Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру.
Оқушылардың танымын ұлғайтып , жан- жақты іскер азамат етіп шығаруда технология пәнінің ерекше екенін атап өткім келеді.
Өрісі кең қолөнердің қай саласынан болсын , жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзіңін көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен бір өзіңе ғана тән , қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі . Ал қандай болмасын өнер және талант , дарын иелерін өмірге келтіретінде сол халық.
Өзге халықтар сияқты қазақтын да қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып – терген мол тәжірибелері бар.
Қазіргі кезде,сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын , үйрететін метептерде жүргізілетін технология пәні. Олай болса «Әке көрген оқ жонар , шеше көрген тон пішер » деген халық даналығын басшылыққа алып , жас ұрпақты тәрбиелеуде ,балаға эстетикалық білім беруде ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін ерекше маңызды.
Міне қазіргі уақытта шеберлердің шығармаларын технология сабағында оқып ,оларды зерттеп , жасалу жолдарымен танысып,білгендердің қолөнерін оқып өскен балалар бірте – бірте бұл өнердің қыр- сырын меңгеріп ,өз бетімен өмір жолын бастағанға дейін айтарлықтай тәжірибе жинайды . Эстетикалық талғамы жоғары «өнеріне қарай өрнегі » байқалып тұратын адамды халқымыз «Бармағынан бал тамған » деп жоғары бағалаған . Осыған орай , оқушыларға эстетикалық тәрбие беру бағытындағы негізгі мақсатым - қолөнер туындыларының ұлттық ерекшеліктерін балаларға жеткізе түсіндіріп , өнерге баулу . Сондықтан , оларға білім беру ,қолын машықтандыру ,еңбекке үйрету үрдістерінде ең алдымен баланың осы өнерге қызығуы пайда болады .Іске машықтануы арқылы икем мен бейімділігі қалыптасып ,шығармашылық немесе эстетикалық қабілеті артады,өз қиялы,өз идеясы пайда болады, шығармашылық ізденіс жетіледі , еңбек ету қабілеттері ашылады , шеберлік , іскерлік дағдылары қалыптасады. Осыған орай , сабақта болсын , үйірме жұмысында болсын баланың жеке қабілетінің дамуына аса көңіл бөлүіміз керек .
Достарыңызбен бөлісу: |