Сабақ жоспарының үлгілері


Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиелеуде қазақ халқының салт-дәстүрлерін ана-тілі сабақтарында қолдану



бет6/12
Дата25.05.2022
өлшемі146.66 Kb.
#458642
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесi

2.1. Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиелеуде қазақ халқының салт-дәстүрлерін ана-тілі сабақтарында қолдану.
Қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік нңбектер жазуда өз ұлтының салт-санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде пайладану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.
А.Байтұрсынов өзінің оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлерін ”Тіл туралы”, ”Әдебиет танытқыш”, ”Баяшы”, ”Тіл ашар , ”Әліпби”, ”Сауат ашқыш”, ”Оқу құрал” т.б. еңбектерінде жан-жақты айтып, өзі тікелей іске асырып отырды. Ол осы еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің түрлері: ұлттық жазу жүйесі бойынша білім беру; ұлттық негізгі бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар; ұлттық мектепте керек заттар; мектеп ісін жандандыратын ұлтжанды мұғалімдер мен тәрбиешілер дайындау.
А.Байтұрсынов осы жүйенің барлық түрлерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.
А.Баййтұрсынов өзінің ”Бастауыш мектеп” деген мақаласында қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылуы қажет деген мәселеге арнайы тоқтап, ол пәнді ”оқу, жазу, дін, ұлт тілі” ұлт тарихы, есеп, шаруа-пәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыстану болу керек” екендігін жақтылап көрсетеді. Ал, ”Қазақша оқу жайында” атты мақаласында бастауыш мектепте оқыту тілі туралы: ”Қазақ балаларын ана тілін де, төте жолмен, қолайлы құралдармен оқыту керек” деп кесіп айтты. Сол мақаласында ол туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, ә3 қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. ”Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйрететін білім де сондай керек”, деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі жөнінде ”Әуелі ауыл мектебінен бастайық . Осы күнгі ауыл мектептерінде оқуға керекті құрал жоқ, оқыта білетін адамдар аз”, -екенін ерекше атап өтті.
М.Жұмабаевтың оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері оның ”Педагогика”, ”Бастауыш мектептегі ана тілі”, ”Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні”, ”Сауатты бол” атты еңбектерінде және поэтикалық шығармаларында баяндалған.
Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектерінде сол ой-пікірлері жалғасын табады. Мысалы, оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі жайлы. Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз атты мақаласында оқу құралдарының ұлттық ерекшеліктерін ескеріп, қазақ тілінде жазылуы, онда қазақ әдебиеті, таприхы, мәдениеті туралы мәселері болуы шарт деп ұсыныс жасайды. Ал, ”Сауатты бол” атты еңбегінде ересек адамдарды ұлттық сипатта сауаттандыру жолдары қарастырылады.
Мағжан Жұмабаевтың ”Педагогика” атты еңбегі – қазақ топырағында тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық педагогика оқулығы. Ол мектеп мұғалімдері мен педагоггтік оқу орындарының тыңдаушыларына оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлау мақсатында жазылған дүние. Оқулықты ол ”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімділі”, деп, соған арналған. Сөз басына ”Тәрбие деген е?”, - дейді де, оған жауап бере келе, оны дене тәрбиесі ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп төртке бөлінеді. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны”,-дейді. ”Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындауын”- деп жазып, оларды ұлттық тәрбиенің құрамдас бөліктері деп санайды.
Мағжан өзінің оқулығында тіл туралы ерекше тоқтап, оның тәрбиелік және саяси мәндерін былай көрсеткен: ”Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы. Ұлттыың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Қазақ тілінде қазақтың сары домасы, біресе желсіз түнде шымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары домада үдере көшкен тұрмысы, асықпаймын, саспайтын сабырлы мінез бәрі көрініп тұр. Күндерде бір күн тұрып балаларының тіілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына иманымыз берік” – деп жазды ол.
Бастауыш сыныптарда ана тілін жаңа негізінде оқытудың басты жолы бүгінгі заман табабына сай оқулық құрастыру болып табылады. Бұрынғы оқулықтарда саясатқа баса көңіл бөлініп, ұлттық ерекшелігіміз, дәстүрлеріміз назардан тыс қалды. Ал бүгін жаңа бағдарлама бойынша жаңа әдіспен оқыту жолы көзделуде. Ол үшін оқулықтың мазмұнды да көркем, тартымды, бала ұғымына жеңіл, тәрбиелік мәні жоғары болуына баса көңіл аударуы қажет.
Бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне қарай оқулыққа жеңіл мәтіндерді енгізе отырып, тарихымыздан, дәстүріміз бен ұлттық мәдениетімізден хабар беретін материалдарды пайдаландық. Бұрынғы оқулықтағы деректер бүгінгі күннің талабына сәйкеспей, бала психологиясына кері әсер етері де анық. Сондықтан қазіргі оқулық мазмұны мүлдем жаңаша сипатта толықтыруға күш салды.
Оқулыққа халық ауыз әдебиетінен шешендік сөздерден, эпос, салт-дәстүрлері мен айтыстардан үзінділер берілді. Ана тілі оқулығы бүгінгі күн талабына сай әдебиетімізбен мәдениетіміздің бай мұралары жаңа оқулықтан көптеп орын алады.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың назары көркем шығарманың сөз туындысы екеніне аударылды. Көркем шығармада сан алуан құбылыстар сөз арқылы өріліп, сөз арқылы бейнеленеді.
”Өнер алды-қызыл тіл” дейтін халқымыз өз ұрпағын дүниеге шыр етіп келген күннен бастап құнарлы сөздің құндағына бөлеп, әсем әннің әуенімен әлдилеп өсіруді дәстүрге айналдырғаны белгілі. Талай ғасырлар бойы жасалған халықтың осындай асыл мұраларымен таныстырып, оның мөлдір бұлағынан сусындату мақсатымен оқулық алық ауыз әдебиеті үлгілерімен берілген шығармаларымен ашылып отыр. Ана тілі сабағында балаларды ”Сөз өнері” деген ғажайып әлемге саясаттары көркем сөздің шынайы үлгісі шешендік сөздерден басталады. Сондай-ақ оқулықта ана тілінің бүкіл асыл қасиеттерін бойына сіңірген. А.Құнанбаевтың, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтың т.б. көркем ақын-жазушылардың туындылары жинақталған.
Жалпы алғанда, ”Ана-тіілін” оқу барысында балалар өздеріндей кішкентай балалардың және үлкен адамдардың ерлік істерімен, еңбек, еңбек жолымен танысу арқылы қоғам игілігіне адал еңбек етуге, адамгершілікке, шыншылдыққа бірін-бірі және үлкендерді сыйлап, кішіпейіл, қайырымды болуға тәрбиелейді. Туған еліміздің көркем де сұлу табиғаты жайлы, елін, жерін құрметтеп өсуге тәрбиелейді. Сондай-ақ оқулықтағы материалдар қасиетті халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана дәстүрлерімізбен, елін, жерін қорғауда өмірлерін құрбан еткен ерлердің істерімен оқушыны таныстыру арқылы оның өз атамекенін сүю, аталар дәстүрін көздің қаратығындай сақтап жалғастыру, туған жерін қорғау сияқты қасиетті міндеттерге жүктеу мақсатын көздейді.
”Ана тілі - ой өсіреді, Ана сүті бой өсіреді” деп халық айтқандай, ел басынан кешірген тарихи кезеңдердің көркем шығармаларындағы бейнесі оқушының таным қабілеттерін арттырары сөзсіз”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет