Қатардың және бағанның қосындысын табу.
Excel-де қатардың және бағанның қосындысын табу үшін тандартты құралдар тақтасындағы Автосумма батырмасын қолдануға болады.
Алдымен қосындысы есептелетін ұяшықтар белігеленеді. Қосындының мәні үшін бір бос ұяшықты қосып белгілеуге болады. Содан соң Автосумма батырмасын шертеді. Excel қосындыны есептеп, (бос ұяшық белгіленбесе де) нәтижені бос ұяшыққа жазады. Егер қосындының мәніне дейін бір бос ұяшық болу керек болса, ұяшықтарды белгілегенде екі бос ұяшықты қосып белгілеуге болады. Excel қосындыны ең соңғы ұяшыққа жазады. Егер бірнеше қатар мен бағанның қосындысын есептеу керек болса, онда қосымша бір баған мен бір қатарды бос белігелеп алу керек. Қосындының мәні диапазонның соңғы төменгі оң жақ шеткі ұяшыққа жазылады.
Автосумманың бірнеше қатар мен бағанды қосуға қолдану.
Формуланы түзету.
Формуланы әдетте қате құрылған болса, немесе жаңа деректер енгізілген кезде түзетеді. Түзету кезінде ескінің орнына жаңа формула жазуға болады немесе бұрянғы формулаға түзету енгізуге болады.
Формула жазылған ұяшықтың үстінде екі ре шерткен кеде, формуладағы әрбір адрес бір түспен белігеленеді. Сонымен бірге осы адреске сәйкес ұяшықтар да сол түспен ерекешеленеді.Б ұл диапазон маркері деп аталады. Бұл бізге формуладағы қолданылып тұрған деректерді анық көруге мүмкіндік береді.
Диапазон маркері формулада қолданылып тұрған ұяшықтардың аумағын өзгертуге қолданылады. Оны маус арқылы жылжытуға болады. Егер оның ауқымын кішірейту немесе үлкейту керек болса, диапазон маркерінің толтыру маркерін қолдануға болады. Бұл кезде маус көрсеткіші өзгереді. Формула өзгертіліп болған соң пернетақтадан Enter пернесіне басады немесе формула қатарындағы Ввод батырмасын шертеді.
Біріктіру және қиылысу.
Біріктіру мен қиылысу – ұяшықтар ауқымының ерекше түрлері. Біріктіру әртүрлі бірнеше ұяшықтар ауқымының барлық ұяшықтарын қамтиды. Мысалы С2:С8 және С20:С28 ұяшықтар ауқымының барлық сандарын қосу керек болса, онда ұяшықтар ауқымы мына түрде жазылады: (С2:С8;С20:С28). Біріктіру белгісі (;) нүктелі үтірді қолдану арқылы екі диапазондағы барлық ұяшықтарды біріктіреді.
Ал қиылысу ұғымы екі диапазонға ортақ ұяшықтарды анықтайды. Қиылысуды белгілеу үшін нүктелі үтірдің орнына бос орын символы қолданылады. (С2:С10 А10:J20) қиылысуы оларға ортақ тек бір ғана С10 ұяшығын қамтиды.
Бекіту сұрақтары:
Сандармен орындалатын амалдарды ата.
Формула енгізу ережесі қандай?
Формуладағы операциялардың орындалу реті қандай?
Ұяшықтағы формуланы қалай көшіруге болады?
Автосумма функциясын қолдану реті қандай?
Ұяшықтарды біріктіру деген не?
Ұяшықтардың қиылысуы деген не?
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
Тақырыбы: Сандармен жұмыс.
Сабақ мақсаты: а) Сандармен жұмыс жасау, формула енгізу, оны толтыру жолдарын меңгерту.
Б) Оқушылардың кестелік есептулер жүргізу, формулаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, сабаққа қызығушылықтарын дамыту.
Сабақ көрнекілігі: Карточкалар
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақ әдісі: Лекция оқу
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапысрмалар
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақта Сандармен жұмыс. Тақырыбын бастадық. Үй тапсырмасы бойынша мынадай сұрақтар:
Сандармен орындалатын амалдарды ата.
Формула енгізу ережесі қандай?
Формуладағы операциялардың орындалу реті қандай?
Ұяшықтағы формуланы қалай көшіруге болады?
Автосумма функциясын қолдану реті қандай?
Ұяшықтарды біріктіру деген не?
Ұяшықтардың қиылысуы деген не?
Бүгін лекцияны әрі қарай жалғастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |