Сабақ жоспарының үлгілері


Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі



бет9/12
Дата25.05.2022
өлшемі146.66 Kb.
#458642
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi

Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі.


«Ғылым таппай мақтанба»





Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба


Дүние де мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Ғылымға, өнерге шақыру


Қара сөзінен





Күллі адам баласын қор


Қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық.




И.Крыловтан аударма


«Шегіртке мен құмырсқа»





Ала жаздай ән салсаң


Селкілде де билей бер.


Еңбекке шақыру


«Қыс»,
«Жазғытұры»,


«Жаз»,
«Күз»,

«Желсіз түнде жарық ай»





Табиғат лирикасы, сұлулықты сезінуге баулу.






Бастауыш сынып балаларының жанына жақын Абайдың табиғат лирикасы мен өсиеттері. Абайдың табиғат лирикалары өз алдына жеке сөз етуді міндеттейді. «Абай бейнелеген жаз бен қыс, көктем мен күз, жайлаудағы ауыл, даланың түнгі тынысы, әр түрлі кейіптегі табиғат көріністері ғана емес, адам жанының құбылыстарымен, елдің тіршілік – тынысымен тікелей байланысты өміршең суреттер» дейді ғалым Т.Ақшолақова.
Абай – табиғатқа жан бітіре, көркем де әсерлі бейнелеудің теңдесі жоқ шебері. Абайға дейін қазақта табиғаттың белгілі бір сәтін, көрінісін немесе жылдың әр мезгілін арнайы жеке өлең етіп жазу дәстүрі болмаған. Ақынның айтуынша табиғат – күллі тіршілік атаулыны құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі, Абайдың осы тақырыпқа жазылған шығармалық мазмұны қоршаған табиғаттың жанды бояуын, іңкәр сәтін кінәрәтсіз құрметпен, оның ішінде қазақтың барлық іс- әрекетін, салт- дәстүрін, мінез, ой қабілетін көрсете білгенін дәлелдеді.
Сондай туындылардың бірі – “Жазғытұры” өлеңі. Көктемнің жазға ұласар шағындағы қазақ жерінің табиғаты мен елінің тіршілігіндегі көркем де көңілді өзгерістер ғажайып суретті тілмен, құлпырған жарқын бояқтармен, қуанышты көңіл күймен жырланады. Дала табиғатының әсе де шат үнге, алуан түрлі құлпырған бояқтарға толы көрінісі мен қыр елінің жайдары да қуанышты абыр-дабырлы тіршілігінің ғажап салтанатын ақынның қалай суреттеп жеткізгенін сөзбен айтып беру мүмкін емес. Масатыдай құлпырған жер, аң- құстың, адамдардың қуанышты, ата – анадай елжіреген Күн, жан – жануар, жәндіктің, ағаш пен гүлдің Анасы Жердің иіп емізуі, әкеңдей алып Аспан, Күн- күйеу, Жер-қалыңдықтың сағынышы, Жер- қалыңдықтың көңілі Күн лебіне тойғаннан соң, толысып тоты құстай түрленуі- бәрі-бәрі оқушының күз алдына үлкен алдына панорама туғызғанда, оларға Абайдың ақындық пафосын аңғартады. Өлеңді оқып тұрып: “Балалар, тыңдандаршы, осы өлеңде адамдардың дауысы, күлкісі естіле ме?” деп сұраймыз. Балалар қуана шу ете түседі: “Апай естіледі, кемпір – шалдың дауысы, балалардың дауысы, қозы – лақ қуған, таймен шапқан балалардың шуы, қыз – келіншектердің әдемі дауысы естіледі”. Содан соң өлеңді оқып отырып, оған көз жеткізеді де бала жаны қиялмен жазғытұрымдағы жайлауға кетеді.
Абай шығармалары 1- сыныптан бастап бастауыш сынып бағдарламасына енген. 1-2 сыныпта оқытылатын “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңдерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ақын осы өлеңдері арқылы адамгершілік қасиеттерді дәріптеп, жат қылықтан жирендіріп, оқушыға үлкен ой салады. 3-4 сыныптардан оқушылар ақынның табиғат лирикаларымен, аудармасымен, қара сөзімен танысады. [16] 46-59 б.
Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдалануда педагог- ғалымдар мен психологтардың жас ерекшеліктері туралы ілімі және Абайдың жас балаларға арнаған тәрбиелік пікірлеріне сүйену іс- шаралардың нәтижелі болуының кепілі.
Абай атамыз жер ортасы жасқа келгенде бірыңғай кітап оқып, өлең жазуға отырғанынан біз хабардар болдық. “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңі – осы кезеңнің алғашқы туындыларының бірі. Оқу – білімді шексіз ардақтаған ақын, жасымнан біржолата ғылым соңына түспедім деп өкінеді. Өз заманының ең оқымысты кісісі бола тұра, білгенін азырқанады.
Абай, өз сөзімен айтқанда, “бұзылған заманды түзетудің” жолын іздеді. Сондағы бір сенгені жаңаша терең білім алып адамшылықты бойына мол дарытып өсер ұрпақ болады, содан көп үміт қүтті. Оның “Әсемпаз болма әрнеге” атты түрі мен мазмұны жаңа тамаша өлеңіне сол үміті арқау болған.
Данышпан ақын жас ұрпаққа ертеңгі дүниенің кем – кетігін бүтіндеуші, өмір сарайының құрылысшысы деп қарады. Сондықтан оған: “Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан !”-деп аталық әмір беріп, адамдық ұлы міндет жүктейді. Ол үшін қайырымдылық пен адалдық қайрат пен ақыл керек екенін ескертеді.
“Ғылым таппай мақтанба” – жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өлең. Абай “адам болам” деген жасөспірімге тікелей тіл қатып, ашыла сырласады, тілі де жеңіл түсінікті. Ең ардақты мақсатың – ғылымды меңгеру дей тұра, бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан да опа жоқ дегенді бірден ашып айтады.
Дана ұстаз бұл өсиет өлеңін жазарда көп ойланып, көп толғанғаны байқалады. Ол бұрынғы өткен “не бұлбұл шешен, не дүлдүл көсемдерді” еске алады. Диуани сықылды атақты оқымыстылардың айтқандарын ой елегінен өткізеді (өзі: “Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз”,- дейді ғой). Сөйтіп, “тілеуі мен өмірі алдағы” ұрпағына өлмейтін, ескірмейтін аылын айтады.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
- деген сияқты шексіз сүйіспеншіліктен туған даналық ақыл кеңес беріп, жамандықтан сақтандырады, адамгершілікке жетелейді. [17] 365-371 б.
Әдебиет – сөз өнері, “ішіндегі пікірді, қиялды үнін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару” өнері дегенімізде, ең алдымен, өзі айтқандай “қуаты оттай бұрқыраған” /2/ сөздің иесі – Абай, оның артында қалдырған мол мұрасы, асыл қазынасы – көркем шығармалары тілге оралады. Бастауышта Абайды таныту, оқушыларды Абай әлеміне апару, оқушыларға ұлы ақынның шығармаларындағы адамгершілік мұраттарын ашып көрсету “Әдебиеттік оқу” пәнінің оқушыларды сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру арқылы оларды инабаттылыққа, сұлулыққа т.б. тәрбиелеу міндетімен астасып жатыр. Олай деуімізге толық негіз бар. Абай шығармалары – сұлу сөзбен өрнектелген адамды адамгершілік тұрғысынан жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасып жатқан философиялық тұжырымдар.
Абайдың мұраты – адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды, қазақ қоғамын ілгері дамыған мәдениетті елдер қатарына қосу.
Саналы ғұмырын Абай мұрасын зерттеуге арнаған академик М.Әуезов ол туралы “Сахараны басқан қара түн – түнекті қақ жарып, жалғыз қолда жалынды жалғыз шырақ ұстап, халқына бет нұсқап: «Таңың белден атады, күнің сонау жақтан шығады» – деп кеткен ақын едің дейді тебіреніп . Абайша сөйлесек, “... жүрек айтыпты: Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй – жайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен , бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор қылады. Мен таза болсам адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, аритұғын – мен жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не ?”. Ұлы ұстаздың осы ұлағатты сөзінің мағынасын ашатындай мәтіндер бастауыш “Ана тілі” оқулықтарында төмендегідей ретпен берілген: “Ғылым таппай мақтанба”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Күз” (ІІ сынып);
“Қыс”, “Жаз”, “Жазғытұры”, “Адам болам десеңіз”, “Шегіртке мен құмырсқа” (М.Крыловтан аударған) (ІІІ сынып).
Абайдың қара сөзінен (ІV сынып)
Аталған шығармаларды қазіргі мектеп алдына қойылып отырған дамыту приципіне сай шығармашылық сипатта оқушы санасына жеткізудің әдіс- тәсілдеріне тоқталайық. Қандай шығармашылық жұмыстар болмасын, тек оқушыны қатыстырған жағдайда ғана жүзеге асады. Шығармашылық жұмыс атқару үшін ең алдымен оқушы берілген мәтінді саналы ұғынуы қажет.
Саналы ұғынуды профессор С.Рахыметова атап көрсеткендей, ең алдымен мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындаудан бастап, мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу, шығарманы оқу, оқылған шығарманың мазмұнын айту, шығарманың жоспарын жасау жұмыстарын сатылап жүргізу деп түсіну қажет .
Абайдың табиғат лирикасын бастауышта саналы ұғындыру барысындағы ұстаздың кіріспе әңгімесі бастауыш сынып оқушыларының жасына, ой - өрісі, қабылдауына сай Абайдың әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі алатын орнын, оның шыққан тегі, тәрбие, білім, өнеге алған жерлері, ақынның артында қалдырған мол мұрасы, ұрпағына айтар өсиеті жайында болып келеді.
Табиғат, Абайша айтқанда, “Алланың махаббатпен жаратқаны”. Абайдың табиғат лириасы – оқушыны сұлулыққа тәрбиелеу жолы. Ақын адам сұлулығын табиғат сұлулығымен бірлікте алады. Мысалы, “Жаз” өлеңінде жазғы табиғат сұлулығы сыңғырлай күліп үй тіккен қыз- келіншектер іс - әрекеті, қалжыңы, деп сұлулық ажырамас бірлікте сипатталады. Ақын табиғат лирикасында қазақт ілінің өмір шындығын әсерлі тартымды сурет арқылы бейнелеп берудің тамаша озық үлгісін жасаған: “Қыс” өлеңінде: “ Шидем мен тон қабаттап киген малшы. Бет қарауға шыдамай, теріс айналады”; “Шұрқырап жатқан жылқының, Шалғыннан жоны қылтылдап”; “Жазғытұры” өлеңіндегі: “ Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу” деген жолдардағы шидем мен тон киген малшының бейнесі, жылқының биік шалғыннан жоны қылтылдап көрінуі, боздаған түйемен қойдың дауысы – ешбір қоспасы жоқ өмір шындығы, қазақ ауылының өмір – тұрмысы , оған табиғаттың тигізген әсері.
Мұндай суретті көркем сөзбен кестелеп көрсетудегі ақын мұраты – ата - дәстүрді паш ету, жастарды еңбекке шақыру. Байқап қарасақ, ұйқасқан сөздердің бірдей бір буынды: шу- ду-су; екі буынды сызы- жүзі- кезі, үш буынды: болғанда – толғанда – қонғанда, қылтылдап – ынқылдап – бұлтылдап – сымпылдап болып келуі табиғат сұлулығын сөзбен мүсіндеудегі ақының бейнелеу әдісін, теңдесі жоқ суретшілік шеберлігін жақсы танытады. Міне, Абайдың табиғат лирикасын оқытқанда ұстаз жоғарыда аталған мәселелерге ерекше көңіл бөліп, тәпіштеп түсіндіргенде ғана Абай өлендеріндегі ерекше үйлесімдер оқушы сезіміне әсер ете алады. Осылай түсіндірілген шығармадан кейін оқушы шығармашылық процеске оңай енеді. Шығармашылық процеске енудің алғашқы баспалдағы – оқушының танымдық ізденістеріне жол ашу. Сөзімізді нақтылайтын болсақ, Абайдың “Күз” өлеңі бірнеше рет қайталанып оқылғаннан кейін: 1) Ақын қандай күзді суреттеген? 2) Өлеңдегі күз көрінісін ерекше ашып тұрған көркем сездерді ата. 3) Өлеңнен күзгі адам, жан – жануарлар тіршілігі туралы айтылған жолдарды тауып оқы – деген сұрақ – тапсырмаларға жауап алынады, содан кейін ғана барып, шығармашылық жұмыс ретінде Абайдың “Күзі” мен Т.Жароковтың “Ауыл күзін” салыстыпу тапсырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет