Сабақ және оның құрылымы


Көркем еңбек бойынша дәстүрлі емес сабақ түрлерін ұйымдастыру



бет29/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Көркем еңбек

Көркем еңбек бойынша дәстүрлі емес сабақ түрлерін ұйымдастыру
Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз- сабақ құрылымын оқу –тәрбие үрдісінің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субьектілік үлесін жоғарлататын формасы .Осындай сабақтар кезінде оқушы субьект ретінде болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып, ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде таным қызығушылығының механизмі әржақты күрделі, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады, өйткені ойлау үрдісі күрделі тізбектен құралып, жорамалдау, қажетті әдісті таңдау, білім – біліктің түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің саралануынан ең қажеттісі таңдап алынады. Бұл жағдайда оқушының барлық іс- әрекеті өзі үшін аса маңызды болып, шығармашылығы зор қуаныш әкеледі, «ашқан жаңалығына» таңдау, өзбетімен қиындықты жеңгеніне, басқаға көмектескеніне, тапқырлығына, білім игеруде алға жылжығандығына рахаттанады, эмоциялы қуаттанады. Дәстүрлі емес формалар сабақтың барлық түрлеріне қолданылады. Неғұрлым қызықты-сабақ түрінің белгілі бір дәстүрлі емес форманы таңдауға әсер ету мәселесі. Бұл мәселені сәтті шешу үшін Сіз сабақтың әртүрлі дәстүрлі емес түрлерімен белгілі бір тәжірибеге ие болуыңыз керек. Мен өз тәжірибемнен келтірілген бірнеше мысалдарды келтіремін: білімді бекіту және жетілдіру сабағын ойын (жарыс) түрінде өткізуге болады, білімді бақылау сабағы – бағалауды қорғау, сынақ – семинар, білімді қайталау және жүйелеу сабағы (тақырып бойынша жалпылама сабақ) – Білім аукционы, пәнге саяхат, интеграцияланған сабақ.


Көркем еңбек сабақтарында материалдар мен жабдықтарға дидактикалық және гигиеналық талаптар
Көркем еңбек сабақтарында материалдар мен жабдықтарға дидактикалық және гигиеналық талаптар1. Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал - жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының
кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс - тәсілдердің түрлері жазылады.
2. Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі - балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл - ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет