2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін с е б е п –с а л д а р с а л а л а с дейміз.
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз. Салаласа байланысқан себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара былай орналасады:
1
Себеп мәнді сондықтан Салдар мәнді жай сөйлем сол себепті жай сөйлем
жай сөйлем себебі жай сөйлем неге десеңіз
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз, Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Керісінше, салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады.
Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді. Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой. (С.М.)
Себеп мәнді сөйлем , Салдар мәнді сөйлем Салдар мәнді сөйлем : Себеп мәнді сөйлем
Жалғаулықты себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын шылауларына қарай білеміз. Егер сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтар тұрса, себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналасқан болады.
Себебі, өйткені, неге десеңіз деген шылаулар тұрса, салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасып, себеп мәндісі соң орналасқан болады.
Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады, сол себепті мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды. (С.М.) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкіш суға жүре алмайды. (С.М.)