Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Негізгі меню программаларды іске қосу және онымен жұмысты аяқтау



бет7/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Негізгі меню программаларды іске қосу және онымен жұмысты аяқтау.
Экраннның төменгі жағындағы жолақ есептер тақтасы деп аталады. Оның сол жағында Пуск батырмасы орналасқан. Пуск батырмасы негізгі менюді іске қосады. Windows ХР-дің негізгі менюі басқа версияларға қарағанда өзгешелеу. Мұнда жиі қолданылатын программалардың атауы негізгі менюдің сол жақ бөлігіне кіргізіледі де, көп қолданылмайтындары шығарылып тасталады. Негізгі менюдегі кейбір командалардың жанында оң жаққа бағытталған үшбұрыш орналасқан. Ол сол меню командасының бағынышты меню командалары бар екенін көрсетеді.
ПРограмма атауы негізгі менюден таңдалып, маусты шерткенде программа іске қосылады. Яғни, экранға прорамма терезесчі пайда болады. Программамен жұмысты аяқтау үшін Файл –Выход немесе Alt+F4 пернелер комбинациясын немесе Закрыть батырмасын қолданады.


Терезе.
Программа іске қосылғанда оның терезесі ашылады. Терезе дегеніміз – жақтаулармен қоршалған экранның жұмыс аймағы. Терезені жылжытуға, өлшемін өзгертуге болады. Терезенің мынадай элементтері бар.

  1. Тақырып жолы. Онда программа атауы және терезені басқару батырмалары орналасады.

  2. Меню жолы. Бұл қатарда меню командалары орналасқан.

  3. Құралдар тақтасы. Жиі қолданылатын командаларға тез қатынасу батырмалары ораналасқан.

  4. Жұмыс аймағы. Терезенің ең үлкен аймағы. Мүнда терезенің обьектілері немесе жұмыс жасау ортасы болады.

  5. Қалып күй қатары.

Программа іске қосылған кезде есептер тақтасында прорамма белгісі орналасады. Егер бірнеше программа іске қосылып тұрса, жұмыс істеп отырған прорамманың белгісі ерекшеленіп тұрады. Қажетті терезеге ауысу үшін оның есептер тақтасындағы белгісінде шертуге болады.

Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:



  1. Жұмыс столы дегеніміз не?

  2. Есептер тақтасы дегеніміз не?

  3. Маустың қандай түрлері болады?

  4. Пернетақтаның пернелері қандай топтарға бөлінеді?

  5. Негізгі меню дегеніміз не?

  6. Терезе деп нені айтады?

  7. Терезенің қандай элементтері бар?

Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.


Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.



Топ :













Күні:













Тақырыбы:
Сабақ мақсаты: а)

Б)

В)

Сабақ көрнекілігі:


Сабақ түрі:
Сабақ әдісі:
Сабақ типі:
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге есептер шығару
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Программамен жұмыс және анықтамаларды қолдану.
Сабақ мақсаты: а) Операциялық жүйенің негізгі программлары мен олардың қолданылуын түсіндіру.

Б) Программалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, жұмыс жасаудың қолайлы әдіс-тәсілдерін меңгерту.


В) Операциялық жүйе туралы алғашқы мәліметтерді беру арқылы әрі қарай ізденіп оқуды қалыптастыру.


Сабақ көрнекілігі: Windows XP негізгі программалары


Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндіру
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы өткен тақырыптарды қайталап келу.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?

  3. Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?

  4. Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?

  5. Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?

  6. Windows 95 жүйесі туралы не айта аласың?

  7. Windows Ме қандай артықшылықтары болды?

  8. Windows ХР қай жылы жазылды?

  9. Windows ХР-дің қандай варианттары бар?

  10. Файл дегеніміз не?

  11. Файлдық жүйе дегеніміз не?

  12. Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?

  13. Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?

  14. Диск атауын қалай белгілейді?

  15. Windows папкасы қай дискіде орналасады?

  16. Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?

  17. Файлдың толық атауы нені білдіреді?

  18. Жұмыс столы дегеніміз не?

  19. Есептер тақтасы дегеніміз не?

  20. Маустың қандай түрлері болады?

  21. Пернетақтаның пернелері қандай топтарға бөлінеді?

  22. Негізгі меню дегеніміз не?

  23. Терезе деп нені айтады?

  24. Терезенің қандай элементтері бар?

Жаңа сабақ Программалармен жұмыс.
Компьютердегі негізгі жұмыс – ол әртүрлі программлармен жұмыс жасау болып табылады. Windows-пен жұмыс кезінде кейбір сұрақтарға жауапты анықтама жүйесінен табуға болады.
Қазір біз Windows-та программалармен қалай жұмыс жасайтынын қарастырамыз.
Windows-та текстпен жұмыс жасайтын бірнеше прораммлар бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы Блокнот программасы. Бұл Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін стандартты программасы. Пуск-Программы-Стандартные-Блокнот командасы Блокнотты іске қосады. Блокнот терезесінің ортаңғы ең үлкен аймағын оның текст енгізетін жұмыс аймағы алып жатыр.
Блокнот не үшін қолданылады:
1. Текстік құжаттармен жұмыс жасауды үйренуді бастағандар үшін Блокнот үйретуші ролін атқарады. Негізінде текстпен толық жұмыс жасау үшін Microsoft Word сияқты қуатты программалар қолданылады. Бірақ жаңадан үйренушілер үшін қарапайым тексттік редакторынан бастаған дұрыс. Себебі, мұнда қателсесетіндей артық батырмалар мен командалар жоқ.
2. Кез келген сала адамдары Блокнотты аздаған текстер мен ескертпелер жазып қоюға қолданады. Мысалы, программа құрушылар мұндай текстік құжаттарға қолданушыларға арналған әртүрлі түсініктемелер мен нұсқауларды жазады.
3. Жоғары білікті мамандар немесе жүйелік администраторлар Блокнотты әртүрлі командалық және конфигурациялық файлдарды қарау және өңдеу үшін қолданады. Бұлар BAT, CMD, INI типті кеңейтілуі бар файлдар болуы мүмкін. Бұл файлдармен қуатты редакторлерде жұмыс жасау ыңғайсыз.
4. Блокнот көмегімен HTML тілін қолданып, Web-құжаттарды құрып өңдеуге болады. , Web-құжаттармен жұмысты жеңілдететін арнайы программалар бар болғанымен де, бастапқы кезеңде HTML тілін үйрену үшін Блокнот қолайлы. Сонымен бірге көптеген прораммалау тілдерінде жазылған прорамма текстерін Блокнот көмегімен қарап шығуға және редакторлеуге болады.
WordPad - бұл Блокнотқа қарағанда мүмкіндігі кеңейтілген , бірақ кейбір қуатты программаларға қарағанда қарапайым текстік редактор.
WordPad-тың негізгі мүмкіндіктері:

  1. әртүрлі шрифтілерді қолдана алу мүмкіндігі;

  2. жақтаулар мен абзац туралауын қолдана алу мүмкіндігі;

  3. Басқа программаларда құрылған обьектіні, мысалы, суреттерді қоя алу мүмкіндігі;

  4. Көптеген текстік форматтарды тани алу мүмкіндігі;

Бірақ текстпен қазіргі таңдағы деңгейде жұмыстануға WordPad жарамайды. Оның мынадай кемшіліктері бар:

  1. Кесте құру мен редакторлеуде;

  2. Тізім, жақтау, түс қолдану, колонкалар немесе басқа обьектілермен жұмыста;

  3. Графикалық обьектілер құрып оны текстпен біріктіруде;

  4. Орфография мен грамматиканы тексеруде;

  5. Жұмысты жеңілдету мен автоматтандыруға арналған функцияларының жоқтығы:

Paint графикалық редакторы.
Үйренушілер сурет салуда Paint графикалық редакторында үйренуден бастайды. Қарапайымдылығына қарамастан Paint кейбір көптеген күрделі жұмыстарды атқара алады.
Windows XP – де Paint программасы басқа версияларға қарағанда қосымша мүмкіндіктермен толықтырылған. Соның ішінде, ол көптеген BMP, JPEG, TIF, GIF, PNG графикалық форматтарымен жұмыс жасай алады. Келесі артықшылығы бейнелерді сканерден немесе цифрлық фотоаппараттан алу мүмкіндігі.
Paint жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын, растрлық бейнелер редакторы. Растрлық суреттерден құрылған фигурада суреттің бөлігін жекелей бөліп алып редакторлеуге болмайды. Растрлықтан басқа векторлық бейнелер де бар. Мұнда әрбір фигурамен жеке жұмыстануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет