5. Қақпақшалардың түрлері, патоморфозы. Жүре болған жүрек кемістігінің ең жиі түрі — қосжақтаулы қақпақшаның кемістігі, яғни митралдық кемістік. Ол көбінесе ревматизмнен, кейде атеросклероздан дамиды. Оның үш түрі бар: 1) қақпақшаның жақтаулары жеткіліксіз; 2) сол жақ жүрекше-қарыншааралық (митралдық) тесік қана тарылатын және 3) жақтау жеткіліксіздігі мен тесік тарлығы қосарлана дамитын (митралдық ауру). Дербес кемістік түрінде қақпақша жеткіліксіздігі сиректеу, ал стеноз жиірек байқалады. Көбіне осы екі ақау бірі екіншісінен басымырақ түрде құрамдаса дамып, ақырында қарынша мен жүрекше арасындағы тесікті тарылтады. Қайталамалы ревматизмнен (эндокардиттен) зақымдалған қақпақшаны қан ағысының әсері одан әрі жарақаттап, гиперплазиялық үдерістер бүлдіре түседі, сондықтан склероз өршіп, кемістік тез қалыптасады. Гиперплазияның нәтижесінде қақпақшада қан тамырлары пайда болып, дәнекер тін көбейеді, тыртықтанып, кейде ізбестеніп, қатайған қақпақшаның жақтаулары шорланып, бірігеді. Жүрекше-қарыншааралық тесіктің фиброзды сақинасы да шорланып, ізбестенеді. Хордалардың желісі шорлана келе жуандап, қысқарады. Митрал кақпақшаның жеткіліксіздігі басымырақ болса, диастола кезінде қан кері ағып, сол жақ қарыншаны кернейді. Қарыншаның іргесінде компенсациялық гипертрофия өрістеп, ол қалыңдайды.
Митралдық қақпақшаның көбінесе фиброзды сақина тұсы тарылады (стеноз). Тарыла келе митралдық тесік «түйме тесікті» немесе «балық ауыз» саңылауға айналады (140-сурет). Кейде оған пинцеттің ұшы әзер сияды. Митралдық тесік тым тарылса, қанның кіші қанайналымындағы ағысына кедергі туып, сол жақ жүрекше кеңіп, оның іргесі қалыңдайды; эндокард шорланып, ақшыл тартады. Кіші қанайналымы шеңберіндегі гипертонияның салдарынан оң жақ қарыншаның іргесі де тым қалыңдап (1—2 см дейін), оның да қуысы кеңиді.
Ы ВЕРСТКА! Вставить рисунок «Рис. 140. Митральный порок сердца. Резко выраженный стеноз левого венозного (митрального) отверстия (вид сверху)». Ы
Қолқалыққақпақшаның кемістігі митралдық кемістіктен сиректеу. Оның көбі ревматизмнен, ал біразы атеросклероз бен сепсистік эндокардиттен және бруцеллез бен мерезден дамиды. Қолқа кақпақшасының ревматизмнен шорлануының басты себептері де митралдық кемістікті туындататын үдерістер. Сондықтан бұл қақпақшаның жақтаулары да шорлана келе қалыңдап, ізбестенеді (141-сурет); бірде қақпақша жеткіліксіздігі дамып, енді бірде — қолқа сағасының тесігі тарылады (стеноз). Атеросклероз қақпақшада ізбестену мен шорлану және липоидоз бен липосклероз үдерістерін қатар өрістетіп, жақтаулардың синус жақ бетін басымырақ бүлдіреді. Ал сепсистік эндокардит пен бруцеллезден жақтаулар тіпті көп ізбестеніп, қатты зақымдалады (жолақтар, тесіктер, аневризмалар қалыптасады), сөйтіп қалыпты сиқынан таяды. Мерез көбіне қолқа қақпақшасын зақымдайды және мезаортрит дамытады, сондықтан қолқаның саңылауы кеңіп, әдетте жақтаулардың жеткіліксіздігі байқалады.
Ы ВЕРСТКА! Вставить рисунок «Рис. 141. Аортальный порок сердца. Утолщение, склероз и сращение заслонок; гипертрофия стенки левого желудочка». Ы
Қолқа қақпақшасының кемістігі кезінде жүрекке едәуір қосымша күш түсіп, оның, әсіресе сол жақ қарыншасы қалыңдайды (141-суретті қара). Егер қолқа қақпақшасының жақтаулары жеткіліксіз болса, жүректің массасы 700—900 г дейін өседі; ондай үлкен жүрек «бұқа жүрегі» (соr bovinum) деп аталып кеткен. Әдетте, сол жақ қарыншаның эндокарды да шорланып, қалыңдайды. Гемодинамика өзгереді, сондықтан кейде қақпақша тесігінің астында айшық жақтауларға ұқсайтын құрылымдар қалыптасады. Олар «қосымша қақпақшалар» деп аталады.