Принтерді орнату және баптау.
Жүйеге қосылған принтерлердің жағдайын Принтеры папкасын ашып қарауға болады. Ол үшін Пуск-Настройка-Принтеры и факсы командасын орындайды. Бұл терезеде жүйеде орнатылған принтерлердің тізімі н көруге болады. Windows жүйесінде бірнеше принтер қосуға болатындықтан, мұнда бірнеше белгі болуы мүмкін. Яғни барлық принтерлер көрінеді. Егер қолданылатын принтердің белгісі болса, онда артық ешнәрсе жасап керегі жоқ. Баспаға бере беруге болады. Ал қажет принтердің белгісі жоқ болса, принтерді орнату керек.
Біз қазір принтерді компьютерге тікелей жалғауды қарастырамыз. Бұл жұмысты оңайлату үшін принтерді орнату мастерін қолдануға болады. Алдымен Установка принтера командасын орындаймыз.Мастер жұмысты бастап, оның алғашқы диалог терезесі пайда болады. Мұнда жұмыстың қадам бойынша жүретіндігі түсіндіріледі. Егер принтер USB порт арқылы жалғанатын болса, мастер көмегі қажет емес екендігі, әйтпесе Далее батырмасын шерту керектігі айтылады.
Далее шертіп, келесі қадамға өтесіз. Мұнда принтер компьютерге тікелей немесе жергілікті желі арқылы қосылатынын анықтайды. Локальный принтер, подключенный к этому компьютеру таңдап, Далее батырмасын шертесіз. Келесі терезе ашылады. Бұл терезеде принтер жалғанған портты көрсетесіз. Далее басасыз. Келесі терезеде принтер моделін таңдау керек. Егер принтердің дискісі болса, Установить с диска батырмасын басасыз. Экранда принтердің драйверінің орналасқан жерін таңдау терезесі шығады. Обзор батырмасы арқылы драйвер адресін көрсетесіз. Содан соң мастер терезесіне қайта келесіз. Принтерді таңдаған соң Далее шертіңіз. Принтердің атын көрсетуді сұрайды. Ат ретінде кез келген атауды алуға болады, бірақ дұрысы жүйенің меншіктеген атын өзгерпей қабылдау. Егер компьютерге бірнеше принтер жалғанған болса, оны барлық программа үнсіз келісім бойынша қолданылатын принтерге баспаға береді. Яғни орнатып отырған принтерді осындай, үнсіз келісім бойынша қолдануға болатынын болмайтынын көрсетесіз. Егер келіссеңіз Да, әйтпесе Нет таңдап Далее батырмасын шертесіз. Келесі терзеде бұл принтерді ортақ пайдалануға рұқсат беруді сұрайды. Қажет жауапты беріп, Далее батырмасын шертесіз. Келесі терезеде Байқау бетін басуды сұрайды. Бұл бетті басуу арқылы принтердің жағдайын көруге болады. Сонымен бірге принтердің әртүрлі техникалық информациялары баысылып шығады. Яғни принтер дұрыс орнатылған болса, байқау беті анық, түсінікті басылып шығады. Керісінше жағдайда принтерді орнатуды қайта бастау керек. Далее батырмасын шерткен соң мастердің соңғы диалог терезесі шығады. Мұнда принтердің мәліметі мен баптауы көрінеді. Готово батырмасын шерткен соң Принтеры терезесіне жаңа орнатылған принтер белгісі қосылады. Бұдан соң принтердің баптауын өзгерту үшін, принтер белгісінде маустың оң жағын шертіп, шыққан менюден Свойства пунктін таңдап қажет өзгертулерді енгізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |