Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Сабақ мақсатына жетті. «5Т» ережесі бойынша топ ережесін орындады, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.
Сабақтың әр кезеңіне бақылау жасап, бір-бірін бағалауды жүзеге асырып отырды. Сұрақтарға неғұрлым нақты жауап беруге тырысты. «Полиглот» ойыны арқылы терминологиямен жұмыс жасап, тілдік дағдыларын арттырды.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткенді қайталап, жаңа сабаққа дайындықтарын нығайтты, байланыс жасады.
Қосымша ақпарат арқылы теориялық білімдерін толықтырды, пәнаралық байланыс жасалды.
«ББҮ/ Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесі бойынша «Тоғызқұмалақ» ойынының ережелері мен сипатын анықтап, жұптық жұмыс кезінде теория мен практиканы ұштастыра алды. Қабілетті оқушылар ойын барысында үйлесімді нұсқалар жасап, қарсыласын әлсіз жақтарына қарай ұтымды әрекет жасай білді.
Пайдалы кеңестер арқылы сабақ өнімділігі артты. Бағалау кезінде оқушылар сын тұрғысынан ойланып, талдау, жасады, «Бағалау кестесі», «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», смайликтер арқылы бағалау жүргізді. Уақыт тиімді пайдаланылды. Қайталауға үйге тапсырма берілді.
|