Сабаќ жоспары



бет82/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

IV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
123-жаттығу (ауызша)
Жоғарыда берілген сөйлемдердің сұрақтарын қойып, баяндауыштарының жасалу жолдарын кестеге қарап түсіндіріңдер.

  1. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар. (Мақ) 2. Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастаса, жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды. 3. Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған. (Ғ.Мұст) 4.Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай. (Ы.А.)

125-жаттығу (жазбаша)


1. Сөйлемдердің қайсысы салалас, қайсысы сабақтас екенін анықтап, шартты бағыныңқы сабақтасты дәлелдеңдер.
2. Салаласты сабақтастыра байланыстырыңдар.
1) –Егер Шыңғыс Уәлиханұлы қатынас жазып өтінсе, алдыруға болады. Рұқсат етсе, ағайындық етсе, сыйысып отырарсыздар. (С.Б.) –Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу басқа айналдым. (Ж.Айм.) Егер «ХХ ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы? деген сұрақ қойылар болса, онда алдымен сөз өнері, музыкалық өнері және қол өнері тілге оралар еді. (А.Сейд)
2) –Мұны қабыл көрсең, сен де түзелелерсің. (Шәкәрім)

126-жаттығу (ауызша)


Мәтінді құрайтын құрмалас сөйлемдердің ішінен шартты бағыныңқы сабақтастарды ажыратып, жасалу жолдарына көңіл бөліңдер.
Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады.
Адамға өз бойындағы үйреншікті міні мін болып көрінбей, өз үйіндегі кемшіліктер кемшілік болып көрінбейді. (А.Байтұрсынов)
128-жаттығу
Салаласа байланысқан құрмаластарды сабақтастыра, сабақтаса байланысқандарды байланыстырып көріңдер. Бәрі бірдей өзгере ме екен?
Қына тасқа бітіп, білім басқа бітеді. (Мақ). Адам көркі шүберек болғанмен, ағаш көркі – жапырақ.(Мәтел). Білген адам тауып айтқанда, білмеген адам қауып айтады. (Мақ) Көптік қайда болады, тоқтық та сонда болады. Білімді өледі, бірақ қағазда аты қалады, ұста өледі, бірақ істеген заты қалады. (Мақ). Торғай руына Ырғызбай қандай жақын болады, Көтібақ, Байсалдар да сондай жақын болады. (М.Ә.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет