Сабаќ жоспары


Кесте арқылы жаңа тақырып туралы лингвистикалық білім беру



бет59/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Кесте арқылы жаңа тақырып туралы лингвистикалық білім беру.

Салалас құрмалас


1.Іргелес,ұласпалы 2. Жалғаулық шылаулар
(тиянақсыз)
интонация
Құрмалас сөйлемнің түрлері.

1.Салалас 2. Сабақтас 3. Аралас
Жалғаулықтар:

  1. Ыңғайлас мәнді; да, де, та, те, әрі, және

  2. Қарсылықты мәнді; бірақ, алайда, дегенмен.

  3. Себеп-салдар мәнді; өйткені, себебі, сондықтан.

  4. Талғау мәнді: не, немесе, я, яки, не болмаса.

  5. Кезектес мәнді; кейде, біресе, бірде.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз.


Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

  1. Мағыналарының жақындығына қарай, іргелес тұрып, ұласпалы (тиянақсыз) интонация арқылы байланысады. Мысалы:_Берден_бұдан_гөрі_де_шұбалта_сөйлемек_еді,_әлденеден_сүйретпеде_жатқан_қозылары_шу_ете_түсті_('>Мысалы: Берден бұдан гөрі де шұбалта сөйлемек еді, әлденеден сүйретпеде жатқан қозылары шу ете түсті (Ғ.М.) Бұл сөйлемде бірінші жай сөйлемдегі ойға екінші жай сөйлемдегі ой қарама-қарсы айтылу арқылы құрмаласқан.

  2. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Шынында, Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеберлік бар, әрі, бір жағынан, Семейдің үркек, шорқақ чиновниктерін айламен сескендіру де бар. (М.Ә)

Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. Олардың арасындағы мағыналық қарым-қатынас бірыңғай болмай, әр алуан болып келуі мүмкін.


IV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
96-жаттығу
1. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын өздерің ойлап тауып, салалас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.
2. Содан кейін тұрлаулы мүшелерінің астын сызып, бір сөздің қайталануынан болған тұрлаулы мүшенің біреуін ғана қалдырып, салалас құрмалас сөйлемдерді бірыңғай мүшелі жай сөйлемге айналдырыңдар.



  1. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер. (Еңбек ерлікке, ерлік елдікке жеткізер.)

  2. Көз қорқақ, қол батыр.

  3. Еңбек түбі-береке, көптің түбі мереке.

  4. Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді. (Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді)

  5. Көп қорқытады, терең батырады.

  6. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас.

  7. Атаның баласы болма, адамның баласы бол.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет