Сабақ жоспары: Теориялық бөлім



бет11/15
Дата12.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#462455
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Практ. ТОТОВ

Практикалық сабақ №10-12
Тақырыбы: Мұнай, газ және көмірді өңдеу процестері мен тауарлы өнім алудың физика-химиялық процестерінің ғылыми негіздері.


Сабақ жоспары:

  1. Теориялық бөлімі

  2. Есептер мысалы

  3. Өз бетінше есептер шығару

1.Мұнайды және мұнай өнімдерін фракцияға бөлу үшін, айдауды бірітндеп немесе бір рет буландыру арқылы іске асыруға болады. Біртіндеп буландырумен айдаған түзілуші булар айдаушы аппараттан үздіксіз шығарылады, олар конденсацияланады, конденсатор-тоңазытқышта суытылады және қабылдаушы ыдыста дистиооят фракциялары есебінде жиналады. Бұған қарама-қарсы , егер қыздыру процесінде түзілуші булар қажетті температураға жетпей тұрып, қыздырушы аппараттан шығарылмаса, онда бу фазасын бір кезекте сұйық фазадан бөледі де, процесті біртіндеп буландырумен айдау дейді.


Мұнайлар мен мұнай фракцияларының құрамын анықтау үшін лабораторияда айдаудың мынадай бес әдісі ең көп қолдану табуда:

  • төменгі температурада жүргізілетін ректификация – сұйытылған газдар және 20С төменгі температурада қайнайтын көмірсутектер фракциялары үшін;

  • орта температурада жүргізілетін айдау – 350С дейін қайнайтұғын мұнай өнімдері үшін;

  • 350С жоғары температурада қайнайтұғын сұйықтықтарды вакуумда айдау;

  • жоғары молекулалы заттарды (массалы, шайырларды) – молекулалық дистилляция;

  • біртіндеп буландыру әдісімен айдау.

Жаңа мұнайларды зерттегенде фракциялық құрамды ректификациялық колонналармен жабдықталған стандартты айдау аппаратында анықтайды. Бұл фракциялардың бір-бірінен анық бөлінуін жақсартады және осындай фракциялау нәтижесіне сүйеніп, температура – құрамы (%) координатында салынатын шын қайнау температурасы (ШҚТ) деп аталатын сызығын шығаруға көмектеседі. 200С дейін қайнайтын фракцияларды алуды атмосфералық қысымда, ал басқа жоғары температурада қайнайтұғын фракцияларды, термиялық ыдырауды болдырмау мақсатында, - әртүрлі вакуумда, яғни, атмосфералық қысымнан анағұрлым төменгі қысымда жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет