Сабақ және оның құрылымы


Көрпешені дайындау техникасы



бет25/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Көркем еңбек

Көрпешені дайындау техникасы
Көрпе — матаның арасына мақта немесе жүн салып тіккен жамылғы әрі төсеніш; астары жай матадан, тысы асыл матадан тігіледі. Ол жамылғы көрпе және төсек (төсеніш) көрпе болып бөлінеді. Жамылғы көрпенің бір кісілік, екі кісілік түрлері болады, ұзындығы кісінің бойына лайық жасалады. "Құрақ","бесік" және "орауыш" көрпе деген түрлері бар. Ол жамылғы көрпе және төсек (төсеніш) көрпе болып бөлінеді. Төсек көрпенің сыртқы астарын маталардың қиығынан құрап тіксе, оны «Құрақ көрпе» дейді. Жамылғы көрпенің ұзындығы кісінің бойына лайық жасалады. Баланың бесігіне жабатын көрпеше «Бесік көрпе», бала орауға арналған көрпені «Орауыш көрпе» дейді. Бұлардың ұзындығы және ені бесіктің бас-аяғына, баланы орауға кең-мол жететіндей болу керек.
Жамылғы көрпе аты айтып тұрғандай жамылатын жылы көрпе. Ал төсек көрпе жерге не диван үстіне жайылады.
Көрпенің түрі олардың ені мен ұзындығына, қолдану мақсатына қарай жіктеледі. Төсек көрпе, әдетте, бір кісілік төсектің көлемінде етіп тігіледі. Кейбір құрақ көрпенің түрлері қыз жасауына енеді. Мәселен, төр көрпе, махаббат көрпесі, шәй көрпе, күйеу көрпе, құдағи көрпе, жамылғы көрпелерді атасақ болады. Қазақта құрақтың 200-ден аса түрі бар. Құрақ – мата қиындыларынан құралып жасалатын төсеніш. Яғни, қолөнер туындыларын жасағанда, қалдық болып жиналған қиындыларды қиюластырып, ебін тауып тіккен дүниені "құрақ" дейді. Құрақ көрпе тігуге қошқар мүйіз оюы көп қолданылады.
Құрақ түрлері: құрақтың ерекшелігі сол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төрт бұрыш) үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрақ адамды үнемділікке үйретеді. Шеберлер өте ұқыптылықпен, нәзік талғаммен, әдемі көз ХІХ – ғасырдың аяғы ХХ – ғасырдың басында құрақ өнері кең өріс алып, құрақ көрпеше, дәстүрлі төсеніш, тұрмысымызға көрік беретін сәнді бұйым безендіретін жиһаздарының бірі болып келді.
Қазірде ұлттық салт – дәстүріміз жалғасын табуда, яғни әр үйден құрақтан жасалған бұйымды кездестіруге болады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында көрпеге, қоржынға әдемілеп құрақ құрап ою - өрнектер түсірген. Көбінесе аққу құрағын. Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана тән емес әлемнің басқа ұлт халықтарында құрақ өнері кең дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданып жүр. Мысалы: Орыс халқы: «Ласкутная техника», Европада «Пэчворк», Жапондарда «Сашико» деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет