1.3. Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасының элементтерін пайдалану жолдары
Халық педагогикасының озық дәстүрлерін бұл күнде уақыт талабымен отбасында, мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде, мектепте және жоғары оқу орындарында лайықты орын алуда. Қазақ халық педагогикасының дербес ғылым ретінде ұлттық мәдениетті өркендетуге, ұрпақты халықтық-педагогикасының қағидаларының негізінде тәрбиелеуге толық мүмкіндігі туып отыр.
Кейінгі ұрпақтың өмірге көзқарасында жаңа бетбұрыстар басталды. Еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарынан көрініп, нығайған елге айналуы ұрпағымыздың меңгерген сапалы білім дәрежесі мен жан-жақты дамуына, олардың бойында ұлттық сана мен ұлттық мінез қалыптастыратын парасатты тәлім-әрбие беруімізге байланысты.
Осы талапқа сай, жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысына осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиенің кейбір элементтерін енгізіле бастады. ”Балаңды өз тәрбиеленумен тәрбиелеме, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле” дегендей, атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиені дамытып, жандандырудың мезгілі толық жетті.
Қазіргі жағдайда мектепте және жоғары оқу орындарында жастардың өз туған халқының ұлттық, этикалық құрылымын, мәдениетін көтеріп, әлемдік білім кеңістігімен үйлестіріп, бағыт алуына негіз боларлық тенденция керек.
Ағылшын, неміс, латын аударма сөздіктерін ”тенденция” (направленность) сөзі - даму арқылы ағымы деген ұғымды білдіреді. Тендения ұғымын қазақ халық педагогикасының дамуымен байланыстырып, ұлттық педагогиканың даму ағымын кезеңдермен жүйелік, зерделеуге назар аударайық.
Қазақ халық педагогикасының әлеуметтік қоғамдағы ғылымдық мәнін, тарихи- теориялық тұырымын, әдісналасын оқыту технологиясы осы ғылымның түп қазығын қалап кеткен ұлы ғұламалар мен дарынды тәрбиешілердің, сонымен бірге қазіргі заманда этнопедагогиканы дамытушы ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйеніп, осылардан сусындайды. Тамыр тереңнен нә3 алатын ұлттық тәрбиеміздің даму кезеңдері тарихи және мәдени дамумен аспарлас әрі өзінің ұлттық айшық-нақыштарының маңыздылығымен құнды.
Қазақ халқының ұлттық жазба негізі көне түрік жазбалары екеніне тасқа қашалған ”Күлтеген”, ”Білге Қаған”, ”Тоныкөк” жырлары дәлел VII-VIII ғасырдағы Қорқыт атаның ”Қорқыт кітабы” еңбегіндегі дастандары мен нақыл сөздері осы уақытқа дейін тәрбиелік мәнін жоғалтпай отыр.
Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғұлама Әл-Фарабидің ”Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы” деген нақыл сөзінің ғылыми мәні-қазақ халық педагогикасының қайнар көзі.
Тіліміздің ертедегі сыр-сипатын айқындайтын еңбектер – көне қыпшақ тіліндегі ескерткіштер, олар Жүсіп Баласағұнидің ”Қутадғу білік” және Махмұд Қашқаридың ”Диуани лұғат-ат түрік”, Құл қожа Ахмет Иассауидің ”Диуани хикмет” жазбалары ұлттық тәлім-тәрбиені, ерлікті, адамгершілікті, Отан сүйгіштікті уағыздайды. ”кодекс куманикус” сияқты ескерткіш еңбек көне дәуірдегі түркі тектес халықтардың, әрине соның ішінде қазақ халқының дамуымен қоса, ұлттық тәрбиенің де алға жылжып отырғаны туралы бай мағлұмат береді.
Қазақ тарихындағы Асанқайғы, Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа сияқты тұлғалардың дара бейнелері өздері өмір сүрген қиялы заманның келбетін айқын танытып, ұрпаққа қалдырған дана сөздері мен ұлағатты ой-тұжырымдамалары қазақ халық педагогикасының бай қазынасы болады.
Ұлы Абай, дара Шоқан, ағартушы Ыбырай, сыншыл-реалист әкерім ғұламалардың жалпы адамзат баласы, оның ішінде қазақ жұрт туралы толғаныстары ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ілімінде де, әлеуметтік қызметінде де жалғасын тауып, бүгінгі күнде де өз құны арта түсуде.
ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғұров, Х.Досмұхамедов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, М.Жолдыбаев, н.Құлжанова сияқты озық ойшылдарының мұралары қазақ халық педагогикасына тың леп, жаңа бастау бергені анық.
Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін пайдалану әдістері
Болашақ ұстаздарды институт қабырғасынан бастап парасат билігіне, рухани өмірдің әдемі әлеміне жетелеу-ұлттық асыл қасиеттер мен мұраларды педагогикасымен ұштастыру сабақ беріп жүрген ұстаздардың, топ тәлімгерлердің міндеті. Біздің қазіргі мектептерде ”тәрбие жұмысының әдістемесі” сабағында ұлттық тәрбие беру дәстүрлері басшылыққа алынған. Бұл істің сарқылмас көзі-халықтық педагогика. Халықтық тәлім-тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында.
Қазіргі уақытта оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерін беріп білумен қатар, сол білімді алуға ынталықты, яғни, студенттердің танымдық қызығуын ояту, шығармашылық белсенділігін арттыру. Терең қызығу студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |