І. Сабақтың басы
|
1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
2. Оқушыдан Scratch программалау бағдарламасы жайында өздері білетін ақпараттар сұралады, мұғалім тарапынан қосымша мәліметтер беріледі.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау.
- Айнымалы ұғымы саған таныс па?
- Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады?
Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолдану туралы бейнематериалды тыңдай отырып қажетті ақпаратты алу.
Тиімділігі: жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Саралау: оқушының қажеттілігіне қарай қолдау көрсете отырып түрткі сұрақтар беріледі.
|
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін мұғалімнің көмегі арқылы танысады.
Оқушы Scratch программалау бағдарламасын еске түсіреді. Білімін ортаға салады.
Оқушылар Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолдана алады.
|
Оқушы мен мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
|
https://youtu.be/6UDceW-o2HI
|