2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Салаласа байланысқан жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, өзара іргелес тұру арқылы да, бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Егер жай сөйлемдер жалғаулықсыз байланысса, ондай жағдайда үтір мен сызықша қойылады.
Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің іргелес тұрып не жалғаулық шылаулар арқылы байланысына қарай ол жалғаулықсыз қарсылықты салалас және жалғаулықты қарсылықты салалас деп екіге бөлінеді.
1. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды – болымсыз формадағы сөздерден жасалады.
2. Жалғаулықты қарсылықты салаласбірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.
IV. Жаңа сабақты бекіту. 1.Оқулықпен жұмыс 105-жаттығу
1. Мақалдардың сыңарлары салаласа байланысқан ба, сабақтаса байланысқан ба?
2. Жетіспей тұрған тыныс белгілері болса, дәлелдеп қойып шығыңдар.
3. Төмендегі ғылыми мәтінде берілген ой-пікірдің өтіліп жатқан тақырыпқа қатысы бар ма? Дәлелдеңдер.
4. Автор келтірген мақалдардың қарама-қарсылығына көз жеткізіңдер.
Бірімен – бірінің логикалық байланысы жоқ, мағыналары кереғар, тіпті қарама-қарсы келетін, әдетте, ұйқас үшін қатар тұратын қос мақалды алыс мағыналас мақалдар дейміз. Ат жүйрігін түлкі сүймес, ауру адам күлкі сүймес. Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес. Есек тұсаусыз болмас, ер дұшпансыз болмас. Мұндай мақалдарды қосақтап біріктіріп тұрған – түлкі-күлкі, қазы-тазы, тұсаусыз-дұшпансыз деген ұйқастар, тұлғалас сөздер.Мағынасына зер салсақ, жүйрік ат пен ауру адамның, ет пен иттің, есек пен ердің араларында ешқандай логикалық байланыс жоқ, керісінше, бірі – жағымды, екіншісі – жағымсыз ұғымдар, аралары алшақ заттар.