Ортасы
|
Миға шабуыл. Ойлау дағдысы: білу,түсіну;
Мақсаты: Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады, мақсатты айқындайды.
1-тапсырма. Слайд арқылы болашақ бұйымның сұлбалары мен нобайлары ұсынылады.
«Ойлан, топтас» әдісі. Топтық жұмыс.
Мақсаты: Бұйымның бөліктері қандай материалдан жасалатыны жөнінде өз ойларын білдіріп, топта талқылау;
Бағалау критерийі: Бұйым жасауға қажетті материалдарды, құралдарды және орындау тәсілдерін анықтайды.
Дескриптерлер:
1.Нобайды меңзерлер мен жазбалар арқылы қажетті ақпаратты көрсетеді. 2. Бұйымды жасауға қандай құрал-аспаптар қажеттілігін анықтайды.
ҚБ: «Бағдаршам»
Ширату жаттығуы «Түртіп алу» әдісі
Мақсаты: Жиһаз заттарын жасау кезінде осы кестені ескеру;
2- тапсырма. Жұптық жұмыс. Ойлау дағдысы: білу,түсіну;
«Түсініктемелермен жұмыс»әдісі
Мақсаты: Бұйымның графикалық құжатымен танысу және бұйым құралын таңдау;
Бағалау критерийі: Өз идеяларын жүзеге асыруда түрлі тәсілдермен бұйым құралдарын таңдайды.
Дескриптор:_1.Жиналмалы_орындық_пен_оның_өлщемдері_берілген_жекелеген_бөлшектер_сызбасына_назар_аударады._ҚБ'>Дескриптор:
1.Жиналмалы орындық пен оның өлщемдері берілген жекелеген бөлшектер сызбасына назар аударады. ҚБ: «Бас бармақ»
3- тапсырма. Ойлау дағдысы: Қолдану
«Көрсет және әңгімеле» әдісі
Мақсаты: Бұйымды жасау Бағалау критерийі: Жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтап, материалдар мен құралдарды қолдану және бұйымды жасау.
Дескриптор:
1. Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, жинамалы орындықты жасайды.
ҚБ: өзара бағалау. Саралау: диалог және қолдау көрсету.
|