Жоспарланған уақыт
|
40минут
|
Алдыңғы оқу
|
Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары туралы түсініктері бар, практикада қолдана алады. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсінеді және анықтай алады.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сапқа тұрғызу. Кезекші ақпарын қабылдау. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін, спорт киімдерін тексеру. 1 минут.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, жағымды ахуал тудырамын 1 минут:
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Ке-ре-мет!
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Та-ма-ша!
- Сабаққа ынталарың қалай?
- Ға-жап!
- Ендеше сабағымызды бастайық.
- О-о-о
(К) Қазақ халқының ұлттық, тұрмысын сипаттайтын қозғалыс және спорт ойындары мен сайыстары туралы, оның ішінде «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы түсіндіру.
2 минут.
- Оқушыларды «Ақ серек, көк серек» ойыны арқылы жұпқа бөлу. 4 минут.
(Б) Бірінші команда:
Ақ серек – көк серек,
Тауып алдым бәйтерек.
Жалындаған күн керек,
Жалпы достан кім керек?
Екінші команда жауап береді:
Ең батылда қаһарлы,
Алатұғын қамалды.
Ерге мініп жау соққан,
Бүкпей жаудырған оқтан,
Сүтті айда ақсерек,
Бозша айда көксерек,
Дұшпан қуған ержүрек
Бізге сондай бала керек.
Бұзса олжа алады,
Бұзбаса тұтқын болады.
Шақырамыз сынаққа,
(оқушы есімі аталады) деген баланы. Осылайша әр бала өз қалауы бойынша жұп құрады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |