Квиллинг және оны жасау технологиясы.
Қағаздың қыр - сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою - өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады.
Квиллинг жасау технологиясы:
1. Қағаздарды ұзыншалап бірдей етіп кесеміз.
2. Жіңішке қағаздарды нығыздап таяқшаға ораймыз.
3. Оралған қағазды таяқшадан суырып, соңын желімдеп жабыстырамыз. Сонда бізде мынадай формалар шығуы керек.
4. Осы формаларды жинақтап, бір - біріне желімдей отырып, фантазияны іске қосып, әдемі бұйым жасаймыз.
Көлемді геометриялық фигуралардың модельдерін, көлемді геометриялық фигураларға негізделген ойыншықтарды жасау. .Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойыннан алады. Оқу жылының басында топқа шар, құрылыс материалдарын, мозайкалар т.б. енгізеді. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші шарды атап, оны көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр,мен шарды қолдан-қолға домалаттым. Балалар қолдарына шар алып дәл осы әрекетті қайталайды, кейін кімнің шары қандай түсте екенін анықтайды.
Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін зерттеу тәжірибесі болғандықтан әр түрлі өлшемдегі кубтар ұсынылады. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Кейін екі түсі өзгеше куб көрсетеді және бұл не? Оның түсі қандай? Қай куб көп немесе аз деген сұраулар қояды. Балалар кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан кейін оның тұрақты екенін анықтайды. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін қойып, бірдеңелерді құра бастайды.
Кейін бұл фигураларды салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді. Балаларға үлгі бойынша бірнеше шар немесе куб алуды ұсынады. Геометриялық фигураларды оқытуда балаларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |