Сабақ. Биотехнологиялық препараттарды өндіру кезіндегі биологиялық қауіп. Сабаққа дайындық сұрақтары



бет11/14
Дата12.12.2022
өлшемі53.7 Kb.
#467055
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
3 сабақ

Құрғақ ыстықпен стерилизациялау
97. Құрғақ ыстықпен стерилизациялауда камераның ішінде ауа айналымы және оның ішіне стерильді емес ауа кіруін болдырмау үшін артық қысымды ұстап тұру қарастырылған. Ішке енетін кез келген ауа тиімділігі жоғары фильтрден (НЕРА-фильтр) өтеді. Егер стерилизация пирогендерді жоюды қарастырса, онда эндотоксиндерді әдейі пайдаланумен сынақ жүргізіледі, ол валидация бөлігі ретінде.
Радиациялық стерилизациялау
98. Радиациялық стерилизацияны термосезімтал материалдар мен өнімдерді стерилизациялау үшін пайдаланады. Көптеген дәрілік заттар және кейбір қаптамалық материалдар иондаушы сәулеленуге сезімтал, тиісінше бұл әдіске өнімге зиянды әсері жоқтығы экспериментті түрде расталғанда ғана жол беріледі. Әдетте ультра күлгін сәулелермен сәулелеу стерилизациялаудың қолдануға лайықты әдісі болып табылмайды.
99. Стерилизация үдерісі кезінде иондаушы сәулеленудің жұтатын дозасын өлшеу жүргізіледі. Бұл үшін дозиметр пайдаланылады, оның көрсеткіші сәулелену дозасының пайдаланатын қуатына тәуелді емес, бірақ өнімнің өзі сіңірген сәулелену дозасының мөлшерлік тіркелуін қамтамасыз етеді. Дозиметрлерді жүктеу ортасына жеткілікті мөлшерде салады және сәулеленуге ұшырайтын орынның барлығында дозиметр барлығына кепілдік болуы үшін бір бірінен жеткілікті түрде жақын қашықтықта болады. Пластмасса дозиметрлерді олардың калибрлерінің жарамдылық мерзімі шегінде ғана қолданады. Дозиметр көрсетілімін сәулеленуден кейін қысқа уақыт ішінде түсіріп алу керек.
100. Қосымша бақылау құралы ретінде биологиялық индикаторлар пайдаланылуы мүмкін.
101. Валидация рәсімі стерилизациланатын өнімнің төселуінің әртүрлі тығыздығының әсері ескерілуіне кепілдік береді.
102. Материалдармен жұмыс рәсімі сәулеленген және сәулеленбеген материалдарды шатастыруды болдырмайды. Әрбір қаптамаға сәулеленген немесе сәулеленбеген қаптаманы айыру үшін сәулеленуге сезімтал түсті индикатор жағылады.
103. Сәулеленудің жұтылған жиынтық дозасы стерилизация үдерісіне жіберілген уақыт бойына жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет