Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Басталуы 5 минут
|
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.Топқа бөлу.
2.Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқылым мәтіні бойынша топқа сұрақтар таратылады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
|
Оқулық, дәптер, қалам
|
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтудің мақсаты қандай?
2. Қоршаған ортаны не себепті қорғау керек?
2. Бірыңғай мүшелерді қатыстырып, өздерің де қоршаған ортадағы жеті қазына туралы мысалдар жазыңдар.
Үлгі: Қазақтар ұл-қыздарына Күнтуар, Күнімжан, Күнсұлу, Күнайым деген есімдерді қояды (бірыңғай анықтауыштар).
|
Сұрақ-жауап
|
Сабақтың ортасы.
20 минут
|
Қолдану. Төмендегі мәтіннен стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз орамдарын табыңдар. Стильдік түзетулер жасап, қайтадан көшіріп жазыңдар.
Қаламыздың көркі - қорықтар. Шынында да, қайда көз жүгіртсек те, айнала толы қоқысқа. Көшелеріміздің көркіне қарасаң, еріксіз жас келеді көзіңе. Қаламыздың осындай күйге түсуіне кімдер кінәлі?
Қала тұрғындарына осы қоқыстар үйреншікті. Өмірімізге сіңіп бара жатқан секілді. Жас жеткіншектердің ой-өрісі сол бағытта дамып баратқаны жанға батады. Ертеңгі ұрпақтардың сау болып өсуіне күресуіміз керек. Жас ұрпақтың болашағын ойлайық!
Дескриптор:
-мәтін мазмұнын түсінеді;
-негізгі ойды анықтайды;
-тыңдалым мазмұнын түсінеді.
|
А4 парағына жазылған сөздер
|
|