Сабақ жоспары Тақырыбы: Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі



бет3/7
Дата22.10.2022
өлшемі153.65 Kb.
#463270
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
1 тапсырма. «Ассоциация» құру.
1-топ: Қазақ тілі пәнінде жаттығудың қандай түрлері орындалады?
2-топ: Диктанттың қандай түрлерін білесіздер?
3-топ: Жазба жұмыстары не үшін жүргізіледі?

Түрлі-түсті қағаздағы пазлдар және топтың аты жазылған кубеткалар
А3 парақ, маркер



Сабақтың ортасы


2 минут
15 минут
10 минут

12 минут
10 минут


7 минут

Дәптерлеріне күн ретін, тақырыпты, жоспарды жазады.
Жоспар:
1. Жаттығу жұмысының түрлері
2.Бастауыш мектепте жүргізілетін диктант түрлері
3.Жазба жұмыстарының жүргізілу жүйесі
4.Материал таңдауда қойылатын талаптар


2 тапсырма.
«Джигсо» стратегиясы арқылы оқулықтағы материал үш бөлікке бөлініп, үш топқа беріледі. Білім алушылар материалды оқып танысады, постерге түсіреді, қорғайды.
1-топ: Оқушылардың жазу дағдысын нығайтуға арналған жаттығу жұмысының түрлері
2-топ: Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері
3-топ: Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстардың жүйесі және материалды таңдауға қойылатын талаптар
Оқытушының жаңа сабақты түсіндіруі.
Жазба жұмысының инновациялық түрлері
Диктант - латынның «diktо» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі.
Әлемдік тәжірибеде диктанттардың түрлері өте көп. Олар өмірге бір қажеттілік ретінде туындап, оқушылардың қызығушылығын тудыратын әдіс ретінде қолданылуда. Бүгінге дейін біздің қолданып келген диктант түрлері жазылым дағдысына жатқызылып келсе, қазіргі диктанттың жаңа түрлері тыңдалымды игеруге бағытталған тәсіл ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет