1.2. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қазақ халқының салт-дәстүрлерін іріктеу және жинақтау
Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тірек бұл халықтық педагогиканың бай мұрасы деп есептейміз. Осыған орай төменгі сынып оқушыларының бойында халықтың педагогиканың озық дәстүрлері арқылы адамгершілік қасиет саналарды қалыптастыруда мүмкіндік жасайтынын дәлелделеді.
Оқушылардың жас ерекшелерін еске алу негізгі қағида болып есептеледі. Мұнда ең алдымен оқушылардың адамгершілік сезімі мен адамгершілік дағдыстарына ерекше мән бердік.
Төменгі сынып оқушыларының ерекшелігін ескере отырып біз адамгершілік тәрбие беруде негізгі жол деп іс-әрекетті ұйымдастыруды ойластырды. Осыдан оқушының өзі жолдастары мен құрбыларымен жәнек ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда халықтық дәстүр негізінде әрі әсерлі, балалардың көңіл-күйін туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастырдық. Тәрбие процесі үнемі білім берушілік негізінде жүріп отыру керек. Осыны ескере отырып біздің жұмысымыз мұғалім балаларға адамгершілік қасиет саналарға байытылды. Халық дәстүрінің бала ұғымына сай жүйесін іріктеп оқуға берілген тапсырмалардың орындалуына нақтылы талап қоя білді.
Бұл үшін оқулықтарды, әдістемелік оқу құралдарды, мақал-мәтелдерді, аңыз-әңгімелерді, шешендік өнерді, жырауларды, толғауларды, ойындарды, нақыл сөздерді, айтысты т.б. қазақ халықтық педагогика мұраларының ең озық дәстүрлерін саралап топтастырып жинақтады.
Сонымен қатар біздер өзіміздің зерттеуімізде төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық тәжірибесі мәселесін құрастырғанымызда тек қазақ халқының ғана халықтық педагогиканың дәстүрлерінің қалыптасуы, жинақтаушы ол жалпы азаматтық игіліктердің, қазынаның дамуымен сабақтасып жатқанына мән берді.
Бала тәрбиесі қай халықты, қай ғасырда болмасын толғандырған. Орыс халқы ауыз әдебиетінде сондай-ақ Орта Азия халықтары сонымен бірге шетел халқының бала тәрбиесінде жинақталған салт-дәстүрлерге де талдау жасалды.
Халықтың озық дәстүлері туралы жинақталған материалдарға адамгершілік саналар тұрғысынан оқушыларды жағымды іс-әрекеттерге қызықтыратындай жанды кейіпкерлердің бейнесіне еліктейтіндей, мысалдар мен мазмұндарға педагогиканың талдау жасалды. Жоғарыдағы талданған материалдарды төменгі сынып оқушыларына адамгершілік тәрбиесін беруде халықтың педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалануды тиімді жүргізу үшін арнайы педагогикалық бағдарлама жасалды.
Бағдарлама жасау барысында біз соңғы жылдарда халыққа білім беру минситрлігінің бекіткен бірнеше тұжырымдамалары мен бағдарламаларына сүйенді.
Сонымен қатар халықтық педагогика мәселесімен арнайы шұғылданып, зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген ғалым педагог, психологтардың еңбектеріне талдау жасалды. Мәселен, педагогика ғылымының кандидаты С.Қалиев ”Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі” атты монографиялық еңбегінде ақыл-ой тәрбиесі, еңбек дене, өнер тәрбиесі адамгершілік тәрбиесінде халық дәстүрлерінің алатын орнына, оның мазмұнына және кейбір қағидаларға, жүзеге асырылатын жолдарына ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тоқталған.
Халық педагогикасын насихаттауға және оны іс жүзінде ұйытқы болған Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова ”Кәусар бұлақ” бағдарламасында қарастырылды. Бұл бағдарлама негізінен мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 сынып оқушыларынан басталып 11 жыл бойы жүргізілетін жұмыстар жалпы көрсетілген.
Халқтың педагогиканың озық дәстүрлері арқылы төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде адамгершілік саналардың ішінен ең құнды, құдіретті қасиеттерді адамгершілік бағдарламасына іріктеп ендірді.
Олар мыналар: ақыл-ой сана, еңбек Отанына, халқына, жалпы адамзатқа, табиғатына сүйіспеншілік, елжамдылық, ар-ождан, ізеттілік, ата-анаға, өзінің жақын туыстарына мейірімділік, бауырмалдық, кеңпейілділік. Жоғарыда аталған төменгі сынып оқушыларының бойында қалыптасатын ең құнды қасиеттерді тәрбиелеуде бәріне тірек болатын гуманизм (ізгілік) идеясын негізге алды.
Бұл бағдарлама төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканы пайдаланудың ғылыми педагогикалық, психологиялық негізі Р.Төлеубекова ”Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика” еңбегінде айқындалады.
Коммунистік тәрбие ұлттық тәрбиенің дамуына кедергі болды, сөйтіп, бірте-бірте ұлттық мінезімізден, салт-дәстүрімізден алыстап, не өзгеге не өзімізге ұқсамай дүбара күйге түскенімізді байқамай да қалыппыз. Келеңсіздік пен азғындықтың тамырын қиятын құрал-ұлттық тәрбие халықтың педагогикасы
Х
Таным, наным
Халық педагогикасы
Дәстүр
алық педагогикасының негізгі бағыттары
Сенім, ұғым,
әдет, ғұрып
Салт
Халқымыз кезінде арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындарды болмаса да, өз ұрпақтарын бесікте жатқаннан бастап ертегі, өлең, жыр, асыл сөздері арқылы тәрбиелікке баулыған. Өз ұлтына тән тектілігін сақтайтын сәтті қағидалар мен ережелерді дүниеге келтіріп, ұстанғаны белгілі.
Отбасындағы ұл мен қыздың тәлім-тәрбиесіне терең көңіл бөліп, ”Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер” деп, әке-шешенің бала тағдырына, болашағына жауапкершілігін міндеттейді.
Ұлы жазушы М.Әуезовтің ”Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген кемеңгерлік тұжырымы тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатының тағы бір дәлелі. Иманды ұл мен инабатты қыз қайдан шығады? Әрине, ұшқан ұясынан, ата-ана және ұлағатты ұстаз тәрбиесінен қанаттанып ұшады. Қазақта ”Баланы жастан…? ”, ”Құс ұяда нені көрсе,ұшқанда соны іледі” деген үлгі аларлық сөздер аз емес. Осы мәйегі мол асбарлы сөздерден де халық педагогикасының нышаны аңғарылмай ма?
Халық педагогикасы саласына сүйене отырып оқушыға шамымдық біліктен гөрі, тәрбиелік білім берілуі керек. Ашып айтқанда, балаларға бесікке салу, тұсау кесу, ұлттық ойындарды үйрете бергенше, олардың сезімін, мінез-құлқын, адамгершілік қасиетін тәрбиелеуге көбірек көңіл бөлген жөн. Сол секілді сыныптан тыс тәрбиелік шаралар мен әдеп сабақтарын өткізумен шектелмей, әрбір пәнді оқыту барысында халқымыздың ерекшелігін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын ұрпақ санасына сіңіре берген жөн.
Мысалы, ана тілінен ”Өткенді қайталау” сабағында оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрына қатысты мәліметтерден не білетіндігін анықтау мақсатында тест арқылы әрқайсысының білім деңгейін тексеремін.
Бала қызығуын арттыру үшін сабақты ойын-сайыс түрінде өткіземін. Мұндай сабақ түрлері оқушыны ата-баба дәстүрін жаңа өмірге жалғастыруға, тарихымызды тереңірек біліп, оны қастерлеуге үйретеді.
Халқымыздың жақсы қасиеттерінің бірі - қонақжайлылығы. Орыс ғалымы Левшин. ”Қазақтар үшін меймандостық – қастерлі заң” деп, қазақтың қонақжайлық дәстүрін мадақтайды.
Тағы бір өз ұлтымызға тән ерекшелік – үлкенді сыйлау құрметтеу. Осы жайында дат ғалымы Э.С.Вульфсом ”Қазақстар” деген очеркінде: ”Осы халықта қарттар – үлкен ұстаз” деп дұрыс қорытынды жасайды.
Халық педагогикасының тағы бір саласы – жас ұрпақтың тегін жете білуі. Яғни, шежірені білу-ұрпақ тәрбиесінде үлкен орынға ин болып отыр. ”Жеті атасын білмеген жетесіз” деп, қазақ баласының тілі шыға бастағаннан-ақ ата-тегін жаттатқан.
Достарыңызбен бөлісу: |