2.Оқушыларға шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Шартты бағыныңқы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екнішісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаласты айтамыз.
Мысалы: Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. (Ы.А.)
Шартты бағыныңқы сабақтас құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Бағыныңқы сыңардың баяндауышы тиянақсыз болып келеді. Мысалы:Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын тапсаң өзің, қозыдай көгендеп қолыңа берейік. (Х.Ерғ.)
Сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер баяндауыштары шартты бағыныңқы сабақтаста жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей формаларда тұрады.
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем сыңарларының арасына үтір қойылады.