп немесе қосымша кедергілерді үздік-үздік жалғап отыруға тура келеді. Мұндай жағдайдың тиімсіз екені себепті. Соңғы кездерде вибрациялық және жартылай өткізгішті кернеу реттегіштері пайдалынады.


Схема-4 /қосымша/

Вибрациялық кернеу реттегіші ОВ қыздыру орамдарына қосымша кедергі жалғау арқылы жүзеге асырылады. 4 түйіспе қосылған жағдайда қосымша резистор қысқа түйықталады. Реттегіш ОО орамдары генератор кернеуіне толық жалғанады. 2 серіппе якорьды жоғары қарай жылжытады. Сол себепті түйіспелер қосылып түрады. Бұл кезде ОВ қоздыру орамдары түйіспелер арқалы якорь және ярмо -I арқылы қосымша резисторды айналып өтеді. Айналыс жиілігі артқан сайын қоздыру тогы артуы себепті ОО орамдағы ток артып, өзекшені магниттейді, осы себепті түйіспелер ажырайды. Қосымша кедергі іске қосылады. Осының салдарынан ұштарындағы кернеу күрт төмендейді. Дегенмен, мұндай жүйенің өзінің кемшілігі жоқ емес, ол пружинаның уақыт өтуіне байланысты "әлсіреуі" немесе қосымша кедергінің шамасының өзгеруіне күйіп кетуі т.т. Өйткені, өтіп жатақан электрлік процестің күйін график түрінде көз алдымызға келтіретін болсақ ұдайы орташа кернеу шамасы анық болуы тиіс. Мұндай болу мүмкіншілігі тізбектердегі кернеу түсулеріне, Кирхгоф заңдарына байланысты, әркез орындала бермейді.



Түйіспелердің жабылу және қосылу кезіндегі уақыттар әртүрлі. Сол себепті де жартылай өткізгішті кернеу реттегіштері орын алған.
8. Мұндай схемада жұмыс істейтін реттегіштер
генератордың қоздыру тогы транзистордың эмиттер-
коллекторлы тізбегі арқылы реттелініп отырады. Мұндай
реттегіштер сонымен қатар түйіспесіз ретінде орындалады.
Түйіспесіз реттегіш Т1 транзисторындағы кернеу түйіспе
қызметін атқарады. Оны басқару жүктемелермен Д1
стабилитроны арқылы басқарылады. схема-5 /қосымша/
Мұнда реттелінетін кернеу I резисторында аз болған кезде параллель қосылған Д1 стабилитронының тесілу кернеуінен аз болады. Сол себепті стабилитрон ток өткізбейді, сондықтан Т1 транзисторының базасындағы кернеу 0 тең болып қалады. Т1 жабық, мұндай күй реттегіштің ажыратылып тұрған күйіне сәйкес келеді де, Т2 ашылады. Жалпы схеманың жұмыс істеу принципі мультивибраторлар негізінен импульстік кернеулер беруге, күту режимінде жұмыс істей алатындықтан оларды кілт ретінде, немесе басқа берілген сигналдарды басқаруды қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің дайындықтарын жақсарту:
біріншіден - оқытылатын пәндер мазмұнын оқыту мектеп бағдарламасы талаптарына байланысты оқытылуы тиіс;
екіншіден - білім берудің негізгі мемлекеттік стандартарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқыту мазмұны сандық және сапалық жағынан бағаланып жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек.
Осы тұрғыдан дипломдық жұмыста мамандыққа бағытталған курс мазмұны құрылып оны оқыту әдістемесі психологиялық, педагогикалық тұрғыдан оқытудың интегративті функцияларын арттыратын талаптар шешімін тапты.
2. Аталмыш курсты оқытпас бұрын студенттер арасында «Мамандық» жөнінде қызығушылық қалыптастыру мәселелері қолға алынды. Бұл үшін студенттерден мамандыққа байланысты бес-педагогикалық проблемаларды атау ұсынылды. Сонымен қатар мамандыққа, оқытушының роліне назар аудару ескерілді.
«Кәсіптік білім» белгілі бір мамандық иесі болуға бағытталса - 51% жуық; олардың өзі бұл мамандық бойынша қандай проблемалар бар екендігіне - 27,45% ғана көңіл аударды. Бұл деген сөз жоғарыдағы маман иелері бір кәсіпшілікпен айналысатын кәсіпкер тұрғысында қаралатынын байқатты. Яғни мамандық (педагог) иесі емес, кәсіп иесін дайындалып жатыр деген мағынаны түсіндірді.
Оның үстіне «Өздерінің кәсіби проблемалары қызықтыратындар» - 27,45% ғана құраса, ол осы мамандыққа оқыту процесінде қалай қызықтыруға болады дегенге - оқыту сапасын жетілдіру қажет деп жауап береді (47,05).
Осы педагогикалық, психологиялық зерттеу мәсслелері арнайы курстардың шектен тыс дифференцациялануы, оларды оқытуда белгілі әдістемелік бағыттың болмауы, әр түрлі семестрлерде жоспарлануы т.т. оқыту процесінде бірқатар проблемалар туғызып отырды. Пәндерді байланыста оқыту барысында студенттерде қосымша информациялық «шу» тудырары анықтады.
3. Осы мәселені шешу мақсатында пән аралық байланыстардың біз анықтаған (14 - 17 бет) формасы тиімді деп қабылдадық жэне бұл принцип математикалық талдаулар негізінде оқыту материалдарының структура-логикалық құрылымын беретіні анықталды ( 17 бет). Дипломдық жұмыстың көлемінің аздығына байланысты біз бұл мәселелерді мысал ретінде көрсетіп қана қойдық.
4. Жоғарыдағы анықталған мәселелер оқытуда белгілі тиімді әдістемелік бағытты ұстануды талап етті.
Дегенмен әдіскерлер арасында, методикалық классификация жасауда ортақ пікірлердің жоқтығы да байқалды. Солардың бірі студенттердің өзіндік жұмысы.
Бұл жұмыс әдебиеттерде практикалық жұмыстар қүрамына еніп кеткен. Дегенмен практика сөзбен образдық таным қүралдарын жүзеге асыру үшін қызмет атқаратындықтан ол оқушының танымдық қабілетінің сипаты бола өлшейтындығы анықталды. Осы тұрғыдан студенттердің өзіндік жұмыстары деп оқытудың ұйымдастыру формасы ретінде «Оқыту практикумдары» енгізіледі. Бұл жұмыстар студенттердің іскерліктері мен дағдыларын төселдіру мақсатында жасалынды. Яғни, әрбір іс-әрекет «не себепті», «не үшін» деген сұрақтарға жауап беру мақсатында құрастырылды. Мұндай жұмыстар тиімділігі өз бетінше жүмыс істеу қабілеттілігі коэффициенттімен анықталды (32 бет).
5. Курс бойынша оқыту мазмұны жасалынып оқу процесінде ендіріледі. Теориялық білімдер беруде курсты меңгерудің кейбір ерекшеліктеріне белгіленді жэне ол мәселелерді меңгеру оқыту процесінде, «ойлау қабілетін ұйымдастыратын оқыту модельдері» ұсынылды. Соның мысалы ретінде оталдыру жүйесінің демонстрациялық моделі оқу процесіне дидактикалық құрал ретінде енгізіледі.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Концепция трудового обучения и воспитания в средней
    общеобразователъной школы Республики Казахстан. //Учителъ
    Казахстана, 1993. 18 февраля.

  2. Батышев С.Я. Производственная педагогика. М., Машиностроение,
    1978.

  3. Бесполъко В.П., Ерецкий М.И. Методика обучения автоделу в средней
    школе. М, Просвещение, 1982.

  4. Брагинский М.В. Методика преподавания предмета «Механизация
    садово-паркового хозяйства». Л., ВО «Агропромиздат», 1988.

  5. Гулейчик А.И., Калошии А.И. Методика проведения занятий по
    подготовке машинно-тракторных агрегатов к работе. М.,
    Агропромиздат, 1986.

  6. Дидактика производственного обучеиия. Под ред. О.Ф.Федоровой. М.,
    В.Ш.,1973.

  7. Дюртеева О.Я. Организация проведения лабораторно-практических
    занятий по разделу «Сельскохозяйственные машины». Л., ВНИИПТО,
    1978.

  8. Жаров М.С. Методика проведения лабораторно-практических занятий
    по предмету «Тракторы и автомобили». М., 1981.

  9. Жаров М.С. Методика курса «Трактор». М., 1988.

  10. Жиделев М.А. Методы производственного обучения. М.,1988.

  11. Иванов В.И. Из опыта проведения лабораторно-практических занятий
    по предмету «Сельскохозяйственные машины». Сб. ВНИИ
    профтехобразования. Вып.1. Л.,1967.

  12. Казакевич В.М., Поляков В.А., Ставровский А.Е. Основы методики
    трудового обучения. М.,1983.

  13. Китаев И.Г., Чичков В.А. Технический труд в сельской школе. М., НИИ
    ТОПОАПНСССР, 1972.

14. Рубенштейн С.Л. Основы общей психологии. М. 1940г.

15. Гурьянов Е.В. Психофизиологические основы навыков человека. М., 1940г.


16. Богословский В.В. Вопросы психологии. М., Просвещение 1981г.
17. Басов М.Я. Избранные психологические произведения М., Педагогика, 1975 г.
18. Стеблев Н.М. Методика обучения устройству автомобиля, М.С. Просвещение, 1977г.
19. 3ахаров Н.Н„Симоненков .Д. Профессиональная ориентация школьников, М., Просвещение,1989г.
20. Рувинский Л.И., Кан-Калик В.А. Введение в специальность. М., Просвещение, 1988г.
21. Кожина О.А. Испоьзование инструкционных карт в про общественно -полезного труда. Школа и производство № 4 1983г.
22. Коменскийй Я.А. Великая дидактика. Изб.пед.соч. М.учпедгиз, 1955г.
23. Корольский В.В., Симоненко В.Д. Общественно -полезный производительный труд учащихся, М., Просвещение 1990г.
24. Краевский Б.В. Проблемы научного обоснования обучения. М., 1977г.
25. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. М., Педагогика, 1977г.
26. Беллабуна Электроника на автомобиле. М.,Транспорт, 1979г.
27. Калисский В.С., Манзон А.И. Автомобиль.Учебник водителя 3 класса . Алма-Ата Кайнар, 1970г.
28. Гольдин М.И. Электрооборудование автомобилей. М., Транспорт, 1983 г.
29. Брюханов А.Б. Электронное устройство автомобилей. М., Транспорт 1988г.
30. Вопросы психологии обучения труду в классе. Сборник под редакцией Смирнова А.А., М., 1968г.
31. Макаренко А.С. Некоторые выводы из моего педагогического опыта, сочинения том.5.
32. Рубинштейн С.Л. О мышлении и путях его исследования. М., Изд.АПН РСФСР 1958г.
33. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека. Киев, 1975г.
34. Методика трудового обучения общетехнических дисциплин под редакцией Тхоржевского Д.А., М., Просвещение, 1982г.
35.Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. М.,1973г.
36. Организация и оборудование учебно-производственной базы в межшкольных учебно-производственных комбинатах; пособие для преподователей, М.Просвещение, 1982г.
37. Вопросы психологии обучения труду в школе, сборник под редакцией А.А.Смирнова, М. 1968г.
38. Сухомлинский В.А. О воспитании, М.1971 г.
39. Дидактика средней школы. Некоторые проблемы современной дидактики под редакцией Скаткина М.М., М., Просвещение, 1982г.
40. Сознание философский словарь под ред. Розенталя М.М. М., Политиздат, 1972г.
41. Качнев В.И. Обучение конструирования на уроках труда.
42. Воспитание.философский словарь под редакциией Розенталя.М.М.
43. Гнатюк М.П. Нет предела совершенства. Книга для учителей.
44. Ушинский К.Д. Материалы к 3 тому педагогический антропологии, М., 1950г., томЮ.
45. Крупская Н.К. Педсочинения в 6-ти томах, М., Педагогика, 1978г.
46. Проект концепции содержания образования общеобразовательной
школы Республики Казахстан, Учитель Казахстан 8.04.93.
47. Илыш Е. Необходимость вопроса, Правда 1981г. 21 декабря.
48. За рулем №10 1992г., электроника на службе у водителя.
49. Радио №7 1992г . Еще раз об электронике на автомобиле.
50. За рулем № 12 1992г. Бесконтактные системы зажигания.
51. За рулем № 9 1992г. Электрозажигание-два пути к решению.
52. За рулем № 5 1992г. По сводкам статистики.

Қосымшалар




















Сурет. Аккумулятор батареясының деңгейін (а) және тығыздығын (б) тексеру.

Сурет

Сурет. Автомобильдің электрді пайдалану жүйесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет