Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері



бет18/26
Дата01.10.2022
өлшемі71.73 Kb.
#461748
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Саба конспектілері Д ріс-1 Бастауыш сыныптарда к ркем е бекті о (1)

Дәріс-12
Тақырыбы: Көркем еңбекті сабағында оқушылардың білімін тексеру және оған қойылатын талаптар
Мақсаты: Студенттерге оқушы білімін бақылап, тексеруге үйрету
Жоспар:
1. Білімді тексерудің тарихы
2. Бiлiмдi бақылау жəне бағалаудың түрлерi,
əдiстерi мен формалары
3. Қазiргi кездегi оқыту жүйесiндегi бiлiмдi тексеру, бақылау жəне бағалаудың жаңа әдістемесі
Оқыту процесiнде оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларын есепке алу, бақылау жəне бағалау оның аса қажет құрамдас бөлiгi болып есептеледi. Мұғалiмнiң сабақтар жүйесiнде оны дұрыс ұйымдастыра бiлуi, көптеген жағдайда оқу-тəрбие процесiнiң табысты болуының оң кепiлi.
Ол үшiн, мұғалiм оқушының оқу материалын меңгеру дəрежесiн, сапасы мен көлемiн үнемi анықтап отыруы тиiс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесiнде бiлiм, бiлiк, дағдыларын есепке алу, бақылау жəне бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегiмен теориялық бiлiмдi меңгерудегi сапа, бiлiктiлiк пен дағдының қалыптасу дəрежесi анықталады.
Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге талдау жасау негiзiнде бұл мəселенiң қалыптасуы мен даму динамика-сын бiрнеше кезеңге бөлуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, бiлiмдi жəне емтиханды бағалауды оқыту процесi жүйесiнде қарастырмайды, соның нəтижесiнде оқушының үлгерiм сапасына мұғалiмнiң бақылау жасау орнына ''бригадалық-лабораториялық'' əдiс жүйесiне негiзделген ''өздiгiнен бақылаудың'' түрлерi кең көлемде тартылды. Ол бiр жағдайда үлгерiм нəтижесiн бақылауда иесiздiк, жауап- кершiлсiздiкке əкелсе, екiншi жағдайда, оқу сапасының төмендеуiне керi ықпалын тигiздi.
30 жылдары бiлiм, бiлiк пен дағды нəтижесiн есепке алуды бақылау (Е. В. Гурьянов) жəне тəрбиелiк қызметiне (П. Г. Ананьев) көптеп көңiл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мəселе төңiрегiнде отандық ғылым мен практика тəжрибесiн жинақтау жұмыстары қолға алынды. Онда бiлiмдi бақылау (Е. И. Перовский), оқушыларды бақылау ретiнде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: əрi оқыту, əрi тəрбиелеудi көздесе, кейiннен оның дамыту қызметi ойластырылды (Н. Т. Дайри). Осы мəселенi дұрыс шешудегi оң қадам 70 жылдары Педагогика ғылымы Академиясының оқыту мазмұны мен əдiстерi ғылыми зерттеу институты қызметкерлерiнiң зерттеулерi негiзiнде бастама алды. Мұнда оқу-тəрбие процесiнiң барлық буындарын басқару жəне тексерудiң диагностикалық қызметi айқындалды.
80 жылдардан бастап оқыту нəтижесiн есепке алу, бақылау жəне бағалаудың мазмұны, амал-тəсiлдерi мен қызметiнiң дидактикалық-əдiстемелiк негiздерiн талдап, жасау қолға алынды.
Оның əдiлдiгiн, дəлдiгiн көтеруге бағытталған u1084 мəселелер, үлгерiм нəтижесiн есепке алуды қатаң жəне тəртiпке келтiру жүйесiне арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар күнi бүгiн де өз жалғасын табуда.
Дегенменде, бүгiнгi таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мəнi, тəсiлдерi жайлы əлi де болса ортақ пiкiр қалыптаспай отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет