Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру



бет20/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Компакт-дискіден ОЖ-ні орнату.
Жүктеу компакт дискісін қолданып Windows XP ОЖ-сін орнатудың қадамдық нұсқаулары:

    1. Алдымен компьютер компакт-дискіден жүктелетін жасау керек. Бұл үшін BIOS көмегімен жүктеудің ретін өзгертеді. Ал BIOS-қа кіру үшін компьютердің жүкиелуі кезінде Delete пернесін басып тұрады. Экранға BIOS терезесі шығады. Сождан соң, мысалы BIOS-тың танымал нұсқасы Phoenix-AwardBIOS үшін, Advanced BIOS Features бөлімін ашып, First Boot Device параметрін таңдап, оның мәні етіп CD-ROM-ды қояды. Содан кейін Ғ10-ды басып, енгізілген өзгерістерді сақтауды бекітіп, программаны жабады. BIOS-тың басқа версияларында аталған әрекеттер басқаша жүруі мүмкін. Оны білу үшін системная платаның сипаттамасын қарап алу керек.

    2. Бұдан соң Windows XP-ді орнату компакт-дискісін CD-ROM-ға салып, компьютерді іске қосады. Жүктеу аталған компакт-дискіден жүретін болады. Қажетті файлдар көшіріледі де, экранда диалог терезесі пайда болады.

  1. ОЖ-ні орнатуды бастау үшін Enter басасыз

  2. Бұрынғы ОЖ-ні қалпына келтіру үшін R басасыз

  3. ОЖ-ні орнтау программасынан шығу үшін Ғ3 басасыз

Enter басып ары қарай жүреміз.

    1. Лицензиялық келісіммен танысып, онымен келісіп, орнатуды жалғастыру үшін Ғ8-ді басасыз.

    2. Келесі терезеде Windows XP-ді орнатуға болатын бөлімдер тізімі ашылады. Бұл маңызды кезең. Қажетті бөлімді таңдап, ары қарай жүру үшін Enter басасыз. Бұл кезеңде сонымен бірге бөлімдерді құруға немесе жоюға болады. (Бөлім құру – дискіні бөлу). Бөлінбеген облыста Windows XP-ді орнату үшін, ол облыста бір немесе бірнеше бөлім құруға болады. Бөлім құру үшін бөлінбеген облысты белгіліп, С пернесін басасыз. Бөлімнің өлшемін енгізіп, Enter басады. Қайтадан бөлімдер тізімі терезесіне келесіз. Сонымен бірге керек емесе бөлімдерді жоюға болады. Кейін олардың орнына жаңа бөлім құра аласыз. Бөлімдерді жойғанда өте мұқият болу керек.

    3. Бөлімді таңдаған соң, ол бөлім үшін файлдық жүйені көрсету керек. Бөлімді форматтаудың кез келген нұсқасы ондағы деректердің жойылуына алып келеді. Сонымен бірге ҒАТ файлдық жүйесі бар бөлімді, ондағы барлық деректерді сақтап, NTFS файлдық жүйесіне ауыстыруға болады.

    4. Егер таңдаған бөлімде бұрын орнатылған Windows көшірмесі табылса, орнату программасы Windows XP-дің файлдарын орналастыратын папка таңдауды ұсынады. Бұрынғы папканы таңдасаңыз (бұл С:\ Windows ) орнату программасы бұрынғы ОЖ-нің файлдарын жойып, оларды жаңа файлдармен алмастырады.

    5. Қажетіне қарай орнату программасы бөлімді форматтап, файлдық жүйені түрлендіреді. Содан соң компакт-дискіден файлдарды көшіру басталады. Бұл кезең компьютердің автоматты түрде қайта жүктелуімен аяқталады.

Үйге тапсырма лекцияны оқу.


Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.

10 сынып – 18.10 Сабақ №7


Тақырыбы: ОЖ-ні орнату және баптау.

Сабақ мақсаты: а) ОЖ-ні орнатуды үйрету.


Б) ОЖ-ні ортната алу дағдыларын қалыптастыру.


В) Компьютермен еркін жұмыс жасауға, қиыншылықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.


Сабақ көрнекілігі: Windows XP ОЖ-нің орнату компакт-дискісі


Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Алдыңғы сабақтағы лекцияны жалғастырамыз.

    1. Қайта жүктелген кезде сіз компьютерді қатқыл дискіден жүктелуін қамтамасыз етуіңіз керек. Бұл үшін BIOS-тың сәйкес баптауын өзгертуге болады. Немесе оның мынадай оңай жолы бар. Компьютер жүктелуі кезінде компакт-дискіні алып қояды. Сол кезде CD-ROM-да ешқандай диск болмаған соң жүктеу автоматты түрде қатқыл дискіден жүреді. Кейін компьютер қосылған соң, орнату программасы орнату компакт-дискісін қайта қоюды сұрайды. Сол кезде дискіні CD-ROM-ға орнластырасыз.

    2. Орнатудың келесі қадамдары Windows 95/98/Ме ОЖ-лерін орнатып көрген қолданушыларға таныс болып келеді. Мұнда экрандағы жарнамалық хабарларды оқып, мауспен ОК немесе Далее батырмаларын шертіп отырасыз.

    3. Келесі экранда қолданушы атын, мекеме атауын өнім кілтін енгізіп, уақыт пен датаны баптау керек. Егер сіз Windows XP Professional ОЖ-сін орнатсаңыз, компьютер аты мен администратор паролін енгізуді сұрайды. Ал Windows XP Edition ОЖ-де пароль енгізу сұралмайды.

    4. Келесі кезең – желіні орнату мен баптау. Программа желілік құрылғыларды тексеріп, желілік қызметті баптауды ұсынады. Бұл кезде программа ұсынған стандартты параметрлерді өзгеріссіз қалдырып, дәл баптауды соңынан жасаған дұрыс. Егер компьютерде желілік құрылғылар орнатылмаған болса, мұндай диалог терезелері шығарылмайды.

    5. Қажетті деректер енгізіліп болған соң орнату автоматты түрде жалғасады. Ары қарай тек бақылап қана отырасыз. Соңынан компьютер автоматты түрде қайта жүктеледі.

    6. Windows XP бірінші рет жүктелгенде, сізге мынадай бірнеше қарапайым сұрақтарға жауап беру керек:

    1. Интернетке қосылу болса, орнатылған Windows-тің көшірмесін активация жасауды ұсынады. Дұрысы мұны кейінге қалдыру, алдымен барлық орнатылған құрылғылардың жұмысын тексеріп алу керек.

    2. Windows өз анықтауы бойынша экранның дәл мүкіндігін орнатады. Сізге мұнымен келісіп, ОК-ді шертуге тура келеді.

    3. Компьютерді қолданушылардың аттарын енгізуді ұсынады. Өрістің бәрін толытыру міндетті емес.

    1. Ары қарай Windows XP-дің жаңалығы – алғашқы сәлемдесу экраны ашылады. Бұл қолданушылардың жүйеге енуі үшін қолданылады. Қолданушыны таңдаңыз, экранда Жұмыс столы мен Есептер тақтасы пайда болады. Жүйе жүтелген бойда есептер тақтасында Windows XP-мен танысу белгісі активті болады. Танысу программасын ашу үшін, көрінген хабарды шертіңіз, бұдан шыққан соң ол хабар енді пайда болмайды.

ОЖ осылайша орнатылады. Бұдан кейін қолданушыға қосымша (аудио драйверлер, видео кодектер, Office программалыр, антивирустар, қосымша құрылғалардың драйверлері т.с.с. ) программаларды қою керек.


Үйге тапсырма лекцияны оқу.


Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.

Топ :













Күні:













Тақырыбы: ОЖ-ні орнату және баптау.

Сабақ мақсаты: а) ОЖ-ні орнатуды үйрету.


Б) ОЖ-ні ортната алу дағдыларын қалыптастыру.


В) Компьютермен еркін жұмыс жасауға, қиыншылықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.


Сабақ көрнекілігі: Windows XP ОЖ-нің орнату компакт-дискісі


Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы ОЖ-ні орнату және баптау.

Біз бүгінгі сабақта ОЖ Windows XP-ді орнатуды компьютерде демонстрациялаймыз.


ОЖ орнату ұзақ уақыт алатын болғандықтан біздің бір сабағымыз ОЖ-ні орнтауды компьютерде көрсету мен орнату кезінде пайда болатын сұрақтарға жауап берумен өтеді.
Оқушылардың сұрақтарына толық жауап беріп, олармен әңгіме жүргізіп, пікірталас ұйымдастырамын.

Үйге тапсырма лекцияны оқу.


Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.



Топ :













Күні:













Тақырыбы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет