Файлдарды баспаға беру. Кейбір программалардан баспаға беру.
Windows жүйесінде кез келген уақытта кез келген файлды баспаға беруге болады. Проводникті іске қосып қажетті файлды таңдап, маустың оң жағын шертіп Печать пунктін таңдайсыз. Сонымен бірге Проводник терезесі қасында Принтеры терезесін ашып қойып, баспаға беретін файлды қажет принтер белгісіне тасымалдап апарамыз. Тасымалданған файл баспаға шығады.
Сонымен бірге көптеген программаларда құралдар тақтасындағы принтер суреті бейнеленген батырманы шертсе ашулы тұрған файл баспа жіберіледі.
Немесе файлды ашып қойып, Файл-Печать командасын орындайды.
Бұл жағдайда Печать диалог терезесі пайда болады.
Бұл терезеде принтер түрін таңдауға болады.
Принтердің баптауын өзгертуге болады. Баспаға берілетін бетердің ауқымын көрсетуге болады.
Баспаға шығатын көшірмелер санын көрсетуге олады.
Бір ескерте кететін нәрсе бұл терезенің параметрлері әртүрлі программада әртүрлі болады. Бірақ негізгілері осы аталғандар болып табылады.
Қажет параметрлерді берген соң ОК батырмасын шертесіз.
Windows ХР жүйесінде Мои документы папкасындағы Мои рисунки суреттер папкасынан баспаға беру өзгеше жүреді.
Мұнда сурет баспаға берілсе кескіндерді баспаға беру мастері көмегімен іске асырылады. Бірінші ашылған терезеде жұмысты бастау үшін Далее батырмасын шертіңіз. Баспаға берілетін кескіндердің жанына белгі қою арқылы, кескін таңдалады. Баспаға беретін кескіндерді таңдаған соң Далее шертесіз. Келесі терезеде принтер таңдалады да, Далее батырмасын шертіледі. Келесі терезеде кескіндердің бетте орналасу макетін таңдайсыз. Әрі әр кескінді қаншадан таңдау керектігін анықтайсыз. Далее батырмасын шертесіз. Соңғы терезе пайда болады. Мұнда Готово батырмасын шертесіз. Содан соң таңдалған кескіндер баспаға шығады.
Аталған әдіс-тәсілдер компьютерде демонстрацияланады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Тақырыбы: Windows-та баспаға беру.
Сабақ мақсаты: а) Windows-та баспаға беру тәсілдерін үйрету.
Б) Компьютерге принтер жалғау, принтерді баптау жолын үйрету.
В) Компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Компьютер, ОЖ
Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, көрсете отырып түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақта біз тест жаздық сондықтан үй тапсырмасын қайталамаймыз.
Жаңа сабақ Windows-та баспаға беру.
Достарыңызбен бөлісу: |