Сабаќ жоспары


Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп, олар да қыстан Аман шығуға әрекет жасайды. (С.М.)



бет14/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп, олар да қыстан Аман шығуға әрекет жасайды. (С.М.) Хабарлы сөйлем оқиғаның, іс-әрекеттің болымсыздығын да білдіреді. Мысалы: Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды, кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды.
Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды, айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірлерін білдіреді. Мысалы:
Ақ сүтін беріп, аялап өсірген ананы қалай сүйсең, еліңді де солай сүю-қасиетті борышың. (С.А.)
Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді.
Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
.
Сызбасы:
.
ІV .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
16-жаттығу.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын толық сақтап әңгімелеңдер.
2. Мәтінді абзацтарға, әр абзацта қанша сөйлем бар екенін табыңдар.
3. Хабарлы сөйлемдерді ережеде айтылғандай жік-жікке бөліп топтаңдар. Оқиға қай шақта баяндалғанын айтыңдар.
4.Әңгіме қандай тәсілмен жазылған? (Баяндау, хабарлау, әңгімелеу)
Кішкентай көрші
Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді. Сонда да ол осы маңайдағы тұрғындардың бәрімен көптен таныс, сырмінез адамдай етене боп, араласып кетті. Оны бала да, үлкен де жақсы көреді. Демалыс күні бала біткеннің бәрі соның төңірегінен шықпайды. Оның білмейтін ойыны, таппайтын өнері жоқ: неше түрлі ойыншықтар жасайды, қағаздан сан алуан кестелер ояды…
Ал оның үлкендермен араласуы да қызық. Бірін «әке», бірін «аға», бірін «әже», бірін «апалап» салған жерден-ақ өзіне ұйытып алады. Олармен қысылып-қымтырылмай, өзінің туған әкесіндей я шешесіндей еркелей, ешбір іркілмей сөйлеседі.
Жабығу, қамығу яки жатырқау, тосырқау дегендерді білмейтін, жүрегін тек қуаныш қана жайлаған бұл жанға қарап еріксіз күлімсірейсің. Бойыңды әлденедей көңілді ағым билеп күлімсірейсің.
Бір ғажап тынымсыз жан. Оның бір минут дамыл тапқанын өз басым көрген емеспін. Жұмысынан қайтса, пәтеріне келе салып я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе үй жұмысымен айналысып кетеді. Әйтеуір қарап отыру деген онда бола бермейді және бір тамашасы: сол жүргеннің бәрінде ылғи өлеңдетеді де жүреді.
(М.Иманжанов)
17-жаттығу.
1. Төмендегі екі мәтінді оқып шығыңдар.
2. Сөйлемдердің аяқталған тұсына нүкте қойып, келесі сөйлемді бас әріппен жазыңдар. Мәтінді абзацқа бөліңдер.
3. Бас әріппен жазылған сөздердің қандай сөздер екенін түсіндіріңдер.
4. Бұларды өздерің оқып кеткен қандай мәтіннің жалғасы деп табар едіңдер? «Қазақ жері – ежелгі адамдар мекені» деген тақырыпта эссе жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет