Сабақ және оның құрылымы


Көркем еңбек сабақтарында танымдық қызығушылықты арттыру жолдары



бет30/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Көркем еңбек

Көркем еңбек сабақтарында танымдық қызығушылықты арттыру жолдары
Негізінен еңбектің түрлері сан-алуан. Оқу еңбегі және практикалық еңбек деп екіге бөлінсе, практикалық еңбек өзіне-өзі қызмет етуі; қоғамдық пайдалы еңбек; ауылшаруашылық; техникалық; дизайн; көркем еңбегі жатады. Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек әрекеті жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы қиялына әсер ете отырып, олардың танымдық қызығушылық қабілеттерін арттыруға ықпал жасайды. Сондықтан көркем еңбек - оқушы қабілетін дамытудың негізгі факторы болып табылады. Қазіргі бастауыш мектептерде танымдық қызығушылық тұрғыда инновациялық білім беру мәселесі - оқытудың танымдық қызығушылық қызметінің сапасын анықтайтын, жаңа білімді тану мен жаңа бұйым жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын интеллектуалдық үдеріс. Оқушының танымдық қызығушылық деңгейі - оның берілген тақырыпқа байланысты өз қиялынан туған бұйым мен оны көркемдеп жасаудың жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру үдерісі танымдық қызығушылық ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек, танымдық қызығушылық ойдың нәтижесі - белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу актлері арқылы жасалады. Танымдық қызығушылықты қалыптастыруда еңбекке балаудан шығармашылық жұмыстардың орны ерекше. Өйткені, онда оқушы шектеулі тапсырманы ғана орындамайды, сыныптан тыс жұмыстары кезінде ол өзінің қиялынан туған идеяны ары қарай жетілдіре отырып, жаңа туынды шығарады. Бұл кез баланың қиялының өте белсенді дамитын кезеңі болғандықтан оның ақыл-ойына ерік беру керек.Тұрмыстық-шаруашылық еңбек әрекетіне ең алдымен оқушының өзіне-өзі қызмет ету әрекеті жатады. Мұнда олар бала кезден бастап ұқыпты болуға, тазалыққа үйретеді. Сонымен қатар киімдерін таза ұстап, тәртіпті жүретін баланың миы да тәртіппен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар үй шаруашылығына көмектесу ересек өмірге дайындығын көрсетеді. Бұл әрекеттер негізінде де оқушының танымдық қызығушылығы қалыптасады деп есептейміз. Қолөнер - бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына мүм-кіндік жасау құралы болып табылады. Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылар қолөнердің, дизайнның қарапайым дағдыларын меңгеріп, оны болашақта өз тәжірибесінде танымдық қызығушылықпен пайдалану іскерліктеріне үйренеді. Қолөнердің қай түрі болмасын, ол баланың ұшқыр қиялын дамытып, логикалық ойлауын жетілдіреді. Соңғы кезде қоленердің түрлерін үйрету мектептегі сабақ жүйесіне енгізу заман талаптарының біріне айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет