Сабақ және оның құрылымы


Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың құрастыруға үйрету және конструкторлық қабілеттерін дамыту



бет28/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Көркем еңбек

Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың құрастыруға үйрету және конструкторлық қабілеттерін дамыту
Көрем еңбек сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс. Көркем еңбек пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - оқушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнерді жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Көркем еңбек пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет. Жұмысты тиімді ұйымдастыру ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық және практикалық сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын ісәркеттері, оқу шеберханасының материалдық –техникалық базасы, оқу көрнекіліктері мен құралдарының жеткіліктілігі кеңінен зерделеніп барып, жоспарға енуі тиіс. Көркем еңбек пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, атабабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады. Көркем еңбек пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет