Математика.
Тақырыбы: Көп және бір. 1саны мен цифры. Сантиметр.
Мақсаты: 1 санының мән мағынасын ашу (көп заттың ішінен бір затты бөліп алу) ; сан және цифр туралы түсінік беру; 1 цифрын жазып үйрену; сантиметр туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
« Бір немесе көп заттарды тап» ойыны. Айналаларыңа қараңдар, сынып бөлмесінде қандай заттар біреу, қандай заттар көп?
II . Жаңа материалмен таныстыру.
Практикалық жұмыс. Мұғалім ұлдардың орнынан тұруын сұрайды: Барлығы неше ұл? Ал Әлішер есімді ұл нешеу? Үстелдің үстінде көп шаршы жатыр, біреуін ғана көрсет.
III . Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Суреттен бір және көп заттарды ата.
№ 2. Аспанда бұлт көп, күн біреу, көп гүл, бір шырша.1 цифрының баспаша, жазбаша түрімен таныстыру.
IV. Дәптермен жұмыс.
№ 2.Торкөздегі жазуға қараңдар. Қандай цифр жазылған? 1 цифры торкөздің ортасынан бастап жазылады, сызықты торкөздің жоғарғы бұрышына дейін жеткізіп, содан кейін ол сызықты қайтадан төмен қарай торкөздің ортасына дейін жеткіземіз. Цифрды ауада санау арқылы жазыңдар. Бір дегенде сызықты жоғары көтереміз, және дегенде тоқтаймыз, екі дегенде сызықты төмен қарай жүргіземіз.
Сергіту сәті.
№ № 1, 3. Оқып беріп, өз беттерінше орындату.
Сантиметрмен таныстыру.
№ 3. Сызғыш –түзу сызық, кесінді, фигураларды сызуға, өлшеуге арналған құрал.Сызғыштың әр бөлігі (1 см) сызықшамен белгіленген, ол жерде цифр тұрады. Цифрлар сызғышқа ұзындығы 1 cм өлшемнің нешеуін сыйғызуға болатынын көрсетеді.
№ 4.Көз мөлшермен ең ұзын кесіндіні табады.
Қосымша материал
Адамдар санауды қалай үйренді?
V. Сабақты қорытындылау.
VI . Мадақтау.
Математика.
Тақырыбы: 2 саны мен цифры. Кесінді. Сәуле.
Білімділік мақсаты: 2 санымен, 2 цифрының жазылуымен таныстыр; кесінді, сәуле туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ұштастыра дамытушылық: 2 санының құрамын табуға байланысты тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін арттыру.
I. Кіріспе сәті
ІІ. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
«Бір ме, екі ме?» ойыны.1 мен 2 заттың суреті бейнеленген суреттерді көрсетеді. 1 мен 2 цифры жазылған карточкаларды көрсетеді, ал балалар суретті көрсетеді.
II . Жаңа материалмен таныстыру.
Алдыңғы санға 1-ді қосу арқылы келесі санды шығарып алу тәсілін көрсету. 1 доп бейнеленген суретті көрсетеді. Доп нешеу? Екі доп болу үшін не істеуге болады? Қалай 2 доп болды?Қолыңа 1шаршы ал. Ал екінші қолыңа тағы 1 шаршы ал. Қолыңдағы шаршылар нешеу болды. Қорытынды жаса.
Сергіту сәті.
III . Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Суретте ненің екіден екені сұралады. 2 цифрының жазбаша түрімен танысу.
№ 2. Шумақ жіпті өте ұзын етіп тарта беруге болады. Содан соң бір жағынан жіпті қиып, бұл басы, бірақ оның ұшы жоқ екенін көрсетеді. Осылайша сәуле ұғымы енгізіледі. Оқулықтағы сызбамен жұмыс. Содан соң жіптің бір бөлігін қиып алып, оның ұшын көрсетеді. Бұрыш ұғымымен танысу. Мұнда бұрыш бейнеленген, өйткені екі сәуле бір нүктеден шығып тұр. Бұрыш түзулердің немесе кесінділердің қиылысуы арқылы жасалады, оны айналаңды қоршаған ортадан, геометриялық фигуралардан (үшбұрыш,төртбұрыш, көпбұрыш) табуға болады.
№ 4.Хатқалтада қандай дөңгелектер мөр орналасқанын талдау.
Сергіту сәті.
IV. Дәптермен жұмыс.
№ 1. Өзіндік жұмыс. Бір нүкте қойылған фигураларды бір түспен, екі нүкте қойылған фигураларды көк түспен бояйды.Сонда кеменің суреті шығады.
№ 3.Логикалық тапсырма.
Кестенің әр ұяшығындағы жұптардың қандай белгілері бойынша құрылғанына талдау.(үлкен - кіші, биік -аласа)
V. «Бір немесе екі затты тап» ойыны.Көп заттардың ішінен тақтада бірден немесе екіден тұрған заттарды таңдайды.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII.. Мадақтау.
Әліппе
Тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі. Көйлек қайдан келді.
Мақсаты:
М м дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Әңгіме:
Марат деген баланың иті мен мысығы бар. Бір күні мысық есік алдында отырса, ит оған жақындап келіп, былай дейді:
Аф,аф! Осы сен үйде не істейсің?
Мияу, мияу! Мен бе? Тышқан аулаймын.
Қалай аулайсың?
Хе,хе,хе, сен қызық екенсің ғой. Тышқандар шиқ шиқ етіп, індерінен шығып ойнай бастайды. Мен болсам, ақырын , еппен, дыбысымды шығармай баяу үнмен, бірақ секіріп қатты дауыспен бас саламын. Мияу, мияу! Білдің бе, не істейтінімді?Мияу,мияу! Марат менімен дос. Ол екеуіміз үнемі ойнаймыз. Кел, екеуіміз де дос болайық. Мияу!
Аф, аф! Жарайды.
-Мараттың мысығы қандай дыбыс шығарады?
М дыбысының таңбасын көрсетеді.Моншақ, мысық, мотоцикл сөздерімен жұмыс.
Баған түрінде берілген буындар мен сөздерді оқушылармен бірге жүргізіп оқу керек.
II . Жазу дәптеріндегі М м әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Сергіту сәті.
III. Мазмұнды суретке қарап, әңгіме құру. Шағын мәтінді оқу. Талдау жинақтау әдісі бойынша талдау.
IV. Көйлек қайдан келді? Еңбекке баулу, мамандардың еңбегін бағалау, оларды құрметтеу сезімдерін оятып, қарым қатынас мәдениетін қалыптастыру.
V. Баған түрінде берілген сөздерге дыбыстық, буындық талдаулар жасалып, олардың жазылуына назар аудару.Кісі аттарын дәптердегі бос жолдарға жазу.
V I .Шарларда жазылған буындарды пайдаланып,сөздер құрастыру.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII.Мадақтау
Динамикалық үзіліс ойын «Тақия тастамақ»
Тақырыбы: Н н дыбысы мен әрпі. Нан.
Мақсаты:
Н н дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Әңгіме: Ас атасы- нан.
Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
-Мынау өсіп тұрған не? -деп сұрады.
Наужан, бұл пісіп тұрған нан деп , жауап берді әжесі.
Нан болса, таба наны қайда?
Таба нан да осы дәннің ішінде.
Ақ тоқаш ше?
Ол да осы дәннің ішінде.
Бауырсақ ше?
Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.
Әже, кіп кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? деп Науан таңғалды.
Ас атасы нан, нан атасы дән деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде деді әжесі.Нан сөзіне дыбыстық талдау жасатып, н дыбысының орны және дауыссыз дыбыс екенін анықта.Баған түріндегі буындарды , сөздерді дауыстап оқыту.
Нанның қайдан келетіні жөнінде әңгіме құру.
II . Жазу дәптеріндегі Н н әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Сергіту сәті.
III. «Нан»тақырыбындағы шағын мәтінмен талдау -жинақтау әдісі бойынша талдау.Буындардан сөз құрау.
IV. Нанды қадірле атты мазмұнды суретпен шығармашылық жұмыс жүргізу.
Тірек сөздер: Санат, ата,нан, тастама, Алмат, аула, ал.
V. Логикалық тапсырма.
V I .Сөздік диктант. Тас, дос, су, тал, мата, сула, алма, аула, Самат, Марал.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII.Мадақтау
Әліппе
Тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі. Аңдар.
Білімділік мақсаты: Ң дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау.
Ұштастыра дамытушылық: сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Жұмбақ жасыру.
Шаңда бар, Өмірде жоқ, Қайсы әріп,
Шамда жоқ. Өңірде бар. Қасарып.
Аңда бар, Ауырда жоқ, Көнбейтін болуға,
Малда жоқ. (Ң) Жеңілде бар. (Ң) Бас әріп? (Ң)
Оқушылармен қайталай отырып (Ша –ң -ң , а- ң -ң ), ң дыбысын тапқызу, оның әрпімен таныстырады. Қоңырау сөзіне дыбыстық талдау.
Сергіту сәті
Бағанда берілген буындар мен сөздерді оқыту.
III . Жазу дәптеріндегі ң әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Сергіту сәті.
Сөз басында келмейді,
Елдің бәрі ң дейді.
Дауысты дыбыс соңынан,
Тұрғанды теріс көрмейді.
IV .Мазмұнды сурет бойынша сөйлем, әңгіме құратып, оған ат қою.
-Балалар, мына сурет бойынша қандай әңгіме құрай аласыңдар?
-
Аңдар туралы сөз, сөйлем құру.Басқа да білетін аңдар туралы айту.
Мәтінге ат қою,шығармашылық жұмыс ( тауып оқу, теріп оқу, үзіп оқу, тұтас оқу ) түрлері жүргізіледі.Ертегі құрастыру.
-
Әткеншек түрінде берілген буындарды оқып, көшіріп жазу.
VII. Ойлан, тап. Шана,пияз,доп. Жаңғақ, шаңғы, саңырауқұлақ.
VIII . Сабақты қорытындылау.
IX.Мадақтау
Динамикалық үзіліс бой жазу жаттығулары
Математика.
Тақырыбы: Қосу.Азайту.Өрнек. « + », « - », « = »таңбалары.
Мақсаты: заттарды қосу (заттар жиынын біріктіру арқылы) және азайту (заттар жиынынан бөлікті бөліп алу арқылы) туралы түсініктерін қалыптастыру, математикалық өрнек туралы түсінік беру, өрнектерді таңбалардың көмегімен жазуға үйрету.
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарға ұқсас жаттығулар мен ойындар енгізіледі.
II . Жаңа материалмен таныстыру. (Демонстрациялық материалдар).
Екі топтағы заттарды біріктіру және заттар жиынынан заттар бөлігін бөліп алу бойынша практикалық жұмыс жүргізіледі.Топтағы заттардың саны анықталады, орындалған амал аталады, сәйкес терминмен танысады.Заттарды тақтаға орналастырып, мұғалім заттарды біріктіреді мысалы, аквариумға балықтарды немесе себетке саңырауқұлақтарды қосады.
Мен біріктіріп қостым, + таңбасымен белгілеймін.Математика тілінде өрнек деп аталатын математикалық жазу пайда болады. Неше болғанын жазу үшін = таңбасын қоямын.
Сергіту сәті.
III . Оқулықпен жұмыс.
№ 1. 1 + 1, 2 – 1 - өрнек. Саматта 2 кәмпит болды, оған тағы 1 кәмпит берді. Өрнек, өрнектің мәні деген терминдерді оқыту.
№ 4. ит пен оның үйшігі бейнеленген. Басқа торкөздерде не бейнелену керек екенін атау.
-
Дәптермен жұмыс.
-
Сергіту сәті.
№ 1. цифрлар мен белгілерді жазу.
№ 2. Қарындаштардың түсі қандай? Бірінші, екінші,үшінші қандай қарындаш тұр? Бірінші қарындашты қалдырып, екінші үшінші қарындаштардың орнын ауыстырамыз.Енді бірінші орынға көк қарындашты қоямыз, қалған екеуінің орнын өзгертеміз.
№ 3. Қосу кезінде нәтиже қосатын саннан артық болады. Азайту кезінде нәтиже азайтатын саннан кем болады.
-
№ 1тест. Қарапайым түсініктер тақырыбы бойынша тест тапсырмалары.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Мадақтау.
Динамикалық үзіліс
Әліппе
Тақырыбы: Ғ ғ дыбысы мен әрпі. Ат тағалау.
Мақсаты:
Ғ ғ дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Жұмбақ жасыру.
Ағада бар,
Менде жоқ.
Жағада бар
Жеңде жоқ. ( Ғ )
Аға, жаға сөздерін бірнеше рет айтып, оқушылардың назарын ғ дыбысына аударып, ғ дыбысының таңбасымен таныстыру. (А- ғ- ғ -а, жа- ғ- ғ- ға).Суреттерге сүйене отырып, керекті буындарды жалғап, оқушыларға кезек кезек оқыту. (ғалам, шағала, шалғы, шаңғы).
III . Жазу дәптеріндегі ғ әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.Берілген суреттердің аттарына сәйкес дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
IV .Баған түріндегі сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Сөйлемдер құрату. Сөздік жұмыс жүргізу.
Ол Сағат аға. Сағат Талғаттың ағасы. деген сөйлемдерді оқушыларға талдатып, оқушылардың ойлаған сөйлемдерімен олардың қатарын арттыру.
-
Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрау. Ат тағалау мәтінімен талдау жинақтау әдісі бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мәтінде неше сөйлем бар? Үшінші сөйлемдегі кісі аттарын ата.Олардың жазылуын түсіндір. Бірінші сөйлемнің соңғы сөзін буынға бөл. Екінші сөйлемдегі бір буынды сөзді тап. Төртінші сөйлемдегі бірінші сөзге дыбыстық талдау жаса.
VII. Логикалық жаттығу жұмыстары ауызша орындалады. Ғ дыбысы бар сөздерді атап, талдайды. Балға, таға, бұрғы сөздеріне дыбыстық, буындық талдаулар жасалып, ғ әрпінің орны анықталады.
VIII. Әріптік, буындық диктанттар жазу.
IX . Сабақты қорытындылау.
X.Мадақтау
Математика.
Тақырыбы: Пысықтау.
Білімділік мақсаты: математикалық өрнек және оның мәні туралы түсініктерін кеңейту, таңбалардың көмегімен өрнектер жазу дағдыларын дамыту.
Ұштастыра дамытушылық: Пәнге қызығушылығын арттыру, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Оқу үрдісінің тәртібі:
I. Психологиялық көңіл -күй.
ІІ. Ақпараттық. Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс
Тақтаға бір оқушыны шақыру. Мен неше оқушыны шақырдым? деп сұрау. Содан кейін тағы 2 баланы шақыру. Мен тағы неше оқушыны шақырдым? Тақтаның алдында барлығы неше оқушы тұр? 3 саны қалай шықты? Математикалық өрнекті жаз.
Содан кейін бір оқушыдан орнына отыруын сұрайды. Неше оқушы болып еді? Нешеуі отырды? Нешеуі қалды? 2 саны қалай қалды? Математикалық өрнекті жаз.
Сергіту сәті
II . Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Өрнек, мәнін табу дағдыларын жетілдіру.
№ 2. Сайқымазақтың доптарында жазылған сандар мен таңбалардан өрнектер құрастырады және дәптерлеріне орындайды.
№ 3.Суретке талдау жасау және әр суретке сәйкес өрнекті табу. Үштен екіні азайтамыз деген өрнекке үш көбелек қонып отырды, екеуі ұшып кетті деген сурет сәйкес келеді.
№ 4. Логикалық тапсырма.
Сергіту сәті.
III. Дәптермен жұмыс.
№ 1. Өрнекті оқып, мәнін табу, оған сәйкес сурет ойластырады. Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы. 3-2=1
№ 2. Оқулықтағы № 2. тапсырма дәптерге орындалады.
1+1=2 3-2=1 2-1=1
2+1=3 3-1=2 1+2=3
№ 3. Өздік жұмыс.
№ 4. Үлгі бойынша геометриялық фигураларды түсті қарындашпен бастырады. Мысалы, кесіндіні қызыл түспен бастыру керек, бұл жерде екі кесінді бар т.б.
VI. Сабақты қорытындылау.
-
Мадақтау.
Динамикалық үзіліс
Дүниетану.
Тақырыбы: Қоршаған дүниені қалай танып білуге болады?( танымжорық)
Мақсаты: оқушыларды қоршаған дүниенің әртүрлілігімен және әдемілігімен таныстыруды жалғастыру; зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларын қалыптастыру ; тірі және өлі табиғаттың құбылыстарын және заттарды бақылау, талдау, салыстыру, қорытынды жасау.
Сабақтың жабдығы: альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жинауға арналған папка.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
1. Танымжорықтың міндеті анықталып, мақсат қойылады.
2. Топтарға бөлінеді, өздеріне зерттеу жұмысының объектісін таңдайды.
3. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктерді қарау:
а) Қандай ағаштар көріп тұрсыңдар? Діңін қарап , оның түсін анықтаңдар?Ағаштардың діңінің көлемдерін салыстырыңдар?Жапырақтардың түсі қандай? Олардың пішіндері қандай?
ә) Бұталарды қараңдар. Олардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар? Олардың сыртқы көрінісінен қандай ерекшелікті байқадың?
б) Өсімдіктердің ішінен шөптесін өсімдіктерді тауып, оларды ағаштармен, бұталармен салыстыр. Олардың қандай айырмашылықтары бар?
Осылайша балалар жалпы айналадағы өсімдіктерге бақылау жасайды.
4. Тыныштық сәті.
Балалар аспанды, күнді, құстарды үнсіз бақылайды. Содан соң не байқағандарын әңгімелейді.
5. Әңгімелесу.
а) Өлі табиғат пен тірі табиғаттың арасында қандай байланыс бар?
ә) Адамдар қандай жұмыстар атқарады?
б) Табиғатты бақылауға, сезінуге, оның сұлулығын көруге адамның қандай мүшелері көмектеседі?
6. Сурет салу жұмысы.
Балалар естерінде қалғандарын, бақылағандарын сурет түрінде салып көрсетеді.
7.Бір бірімен пікірлесу.
Қоршаған ортаға қалай қарау керек?
8. Танымжорықтың қорытындысын шығару.
а) Бақылағандарың бойынша сені қандай көріністер қуантты, қандай көріністер ұнамады.?
ә) Сен табиғаттың жақсы досы бола аласың ба? Қалай боласың?
III. Сабақты қорытындылау.
IV . Мадақтау.
Әліппе
Тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі.
Білімділік мақсаты: Ж ж дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау.
Ұштастыра дамыту: сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру.
Оқу үрдісінің тәртібі:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Аңыз әңгіме:
Ертеде орманда бір жолбарыс тіршілік етіпті. Жолбарыс аяңдап келе жатса, ағаштың қасында жираф жайбарақат шөп жеп тұр екен. Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен. Өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей, жөн сұрапты:
Ау, сорайған, сен кім боласың?
Оқыс дауыстан шошыған жираф аяқтары дірілдеп: Мен бе, ж- ж -ж –жи- жи- жирафпын ғой , деп әрең тіл қатыпты. Атың қызық екен, ж –ж- ж –жи- жи- жираф, ж –ж- ж –жи- жи -жираф , деп қайталап жолбарыс жөніне кетеді. Жираф та аман есен құтылғанына қуанып, ж- ж- ж -жуф, деп дем алады.
Жолбарысқа жираф не деп жауап берді?
Балалар: Ж –ж- ж -жи -жи -жираф деп атайды. Ж дыбысының әрпін көрсету.Жирафты қазір керік деп аударып жүр. Оқушылармен жи, жу, жа, жо буындарын құрастыру.
48 –бет буындарды, сөздерді бірнеше рет оқу.
Сергіту сәті.
III . Жазу дәптеріндегі ж әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі.Жаға, жалау сөздеріне дыбыстық талдау жасап, берілген сөздерді үлгідегідей етіп жазу. Ат жарысы сөйлеміндегі сөздерге дыбыстық талдау жасап, көшіріп жаз.
Сергіту сәті.
IV .Суретке ат қою, олар туралы сөйлемдер құрастырып, әңгіме айтқызу.
Берілген мәтінмен тиісті жұмыс түрлері жүргізіледі.
V. Қарсы мәндес сөздерді орнына қойып, сөз тіркестерін оқу. Жуан ағаш, жіңішке ағаш, тар жол, кең жол. т.б.
VI. Үйде , Шаңғы жарысы тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру.Оқушыларға ат қою. Оқушылардың бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту бағытында құрылады.
-
Келесі буынды тап ойыны .
-
Сөздік диктант . Жал, жу, жусан, Жарас, жас, жол, жыл, жуан, жару, Жандос.
-
Әліппе серігі. «Жиренше шешен мен бала» оқу.
X . Сабақты қорытындылау.
XI.Мадақтау
Математика.
Тақырыбы: 4 саны мен цифры. Төртбұрыш, шаршы.
Мақсаты: 4 санымен 4 цифрының жазылуымен, 4 санының құрамымен таныстыру, төртбұрыш, шаршы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Жаңа материалмен таныстыру.
№ 1. Бірінші суретте бір түспен неше торкөз боялған? Нешеуін басқа түспен бояды? Мұны қалай жазуға болады? Неше болды? Демек 4 –бұл …
№ 2. Өздік жұмыс. 4 санының құрамын қайталау.
№ 3.Ауызша. 4 ке дейін тура және кері санау.
Тақтаға геометриялық фигуралар. Әртүрлі үшбұрыштар және 1төртбұрыш.Артық фигураны табыңдар.Ол неге артық? Бұл фигураны қалай атауға болады? Бұл фигура неге төртбұрыш деп аталады? Төртбұрыштың бұрыштары нешеу? Неше қабырғасы бар?
№ 4.төртбұрыштардың әр түрімен танысу.
№ 5.бекіту жұмысы.
№ 6. Геометриялық конструктор. Фигураларды құрастыр.
Сергіту сәті.
Қосу немесе азайту ойыны. Мұғалім амал таңбалары түсіп қалған мысалдарды көрсетеді, ал балалар керекті таңбаны жазады. 3... 1 = 4, 3... 1 = 2 т.б.
III. Дәптермен жұмыс.
№ 1. 4 тің жазылу үлгісін толтырады.
№ 2. Өздік жұмыс. Жазуға қараңдар. Математикада мұндай жазуларды қалай атайды? Өрнек. Өрнектің мәні 4 ке тең болатындай бос орынға сан таңдаймыз. Көрнекі түрде түсіндіру. 4 қарындаш алыңдар. Біреуін жеке қойыңдар. 4 шығу үшін 1 қарындашқа қандай сан қостық?
№ 3. Қандай сан көрсетілсе, сонша шаршының суретін салады.
№ 4. Нүктелерді ретімен қос. Қандай фигуралар шықты?
VI. Қорытынды.
-
Мадақтау.
Әліппе
Тақырыбы: І і дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
І і дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу.
Кірпіде бар,
Құста жоқ.
Түлкіде бар,
Мысықта жоқ. ( І і )
К –і- і- ірп- і- і , түлк- і- і- і созып айту.І дыбысының әріп таңбасымен танысу.
52 беттегі буындар оқытылып жаттықтырылады. І дыбысының орнын анықтату.
III . Жазу дәптеріндегі і әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ін, тіс сөздеріне дыбыстық талдау.
IV. Мазмұнды суретпен жұмыс.Шағын мәтінмен жұмыс. Сөздерді тұтас оқу.
Сызба бойынша шығармашылық жұмыс. Менің інім. Сенің інің. Сіздің ініңіз. Оның інісі.
Сергіту сәті.
«Ала бұзау» ертегісі. Ертегі мазмұнына сәйкес қимыл қозғалыстар көрсету.
-Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?
- Желмен шайқалған ағаш жапырақтарының дыбысы қандай?
- Маса қалай ызыңдайды?
- Ит қалай ырылдайды?
- Жылан қалай ысылдайды?
- Ара қалай ыжылдайды?
- Бұзау қалай мөңірейді?
V .53 беттегі сөз, мазмұнды сурет бойынша тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыру. Ілесті, тіл сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасау.
VI. Буындар оқытылады, ойын түрінде өткізіледі.
VII. Суретке қарап, сөйлемдер құратып, оны талдау.Жоғалған буындарды тап ойыны.
VIII. Логикалық тапсырма.
Шағала, жаға, таға, шалғының суреттерінің астында осы сөздерге қатысты дыбыстық талдаулардың орындары ауыстырылып берілген. Дұрысын табу.
IX . Әліппе серігі. «Ізет » оқу.
X . Сабақты қорытындылау.
XI.Мадақтау
Математика.
Тақырыбы: Қосу және азайту амалдарындағы сандардың атаулары.
Мақсаты: қосу және азайту амалдарындағы компоненттердің атауларымен таныстыру, сөздік қорларында термин сөздерді қолдана білуге үйрету.
Сабақтың барысы
I. Психологиялық көңіл -күй.
Тірек білімдерін жетілдіру.
«Үндемес» ойыны. Есептеу дағдыларын дамыту.
II. Жаңа материалмен таныстыру.
№ 1. математикалық терминдермен танысу. Оқулықтағы және көрнекіліктегі жазуларға сүйену.
№ 2. Дәптердегі және тақтаға ілінген кестеге сүйене отырып, өрнектерді әртүрлі оқу.
Сергіту сәті
Қосу
|
Азайту
|
Бірінші қосылғыш 2 , екінші қосылғыш 1 , өрнектің мәні 3
|
Азайғыш 3 , азайтқыш 1, айырманың мәні 2
|
2 -ні 1-ге арттыру
|
3 -ті 1-ге кеміту
|
2 плюс 1
|
3 минус 1
|
2 және 1 сандарының қосындысын тап.
|
3 және 1 сандарының айырмасын тап
|
2 –ге 1 –ді қосу
|
3-тен 1-ді алу
|
№ 3. Алдымен сол жақтағы балаларды санаймыз? (2 бала). Оң жақтағы суретте не өзгерді? (Бұрынғы 2 балаға тағы 2 бала келіп қосылды) .Цифрлар мен таңбалардың көмегімен бұл амалдарды қалай жазуға болады? ( 2 + 2 = 4 ). Ары қарай бұл сурет оң жақтан сол жаққа қарай талданады. Өрнектер дәптерге жазылады да, жаңа терминдерді пайдаланып оқиды.
№ 4. Ойлан, тап. Суретте неше үшбұрыш бар?
№ 5. Қандай фигураларды бірдей деп айтуға болады? Олар қандай белгілері бойынша бірдей?
Сергіту сәті.
III. Дәптермен жұмыс.
№ 3. тапсырманы оқулық бойынша талдап алғаннан кейін, дәптерге орындайды.
№ 4. Талдау. Қызыл орамал үстіңгі бетінде болу үшін боялмаған шаршының ішіндегі кіші шаршы ғана боялады. Ал көк орамал бетінде болу үшін боялмаған үлкен шаршы тұтас боялады.
VI. Сабақты қорытындылау.
-
мадақтау.
Дүниетану.
Тақырыбы: Мұрын иіс сезу мүшесі.
Мақсаты:
Адамның сезім мүшелерінің бірі мұрынның қоршаған дүниені танудағы маңызын ұғындырып, түсінік беру; оқушыларды тазалыққа баулып, гигеналық тәрбие беру; әрбір сезім мүшесінің адам өміріне оның қоршаған дүние ортасында дұрыс та мәнді тіршілік етуіне тигізетін әсерін түсіндіру арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.
Сабақтың жабдығы: әртүрлі иісті заттар сабын, иіссу, гүл, жусан, жемістер, т.б. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып
1. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Әр партаға неше түрлі иісті заттарды таратып беріп, олардың иісі туралы оқушыларды сөйлету (хош иісті, өткір иісті, жағымды, жағымсыз, т.б.)
Сұрақ жауап.
Иісті қалай сезесің?
Иісті сезінудің қандай пайдасы бар?
Егер мұрныңды жауып қойып, затты ұстап көрсең, оның қандай қасиеттерін не белгілерін сезіне аласың?
2.Әңгімелесу.
