Сабаќ жоспары



бет5/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материал
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


1. 3-жаттығу
2. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары (мәлімет)


ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Оқулықпен жұмыс
4-жаттығу.

  • 1. Ойдың желісін сақтап, қайтадан әңгімелеңдер.

  • 2. Ойға тірек болған сөздерді тауып, қандай тұлғада жұмсалып (түбір, туынды, біріккен, тіркескен), қандай қосымшалар арқылы түрленіп тұрғанын талдаңдар. Мәселен: ғұн, қытай,…

  • 3.Нормадан ауытқып, өзгеше қолданылған сөздер бар ма? Іздеп тауып, солай жұмсаудың дұрыс, дұрыс еместігін айтыңдар.

  • 4. Мәтіндегі ой түйіндерін анықтаңдар.

Мөденің дәуірі-ғұндарда ерлік жырын тудырған бір жарқын заман. Оның бар өмірі Қытайдың озбырлық ісімен алысып, оны жеңіп шығуға не тең түсуге арналған. Алғашқы жылдары Қытай үкіметі Мөдені өздерінен келе санап, одан салық сұрайды, қымбатты дүние, алтын, күміс алмақшы болады. Соның бірі- «Мөденің әкесінен қалған, күніне мың шақырым жүгіретін атақты тұлпары, соны бізге тартсын»,-деп елші жіберуі. Мөде бұл істі билердің кеңесіне салады. Бектер жаны қызып, жойқын наразылық білдіреді: «Бұл не деген сөз? Мың шақырым жүгіретін тұлпар –тек ғұн елінің қазынасы. Оны қалай бересің?» Мөде болашаққа көз салып: «Бұл залыммен әзірше жауласпайын. Бізде тұлпар жылқы аз емес қой»,-деп, беруге ұйғарады.
Тұлпарды алып Қытай үкіметі тағы да өршелене бастайды. «Бізге Мөденің бір ханымын сыйға тартсын», - деп елші жібереді. Ғұнның бектері оның хатын оқи отырып: «Қытай хандарында ар, ұят деген нәрсе жоқ! Не деген сөз-ханның әйелін берсін деу. Оның сөзін тыңдап отырғанша, тура соғысқа шығу»,-деседі.
Мөде оған қарамай, бір тоқалын беріп жібереді. Ғұндар қытай елінен тыныштық тілейді.
Бірақ Қытайдың ғұндарға астамшылық ісі үсті-үстіне көбейе береді. «Мөде бізден қорқады екен. Олай болса, екі үкімет арасындағы ұзындығы мың шақырымға созылып жатқан бос жерді сұрап алайық»,-деп, тағы да елші жібереді. Мөде оған қатты ашуланып: «Бұл не деген сөз? Жер-халықтың қазынасы, оның күн көрісі. Оны қалай бересің?» -деп, «берейік» деген бектердің бәрінің бастарын кестіреді. Сол арада отырып: «Мұндай зорлықты естігенше, не бүтіндей жойылып, не ұлы жойқын соғыс ашайын»-деген ұлы тілекке келді.
( Ә.Марғұлан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет