Сабаќ жоспары


Және жалғаулықты шылауымен келгенде, әрі



бет63/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Және жалғаулықты шылауымен келгенде, әрі шылауы қайталанбай бір-ақ рет келгенде, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Қалған жағдайларда жай сөйлемдер арасына үтір қойылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
97-жаттығу (ауызша)
Берілген құрмалас сөйлемдердің ыңғайлас салалас екенін дәлелдеңдер. Құрамындағы жай сөйлемдері қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңдер.
98-жаттығу
1. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар. Тыныс белгілердің қойылу себебін анықтаңдар.
2. Жалғаулықты шылаулардың қайсысы жай сөйлемдерді байланыстырып, қайсысы бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрғанын ажыратыңдар.
Кәрім біраздан кейін алған тауарларын машинаға тиеді. (А.Алд.) Түскі үзілістен соң ағаш отырғызу қызу жүргізілді.(Ә.Ә) Дала да, егін де, тоғай да – бәрі де
сап-сары. (Ә.Таб.) Сол күні түстен кейін және ертеңіне түске дейін олар бізге қауын, қарбыз жиюға көмектесті. Ондаған баланың көзі мұғалімде және олардың көзі өте қырағы, өте ұқыпты келеді. (М.К.) Танктің қақпағы да жабылды, бірнеше автоматтан қатар төгілген оқ капитан Мирошник тұрған жерге бұршақтай үймелеп борап кетті. (Ғ.М.) Жазғы таң ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды. (Ғ.С) Тың көтеруде де, егін жинауда да олар совхоз бойынша алда болды. (М.И.) Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды. (М.И.)

99-жаттығу


1.Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.
2. Ыңғайлас салаластағы мезгіл ұғымына түсінік беріңдер.
(Бір мезгілде ме, іле-шала ма?)
Үй-ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлық үлкен-кіші қонақтардың айналасына жиылды. (Ә.Н) Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды. (Мақ.) Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. (С. Асқ.) - Жолдас аға лейтенант, пулеметті маған беріңіз де, тез зеңбірекке қарай жүгіріңіз. (Ә.Нұр) Бұл қамалып отырған екеуіне жігер берді де, олар аяқтары аяқтарына тимей ұша жөнелді. (К. Қаз.) Мұз жарылды, өзендерде сең жүре бастады. (Л.Т.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет