Күтілетін нәтижелер.
Сабақ аяқталғаннан кейін ата-аналар:
- эмоцияларды бала жағдайының көрсеткіші ретінде қарастырады, «қажет» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізе алады, жағымсыз эмоцияларды жағымды эмоцияларға айналдыра алады;
- жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмін және мінез-құлықты реттеу тәсілдерін игереді;
- баламен нәтижелі қарым-қатынас жасау дағдыларын игереді, жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қабілетті болады.
Қажетті ресурстар: презентация, бейнелер, колонкалар, маркерлер, А3 және А4 парақтары, қаламдар.
Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ.
Әдістері: пікірталас, миға шабуыл, тренинг жаттығулары
Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.
Уақыты
|
Мазмұны
|
Құралдар
|
7 минут
|
Сәлемдесу
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгін сіздермен сабағымызда кездескеніме қуаныштымын. Бүгін мен сіздермен жасөспірімнің қажеттіліктері мен тілектері, оның мінез-құлқындағы қиындық белгілері, жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмі, өзін-өзі реттеу жолдары және жасөспірімдер ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары туралы сөйлескім келеді.
Сабақтың мақсатын қою: Бүгін біз жасөспірімдерге «қажет» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті, яғни қажеттіліктер мен қалаулар арасындағы тепе-теңдікті анықтауға қалай көмектесуге болатынын қарастырамыз.
|
Проектор
Тақтадағы дәйексөз:
Ауру кетсе де, мінез кетпейді
|
5 минут
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |