Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал туғызу.Музыка әуенің қою.
Қағазға киімнің стиль түрлерін жасырып.үш топқа бөлу
Формативті
Үй тапсырмасын сұрау 5 минут
-«Кім жылдам?» ойыны Ұяшықтарға сұрақтар жасыру
10 10 10
20 20 20
30 30 30
1. Машинада дұрыс отыру тәсілі (арқаны тік ұстап машина мен адам арасы 30см болу керек) 10
2. Машина инесінің қызметі қандай? (негізгі қызметі тігіс тігу) 10 3. Тігін машиналарының неше түрі бар? (қол жетекті, аяқ жетекті, электр жетекті) 10
4. Машина тігістерінің түрлері? (жапсырмалы, бастырмалы және шет тігіс) 20
5. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды? (1755ж неміс Карл Вейзентель, 1834ж американдық Уолтер Хант) 30
6. Электрлі машина жұмысын аяқтау үшін қандай операциялар орындалады? (инесін төмен түсіру, табанын төмен түсіру, тоқ көзінен ажырату) 20
7. Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындайды? (астыңғы және үстіңгі жіптерін сабақтау, машшина жанын артық затардан тазарту, машинаны тоқ көзіне қосу) 30
8. Жалпы тігін машиналарының аттарын ата. (чайка, джаноме, сингер, зингер т.б) 30
9. Машинаның жақсы жұмыс істеуінің маңызды шарттарының бірі...(иненің дұрыс орнатылуы) 20
Осы сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашу
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.
Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды Адам өзін жайлы, сенімді сезіну үшін киім ыңғайлы, әдемі болу керек. Қолдануына қарай киім түрлерінің бөлінуі: v Сырт киім v Жеңіл киім v Іш киім v Жағажай киімі v Бас киімі
Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді 1. Сырт киім, 2.Жеңіл киім,3. Іш киім.
Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап – таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.
Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады:
- Тығыздап тоқылған,
- Біркелкі боялған,
- Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек.
Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар).
Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка)..
1. Өз ойын ашық жеткізе білді
2. Толық мәлімет берді
3.Өмірден байланыстыра алды