Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру



бет10/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Центр справки и поддержки терезесі Windows XP операциялық жүйесін қолдану бойынша анықтамалық информацияларды алуға көмектеседі. Мұнда жүйенің барлық мүмкіндіктері туралы құжаттар, информация іздеудің қосалқы жүйесі, диагностика құралдары мен қателерді түзету тәсілдері бар. Сонымен бірге Microsoft компаниясының сайтынан информация алу мүмкіндігі бар.
Көптеген қолданушылар анықтамалық жүйені қолданбай, кездескен проблемаларды өздігінен шешіп немесе таныстарынан сұрап жауап іздейді. Анықтамалық жүйені қолдану көптеген сұрақтардың жауабын өздігінен табуға көмектеседі.
Анықтамалық жүйе сонымен бірге кәсіптік деңгейді де көтеруде жақсы көмекші құрал болып табылады.
Анықтамалық жүйені іске қосу үшін Пуск менюін ашып, Справка и поддержка командасын орындайды. Экранға анықтамалық жүйенің терезесі шығады.
Анықтама бөлімдерімен жұмыс.
Анықтамалық жүйенің бөлімдері сол жақтан таңдасаңыз, оның ішкі бөлімдері көрінеді. Қажетті ішкі бөлімді таңдау арқылы сіз бір тақырыпты көрсете аласыз, оның мәтіні оң жақта көрінеді. Анықтамалық жүйенің бөлімдері арқылы ауысу Web беттер принципімен жасалған. Анықтама алу кезінде келесі тәсілдерді қолдануға болады:

  1. Беттегі сілтемелер олармен байланысқан анықтамалық беттерге көшу үшін қолданылады.

  2. Алдыңғы қарап өткен бетке қайта оралу үшін НАЗАД батырмасын қолданыңыз.

  3. Центр справки и поддержки терезесінің негізгі бетіне ауысу үшін ҮЙ суреті салынған батырманы қолданыңыз.

  4. Қаралған беттердің барлық тізімін көру үшін Журнал батырмасын қолданыңыз.

Анықтамалық жүйеден информация іздеу.
Егер сіз қажетті информацияны қай бөлімнен іздеу керек екенін білмесеңіз іздеу құралын пайдаланыңыз. Іздеудің түйінді сөзін енгізіп іздеу батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде бірнеше критерийлері бойынша біріктірілген сілтемелер тізімін аласыз.
Іздеудің тағы бір тәсілі көрсеткіштерді қолдану. Указатель батырмасын шертіп, іздеудің түйінді сөзін енгізіңіз. Негізінде бірінші әріпті терсе жарайды, сол бойынша енгізілген әріпке басталатын тақырыптар тізімі шығады. Ішінен қажетін таңдауға болады.
Бекіту сұрақтары:

  1. Анықтамалық жүйе не үшін қажет?

  2. Анықтамалық жүйені қалай қолдануға болады?

  3. Анықтамалық жүйеден информацияны қалай іздеуге болады?

Үйге тапсырма лекцияны оқып келу, компьютерде жасап жаттығу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар

Топ :













Күні:













Тақырыбы: Дискі мен папкаларды қарау. Файлдармен жұмыс.
Сабақ мақсаты: а) Дискілер мен папкаларды қараудың тиімді тәсілдерін меңгерту. Проводник программасымен таныстыру.

Б) Проводник программасын қолдануды үйрету. Папка мен файлдармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін меңгерту.


В) Компьютерде жұмыс жасаудың тиімді, қолайлы тәсілдерін іздеп, қолдана білуге тәрбиелеу.


Сабақ көрнекілігі:


Сабақ түрі: Лекция
Сабақ әдісі: Лекция оқу, түсіндірмелі баяндау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Анықтамалық жүйені қолдану.
Сұрақтар:

  1. Анықтамалық жүйе не үшін қажет?

  2. Анықтамалық жүйені қалай қолдануға болады?

  3. Анықтамалық жүйеден информацияны қалай іздеуге болады?

Жаңа сабақ Дискі мен папкаларды қарау. Файлдармен жұмыс.
Папкалар мен файлдар дискіде өте күрделі иерархиялық құрылым түрінде орналасады. Мұндай кезде дискі мен папкаларды қарап шығу үшін Проводник программасын қолданған ыңғайлы.
Проводник арқылы қарағанда компьютер мазмұны иерархиялық терек түрінде көрінеді.
Проводник Windows-тың стандартты программаларының бірі. Іске қосу үшін Пуск-Программы-Стандартные-Проводник командасын орындайды.
Бұдан басқа Проводникті іске қосудың қысқа жолы бар. Ол үшін Windows ХР-де кез келген папканы ашып, терезенің жоғарғы жағындағы Папки батырмасын шертеді. Терезенің сол жағында дискілер мен папкалар, оң жағында таңдалған папканың ішкі мазмұны көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет