Практикалық жұмыс
Мәтіндік құжатты пішімдеу.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, сондай –ақ пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.
Пішімдеу әрекеттерін мәтінмен, оның бөлімдерімен де, яғни символмен де, сөзбен де, жолмен де, абзацпен де, бөліммен де, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Мәтінді белгілеудің бірнеше тәсілдері бар.
Бір ғана сөзді белгілеу үшін оны екі рет шертіңдер. Бірнеше сөзді белгілеу үшін оны екінші шерткеннен ейін маустың батырмасын жібермей, оның нұсқағышын сөздерді бойлай жылжытыңдар.
Бүкіл жолды белгілеу үшін маус нұсқағышын жолдың басынка жылжытыңдар да бер рет шертіңдер.(маус нұсқағышы бағдарша түрін қабылдауы керек)
Сөйлемді белгілеу үшін пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез-келген жерінде маусты бір рет шертіңдер.
Абзацты белгілеу үшін оны үш рет шертіңдер.
Бүкіл құжатты белгілеу үшін пернелер комбинациясын басыңдар немесе Правка-Выделить все командасын орындаңдар.
Құжаттың үлкен бір бөлігін белгілеу үшін белгіленетін бөліктің басына бір рет шертіңдер де, пернесін басып тұрып, белгіленетін соңына ауысыңдар да, маусты тағы бір шертіңдер.
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Тақырыбы: Word мәтіндік процессоры. Word-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру. Фигуралық мәтін енгізу.
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға WORD-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Графикалық бейне, мәтін кірістіруді үйрету.
Б) Мәтіндік құжаттарын графиктік бейнелер мен мәтіндермен безендіре білу дағдылларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Мысал арқылы түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге практикалық жұмыс орындау.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен тоқсанда біз Word мәтіндік процессорын бастадық. Бүгін сабақты әрі қарай жалғастырамыз.
Жаңа сабақ: Word мәтіндік процессоры. Word-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру. Фигуралық мәтін енгізу.
Енді біз бүгінгі сабақта WORD-тың графикалық мүмкіндіктерін өтеміз. Мәтіндік прцессорда тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кіпрістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолын айтайық.
Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |