Серуен
|
Тіл жаттығулары:
«Аударыспақ»
Мақсаты: -әр түрлі түстерді қайталап бекіту;
-сөздік қорын байыту;
-дыбыстарды дұрыс және анық айтып бекіту;
-балаларды : «Қандай?», «Не істейді?» т.б. сұрақтарға толық, сөйлеммен жауап
беруді үйрету;
-заттардың түрін, түсін, дәмін, пішінін дұрыс айтып қайталау;
-дыбыстың сөздегі орынын тауып айту;
-балаларға сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрастырып айтып үйрету;
-балалардың еске сақтау, есту, ойлау қабілеттерін және зейіндерін дамыту;
-қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
|
|
Ойын:«Жапалақ»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
Шарты: «Жапалақ» сайланады, ол барлық ойнаушылардан алысқа тұрады. Өзінің «ұясына». Басқа ойнаушылар жан-жаққа тарап кетеді. «Жапалақ»: «Күн туды, барлығымыз оянамыз!» дейді, сол сәтте барлығы жүгіріп, қимылдайды. «Жапалақ»: «Түн болды, барлығын қимылдамандар, жапалақ ұшады!» дегенде барлық ойнаушы балалар тыныш тұрып, кимылдамаулары керек. «Жапалақ» балалардың арасында жүріп, қимылдаған бір-екі баланы өз ұясына әкетеді. Бір бала қалғанша ойын жалғасады.
|