Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері


Сыныптан тыс жұмыстардың принциптері



бет16/26
Дата01.10.2022
өлшемі71.73 Kb.
#461748
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Саба конспектілері Д ріс-1 Бастауыш сыныптарда к ркем е бекті о (1)

Сыныптан тыс жұмыстардың принциптері

Еріктілік принципі

Оқушылармен жүргізілтен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігін анықтайтын жалпы принцип бұл – оқушылардың өз еркімен жұмыс түрін таңдауы. Мұнда оқушы өз ықыласы мен тәрбие жұмысын таңдайды

Қоғамдық бағыттылық принципі

Қоғамға пайдалы, керекті іспен шұғылдану

Инициативтік, өзәрекеттілік приниці

Мұнда кез-келген іс оқушының инициативасымен туғандай болуы керек.

Белсенді, ізденушілік принципі

Белгілі бір тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп материалдарды іздеу.

Жаппай, бұқаралық принципі

Сыныптан тыс жұмыстардың белгілі бі түрлеріне барлық оқушыларды қамту

Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру принципі

Кез-келген тәрбие жұмысының мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін таңдауда оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері ескеріледі.

Жүйелілік, бірізділік, өзара әрекеттестік принципі

Оқушылармен жүргізілетін сынпытан тыс жұмыстардың барлық түрлерін іс асырудың маңызды шарты жүйелілік, бірізділік, өзара әрекеттестік принципін қамтамасыз ету.

Көркем еңбекті бойынша сыныптан тыс жұмыстардың табысты болуы оны дұрыс ұйымдастыруында және белгіленген уақыт пен сабақ кестесін сақтауында. Кез-келген көркем еңбекті бойынша сыныптан тыс жұмыс тек ғана еңбек тәрбиесін ғана емес, сонымен қоса, барлық тәрбие мақсаттарын шешуді көздеу керек.


Сыныптан тыс жұмыстардың басқа формалары оқушылардың белсенділіктерін талап етеді. Ондай формаларға үйірмелерді, олимпиадаларды, конкурстарды, пікір-таластарды, тақырыптық кештерді, мектеп мұражайларын, журнал-газеттерді жатқызамыз.
Топсаяхат көркем еңбекті сабақтарының материалдарын оқып үйренуге байланысты құбылыстар мен объектілерді тікелей түйсініп қабылдағандары мен бақылығындарын жинақтау мақсатымен өткізеді. Топсаяхат бағдарлама тақырыбы бойынша істелетін жұмыстың бастамасы болуы мүмкін. Оның мақсаты – оқушыларды оқып үйретілетін тақырыпқа қызықтыру, тақырып бойынша істелетін келесі жұмыс үшін қажетті материал жинақтауға көмектесу.
Мұражай жұмысы әртүрлі. Ол үнемі эскпозицияларды толықтырып отыруды қажет етеді. Сондай-ақ, жеке тақырыптық көрмелерді ұймдастыруды, мұражайға материалдарды жинау мақсатында басқа тұлғалармен қарым-қатынаста болуды талап етеді.
Сонымен қоса сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір ерекше кең тараған формасы – ол мектеп, сынып газеттері. Онда сыныптан тыс жұмыстардың жетістіктері, сынып немесе мектеп өмірі көрсетіледі. Мектеп қабырға газеттері – бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуының маңызды құралы болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын сыныптан және мектептен тыс жұмстарда көркем еңбекті төмендегі ұстанымдарды ескеру керек:

  • сыныптан және мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды тек қана ерікті түрде қатыстыру іске асырылады;

  • жүргізілетін жұмысты қай түрі болмасын , оның қоғамдық бағыты болуы керек;

  • сыныптан және мектептен тыс жүргзілетін жұмыс түрін белгілеуде, әрбір оқушының өзіндік көзқарасына, ұсынысына сүйену керек;

  • ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардың ізденушлгне, белсенді қатысына бағытталатындай болуы керек;

  • жұмыс нәтижелі шығу үлшін, оның белгілі бір жоспары, мерзімі, графигі болуы керек;

  • еңбек тәрбиесі мен көркем еңбекті кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы тиіс;

Көркем еңбекті бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру – аса күрделі мәселе. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары белгілі бір нақтылы тәрбиелік мақсатты көздеп, оқушылардың рухани мүдделерін қарқынды байытуға қызмет атқаруы тиіс. Сондықтан жоғарыда аталған талаптарды практикалық әрекетте жүзеге асыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда белгіі бір жүйеліліктің болуын қажет етеді. Ол жеке дара немесе көпшілік жұмыстарында қолданылуы мүмкін.
Сыныптан тыс көркем еңбекті жұмыстарының маңызды міндеттері оқушылардың танымдық белсенділігі мен шағырмашылық қабілеттерін, көркем еңбекті е ынтасын қалыптастыру. Көркем еңбекті бойынша білімдері мен іскерліктерін кеңейту мен тереңдету. Дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырып, әсемдікті, көркемдікті сезіне білу қабілеттерін дарыту. Сондай-ақ, сыныптан тыс жұмыстар қоғамдық пайдалы қызметтерін қамтамасыз ететін білім іскерлік және машықтарын қалыптастыру болып табылады. Сонымен көркем еңбектіға бейімі бар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу. Бұл маңызды істе бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттерді оқуы, ізденгіштік және зерттеушілік іскерліктерін шыңдауға зор мән береді.
Бастауыш сынып оқушыларының көркем еңбекті бойынша теориялық білімдері және практикалық іскерліктері мен машықтарын тереңдету мен кеңейту, олардың пәнге деген қызығушылығы мен көркемдік шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет