2.Оқушыларға сабақтас сөйлемнің түрлері туралы лингвистикалық білім беру. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екеу ғана емес, одан көп болуы мүмкін. Құрамында екі я одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас құрмаластар кездеседі. Ондай сөйлемдерді көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дейді.
Мысалы:Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді. (Н.Ғабд.) Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы сөйлем бар.
Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысу сипатына қарай көп бағыныңқы сабақтас құрмалас екіге бөлінеді:
жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас және сатылы көп бағыныңқы сабақтас Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтасты жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас дейміз. Мысалы:Адам адамзат атанса, әйел ана атанса, адам баласы бір-біріне жолдас атанса, ана біткеннің содан басқа іздегені бар ма? (Ғ.Мұст)
Бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара біріне-бірі бағынып барып құрмаласқан сабақтастың түрін сатылы көп бағыныңқы сабақтас дейміз. Мысалы:Жанат пен Жәнібек жеке кетіп, арбаларға тиелген электр жабдықтарын қарап шыққанша, Мәмбет малдарды қарап шыға алмады.(Ғ.Мұст)
Сызбасы: Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас
.............. , ............... , ------------------- . IV. Жаңа сабақты бекіту. 1.Оқулықпен жұмыс 122-жаттығу
1. Мәтінді оқып көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңдар. Жарыспалы не сатылы көп бағыныңқы екенін анықтаңдар.
Адамдар бойыңда жоқ және болып та көрмеген қасиеттерді сенде бар деп мақтаса, ондай мақтауға сеніп, мардымсыма. (әр алуан жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас)
Өз айтқаныңнан қайтпайтын бір мойын болмай, өзгелердің де айтқанына мән беріп, құлақ сал. (сатылы көп бағыныңқы сабақтас)
(«Кабуснамадан»)