Адам неге иіссуды пайдаланады?
Киімді қысқа қарай сақтағанда арасына әртүрлі иісті заттарды салып орайды. Неге?
Үйдің ауасын неге үнемі тазартып отыру керек?
3. Оқулықпен жұмыс.
Мәтіннің мұрынды күтуге байланысты берілген бөлімін оқып беру. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
4. Тірек сөздерді (жағымды, жағымсыз, хош иіс, өткір иіс, тазалық, т.б. ) пайдаланып сөйлем құрастыру.
Сергіту сәті
5. Түрлі заттардың иістерін атап жаттығады.
6. Дәптерде берілген тапсырманы орындау.
7. Иісті айыра білудің адам өміріндегі маңызы. Кез келген білмейтін, бұрын көрмеген нәрсені иіскеуге болмайды. Мұндайда үлкендерден сұрау керек.
Жануарлар да иіс сезгіш. Мысық , ит бір нәрсені жемес бұрын иіскейді. Иіс арқылы өз жемін табады. Қасқыр мен түлкі де.Қыс кезінде түлкілер қар астындағы тышқанды иісінен табады.
III .Сабақты қорытындылау.
IV . Бағалау.
Тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
Ә ә дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту үшін сөйлемдер құруға машықтандыру, тұтас оқуға машықтандыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу.
Таныстырар әріппен
Мынау кітап Әліппең.
Әліппе деген аты оның
Басталған қай әріптен? (Ә)
Ә дыбысының таңбасын көрсету. Шарда берілген буындарды оқушылар оқиды.Ә дыбысы а дыбысымен салыстыра оқылып, жаттықтырылады.
III . Жазу дәптеріндегі ә әрпіне байланысты қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Әділ, Әлім сөздерін үлгі бойынша көшіру.Ә, А әріптерін және олардың қатысуымен құралған сөздерді үлгіге қарап көшіріп жазу.Жоғалған буынды тап ойыны.Буындарды жалғастырып, сөздер құрау, оны көркем жазу.
IV. Сурет бойынша сөйлем құру. Әнші мәтінімен жұмыс.
Әнші сөзінің тәуелденуі бойынша ауызша сын жұмысын жүргізу.
Сергіту сәті.
V .Берілген сөздерді оқып, буындық, дыбыстық талдау жасау.Суретке қарап, түрлі пікірлерін айту.Құраған сөйлемдерді талдайды. Сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға машықтыру.
VI. Логикалық жаттығу.дә -рі, ән- ші, мә- ні, әл -ді, шә- лі, сән- ді.
-
Дамыту ойыны.
Мұғалім әріпті көрсетеді. Оқушылар оған сөз ойлай бастайды. Әр оқушы өзі ойлаған сөздерін қанша дыбыстан тұратынын айтады. Мұғалім дыбыстарды ретімен айтып беруін сұрайды. Мысалы, мұғалім ғ әрпін көрсетеді. Оқушының бірі Ағаш дейді.Екінші оқушы оның төрт дыбыстан тұратынын айтады. Үшінші оқушы ағаш сөзіндегі дыбыстардың ретін айтып береді. Дыбыстардың дұрыс дыбысталуына мән беру.
VIII. 58-бет. Баған түрінде берілген буындар мен сөздерді оқыту. Сөздердің құрамы өзгеруіне байланысты мағынасының өзгергеніне мән беру, сөздік жұмыс жүргізу.Буындық, дыбыстық талдау.
IX . Мазмұнды суретке қарап, әңгіме құру жұмысын бастамас бұрын , мұғалім мынадай кіріспе ұсынады.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.,
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Бұлардың барлығын қалай атаймыз? Мал, малшы .Әр малдың бағушысының өз атауы болады. Мысалы, жылқыны жылқышы бағады, түйені түйеші, сиырды сиыршы, қойды қойшы (шопан) бағады. Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.Берілген шағын мәтін бойынша талдау жинақтау жұмыстары орындалады.
X. Жыл мезгілдері атты мазмұнды сурет әңгімені құру. Қыс. Көктем. Жаз. Күз.
XI . Сабақты қорытындылау.
XII.Мадақтау
Достарыңызбен бөлісу: |