2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары түсінік беру. Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалы: Қыстың басы тақау болғанмен, әлі қар түсе қойған жоқ. (М.Әуезов)
Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені ол тиянақсыз. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы мұндай тиянақсыз жай сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемі тиянақты, ол өздігінен дербес айтыла да береді. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейді.
Сабақтас құрмаласты былай көрсетуге болады:
Бағыныңқы, Басыңқы Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары бағыныңқы жай сөйлемнің баяндауышына қарай белгіленеді.
Бағыныңқының баяндауышы етістіктің көсемше түрінен болады.
Мысалы: Байсал Құнанбаймен араздасып кездескелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы. (М.Әуезов)
Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады.
Мысалы: Еңбегін сіңірмесе, ешкімге бидай бермеңдер. (С.Ерубаев)
Бағыныңқының баяндауышы есімшеден болады.
а) есімшеге –ша/-ше, -дай/-дей жұрнақтары немесе жатыс, көмектес септік жалғаулары, болмаса –дықтан/-діктен қосымшасы жалғану арқылы жасалады.
Мысалы:Дос қолындағы етікті қайта сілтей бергенде, Ақкемпір ара түсті. (Ә.Нұрпейісов)
ә) есімшеден, кейін сайын, соң, бері, шейін, бұрыншылаулары немесе кезде, шақта, уақытта көмекші сөздерінің келуі арқылы жасалады.
Мысалы:Біз ауылға жақындаған шақта, екі салт адам алдымыздан шоқыта берді. (С.Мұқанов)
Сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемнің бастауышы баяндауышымен (шартты райлы етістіктен болғанынан басқасы) қиыса байланыспайды, басқаша айтқанда, бастауышы әр түрлі жақта тұрса да, баяндауышы өзгеріссіз қала береді. Мысалы: