Экранның көшірмесін алу.
Экран бетіндегі бейнелердің кескіні алу үшін PrintScreen пернесі қолданылады. Ойын экранының бейнесін, мультимедиалық программалар мен фильмдердің бейнелерін де осы тәсілмен алуға болады. PrintScreen пернесі экранның бейнесін алмастыру буферіне алады. Ал Alt+ PrintScreen пернелер комбинациясы экрандағы активті терезенің бейнесін алмастыру буферіне алады. Содан кейін алмастыру буферіндегі бейнені графиктік редакторлерге немесе мәтіндік редакторлерге орналастыруға болады.
Windows Media ойнатқышы.
Windows Media ойнатқышы көп функциялы программа, ол компьютерде ойын-сауық орталығы бола алады. Ол көптеген аудио және видео форматтарды ойната алады, компакт дискілермен және басқа құрылғылармен жұмыс жасай алады және Интернеттің ресурстарын қолдана алады.
Программа басқаруға оңай және қазіргі кездегі бапталатын интерфейсті болып табылады. Microsoft компаниясы бұл программаны жеілдіруге көп көңіл бөліп, әрдайым жаңа версияларын шығарып келеді. Windows ХР-дің құрамына 2003 жылғы шыққан Windows Media 9 версиясы кіреді. Ал Windows Media 10 версиясы 2004 жылы шығарылып, ал 2005 жылы Windows Media 11 версиясы шықты.
Сонымен бұл программа операциялық жүйенің құрамында болады, немесе оның жаңа версияларын жекелей де орнатуға болады.
Windows Media ойнатқышымен жұмыс кезінде кездескен проблемаларды шешу.
Ойнатқыштың сыртқы түрі бапталған соң кейбір қолданушылар басқару элементтерінің кейбіреулерін табуда қиындыққа кездеседі. Мұндай жағдайларда мынадай кеңесттерді ұсынамыз:
1) Егер ойнатқыш обложка режимінде тұрса, толық режимге ауысу үшін Ctrl+1 пернелерін басады.
2) Видеоны толық экрандық режимде ойнату кезінен кәдімгі режимге ауысу үшін Alt+Enter пернелерін басады.
3) Кәдімгі режимде жасырулы тұрып, ойнатқыштың есептер тақтасы көрінбеуі мүмкін. Есептер тақтасын көрсету үшін Вид-Параметры полного режима-Скрыть панель задач командасын орындап, команда жанындағы белгіні алып тастау керек.
4) Ойнатқыш негізінен меню қатарынсыз көрінеді. Оны көру үшін маус көрсеткішін меню қатары орналасатын жерге апару керек.
Видео ойнату кезінде бейне көрінбеген жағдайда:
Видеофильмдер көбінесе DivX немесе MPEG4 сияқты әртүрлі сығу технологиясын қолданып жазылады. Мұндай жазбаларды ойнату үшін арнайы драйвер – кодек керек. Кодек сығылған видеофайлдарды ашуды жүзеге асырады. Өкінішке орай Windows ХР-де танымал видеожазба форматтары үшін кодектер жоқ. Сондықтан оларды қосымша орнату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |